Сабақ тақырыбы Жер ғаламшарының пайда болуы Жердің құрылысы мен құрамы



бет1/2
Дата20.10.2023
өлшемі45,2 Kb.
#186899
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
0003e63f-e95ac144



Бөлім:
2. Ғалам. Жер. Адам

Мұғалімнің аты-жөні: Орынбасарова Динара Ақжолқызы

Күні:




Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жер ғаламшарының пайда болуы Жердің құрылысы мен құрамы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.2.1 Жер ғаламшарының пайда болуын түсіндіреді
5.2.2.2 Жердің құрылысы мен құрамын атайды

Сабақ мақсаттары

Оқушылар ғаламтор мәліметтерін және мәтіндерді пайдалана отырып, Жер ғаламшарының пайда болуы туралы гипотезаны талдап, сипаттама жасайды.
Жер ғаламшарының пайда болуы туралы өз болжамдарын айтады
Жердің құрылысы мен құрамына сипаттама жасайды.

Сабақ барысы

кезеңдер

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар



Сабақтың басы
0-3 мин

  • сәлемдесу

  • түгелдеу

психологиялық ынтымақтастық атмосферасын құру
оқушылар бір –біріне жақсы тілектер айтады.

  • Мен бүгін саған қуаныш тілеймін!

  • Сен маған бүгін қуаныш тілейсің!

  • Егер саған қиын болса, мен көмектесемін!




4-6
7-13


14-22

23-27
28-33

33-39

39-40
40-45


46-49

50-70

71-73


Өткен сабақты еске түсіру үшін блиц-турнир

  • Микроәлемнің ең кішкентай бөлшегі (атом или электрон)

  • Жерге ең жақын үлкен жұлдыз. (Күн)

  • Күн жүйесіндегі ең үлкен планета. (Юпитер)

  • Жер қандай әлемге жатады? ( Макроәлемге)

  • Газ бен шаңнан тұратын құйрығы бар аспан денесі. (Комета)

Жаңа тақырыпқа келу:
«Қалай ойлайсыңдар, Жерді құдай жаратты ма, әлде….?
Жауаптарыңды дәлелдер келтіре отырып жауап беріңдер»
Оқушылар әртүрлі жауап береді,
Мұғалім: Ия Жердің пайда болуы туралы бастапқы кезде де әртүрлі пікірлер болған, енді оқушылар мына бейнебаянға назар аударайық

https://www.youtube.com/watch?v=cAtdk9vZtP4


( стикерлер көмегімен сыныпты группаға бөлеміз:



  • І группа – неміс ғалымы Иммануил Канттың ізбасарлары,

  • ІІ группа - француз астрономы және математигі Пьер Лаплас ізбасарлары,

  • ІІІ группа – француз ғалымы Жорж Бюффон ізбасарлары,

  • IV группа –ағылшын ғалымы Джеймс Джинс ізбасарлары,

  • V группа – орыс ғалымы Отто Юльевич Шмидт ізбасарлары,

  • VІ группа – орыс ғалымы В. Г. Фесенков ізбасарлары ,(егер сыныпта оқушы аз болса, жұптарға бөле салуға болады)

Ал енді біз сыныпта ғылыми конференция өткізейік. Әр ғалымның ізбасарлары өз гипотезаларын айтсын. (алдымен топтарға мәтін таратылып беріледі) ( Топтар өз гипотезаларын қорғайды)
Мұғалім.
Балалар, байқасаңдар, барлық ғалымдардың өз көзқарастары бар, ортақ бір пікір жоқ. Дегенмен, барлығы планета алғашында суық бұлттан пайда болған, кейінен жылынған деген пікірге келіп тоғысатын сияқты.
«Доп» бекіту ойыны
Оқушылар екіге бөлініп сыныптың ортасына тұрады. Допты бір- біріне лақтырғанда ғалымның атын айтады, допты ұстаған оқушы оның еңбегін баяндайды. Осылай ары қарай жалғасып кете береді.
Тапсырма1. Топтық жұмыс
Әртүрлі ғалымдардың еңбектерін мултимедиялық ойын бойынша анықтайды : http://learningapps.org/119268


Бағалау: Оқушылар дескриптор бойынша мұғалім бағалайды



Бағалау критерийлері



Дескрипторлар

+/ –

Жердің шығу тарихы туралы әртүрлі гипотезаларды біледі

1

Гипотезалар мен олардың авторларын анықтай алады.








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет