Кожамкулова Назгул Сейфулинкызы, Байхожа Ақерке Балқыбекқыз



Дата08.09.2017
өлшемі110,62 Kb.
УДК 159.9

Кожамкулова Назгул Сейфулинкызы, Байхожа Ақерке Балқыбекқызы.2

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ — ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

1Алматы Университетінің оқытушысы, психолог

2 Алматы Университетінің Психология мамандығының 2 курс студенті
Түйін: Бұл мақалада қоғамдық ортада бейімделуде психологиялық тренингтің маңызы.

Психологиялық тренинг өту барысы, ұйымдастыру ерекшелігі және жүргізу барысы қарастырылады.

Аннотация: В этой статье рассматривается ход проведения психологического тренинга и его особенности организации. Важность подготовки социальной адаптации психологического тренинга.

Abstract: This article characterized public psychological training course and its importance. Priorities of training course in adaptation to the social environment.

Кілттік сөздер: тренинг, психологиялық тренинг, нейропсихология, дамыту, субъектілікті дамыту тренингі

  Тренинг – білімді дамыту немесе адамды оқытуда жоспарланған жағдайға жүйелі күш салу арқылы орындау [1, 159]. Жұмыс жағдайында тренинг адамның бір немесе бірнеше әрекет түрлерін нәтижелі орындауынан білім мен дағдыны меңгеру мүмкіншілігіне бағытталады. Тренингтік жаттығулар кейбір жағдайларда тұлғалық өзгеруге түрткі қызметін атқарады. Өзіндік сана тұлғаның даму процесін жанама түрде және мазмұндау арқылы  қарым-қатынас үйлесімділігін орнатып және қарым-қатынастағы қиындықтардың себебін ұғыну динамикасына ықпал жасайды. Тренинг барысында мынандай жағдайларға да дайын болуы тиіс, олар: ыза, қатты дауыс, дөрекілік, өзімшілдік, қатыспаушылық, қажетсіз күлкі, ынтасыздық, шыдамсыздық немесе «сөзге керісу», қажетсіз сөзге араласу; тыныштық, селсоқтық; қылжақтық және т.б.

Жетекші, жаттықтырушы, ұйымдастырушы немесе жүргізуші мына төмендегі мақсаттарды негіз етіп алуы жүктелінді:

– жеке тұлғаны дамыту;

– қатысушылардың әлеуметтік – психологиялық компетентілігін, білімін көтеру;

–қатысушылардың белсенді әлеуметтік позициясын көтеру, қалыптастыру;

– өзінің және қоршаған адамдардың өмірінде маңызды өзгерістер жасау мүмкіндіктерін дамыту;

– өзін-өзі және басқаларды толық тану;

– жеке тұлға құндылықтарын ашу, білімдерін көтеру, бәсекелестікті жоюға әсер ету [2, 238]. Зерттеу жұмысының нәтижелілігі тренингке қатысқаннан кейін тұлғалардың қарым-қатынас барысында өздерін ұстауы, жүріс-тұрысының өзгергендігін, сөйлеу мәнері мен мәдениетінің жоғарылағандығын аңғартады.

Психологиялық тренингті ұйымдастыру ерекшеліктері туралы тоқталып өтейік. Кез-келген практик психолог өз қызмет жолында психологиялық тренингтерді өткізуге міндетті. Бұл тренингтер әр түрлі тақырыптарды қамтиды. Психологиялық тренинг қалай ұйымдастырылады және жүргізілу барысы туралы сөз алдында, «тренинг» ұғымын толық ашып алу қажет. Тренингтің үйрену, білім беру және дамыту ұғымдарына сәйкестігін анықтау.

Үйрену – зерттеу немесе нұсқаушының білім, дағды және тәжірибе жинау үрдісі.

Білім беру немесе оқыту тар көлемді әрекеттегі мәселені талдап, кең мағынада шешуде білім және  құндылықтарды жүйелі меңгеру үрдісі.

Дамыту – жеке адамда саналы және бейсаналы үйрену мүмкіндіктерін кеңейту және икемдіктерінің өсуі.

Психологиялық тренингтің ең  маңызды мәселесі — өзінің жек даралық  қасиеттері арқылы  тұлғаның өзін-өзі ашуына көмек береді. Ал, ол үшін ең бастапқы жағдайда адам өзін жеке тұлға ретінде қабылдап және түсіне  білуге үйренуі қажет. Тренингтердің жағымды нәтижелі болуына  жаттықтырушыға  бірнеше талаптар қойылады:

-        қоршаған жағдай туралы мағлұмат;

-        қатысушылар саны қаншалықты үлкен;

-        бөлме көлемі қандай;

-        бөлме жаңғырығы, акустикасы қатысушыларға  түгелдей естіледі ме;

-        жаттығудың негізгі құрылымы қандай;

-        қандай оқу құралдары қолданылмайды;

-        жаттықтырушы бөлменің қай бұрышында тұрады;

-        плакат, тезис, резюмелер қолданылады ма;

-        орындықтар қалай орналасқан;

-        бөлмеде сағат бөлу қажет пе [3, 174];

Психологтың қолайлы нәтиже алу мен ықпал ету қабілетін орнату үшін жүргізілетін тренингтің жалпы мақсаты төмендегі міндеттерді шешеді:

-        білімдерді толық меңгеру;

-        жаңаны үйрену мен тапсырманы орындау барысында және топтық қарым-қатынас өрісінде ептілік пен дағдыны қалыптастыру;

-        табысты бірлескен іс-әрекет орнатуды дамыту;

-        өзін-өзі және басқа адамдарды танудың толық және тепе-теңдік мүмкіндіктерін дамыту [4, 78].

Әрбір бөлімнің құрылымында біз материалды зерттейтін ортақ игеру логикасын және тұлғалардың өзіндік бақылауы мен бағалауын қалыптастыруда төменгі аспектілері жүзеге асырылды:

- Мен қандаймын?

- Мен не істей аламын және осыны қалай қолдану керек?

- Менде жоқ қасиеттерді мен қалай дамытуым және икемдеуін керек?

Әрбір сабақтың құрылымында біз жұмыстың негізгі кезеңдерін ерекшелейміз. Яғни, білім алушы колледж білімгерлерімен түзетіп-дамытатын формалардың дәстүрлі түрлері:

- Сәлем беру рәсімі;

- Жаттығу тапсырмалары;

- Үй жұмысы, өткен сабақтың рефлекциясы;

- Тапсырманың негізгі құрылымы

- Өткен сабақтың рефлекциясы

- Қоштасу рәсімі

Бұл жастағы тұлғалармен осы тектес жұмыстар аптасына 1-2 рет өтеді. Тренинг ұзақтығы – 1 сағаттан 3 сағатқа дейін [5, 192].

Қасытушылармен жүргізілетін дамыту-түзету жұмыстарының құрылымында келесі бөлімдер ерекшеленеді:



Кіріспе бөлімі. Оның басты мақсаты қатысушыларды тапсырмалармен жұмыс түрімен, топтың бірігуіммен, ондағы жағымды атмосферамен, жеке анализдың алғашқы түрін қалыптастыру және өзін-өзі оқу барысында субъект ретінде тануын қалыптастыру.

«Танымдық үрдісі» бөлімі. Оның мақсаты есте сақтау, зейін, ойлау, қабылдау процестерінің ерекшеліктерін дамыту. Сонымен психологиялық тапсырмалар арқылы осы танымдық белсенділіктің дамуына, шығармашылық қабілеттің қалыптасуына ықпал ету  түрлерін анықтауға көмектеседі.

«Назар аудару» бөлімі. Бұл бөлімде қатысушылардың назарын ортақ мәселені бірге шешуге, бірін бірі қабылдау мен тыңдау ерекшеліктерін қалыптастыруға бағыттайтын түрді игеру.

«Нейропсихологиялық ерекшеліктер» бөлімі мидың доминанттық бөлімімен тығыз байланыстың танымдық аспектілері қарастырылады.

Білім беру орындарындағы оқыту ісінде теориялық даярлық,  қоғамдық,  педагогикалық және арнайы ғылымдардағы меңгеру психолог мамандарының қызметімен үйлестіре жүргізіледі, ал оны ұйымдастырудың негізгі формасы – тренинг екені дәлел. Тұлғаның жаңа ортаға енуі, құрбыларымен дұрыс қарым-қатынас жасай алуы дұрыс  ұйымдастырылған топтық жұмыстарға байланысты [6, 225].

Тренинг мақсаты – адамды нақты тапсырманы орындауға қажетті білім, шеберлік және бағытпен қамтамасыз ету. Тренингте өзгеріс, нәтиже бірден көрінеді. Осы міндеттерді шешу кезінде ұйымдастырылатын тренинг теңдігі түрлері де ерекшеленеді. Рольдік тренинг, видеотренинг, қарым-қатынас тренингі, іскерлік қарым-қатынас тренингі, мәдениетаралық өзара әрекет және т.б. Тренингтер белгілі бір ортадағы мәселелер мен қиындықтарды түзету, өзін-өзі шығармашылық тұрғыда дамытуға, тұлғаның әлеуметтік ортада өзіндік реттелуіне мүмкіндік болатын қажетті жағдайды туғызуға көмектеседі. Трениг принципіне жататындар:

1. Белсенділік принципі.

2. Зерттеу және шығармашылық қатынасындағы принцип.

3. Мінез құлық обьективтілік принципі.

4. Қарым-қатынаста субьект, субьектілік принципі.

5. Шындық принципі.

6. Қазір, осы жерде принципі [7, 98].

«Адам табиғаттың қызық қасиеттерінің бірі оның айналадағы адамдар көзқарасындағы өз бейнесін ойлауға ұмтылғандығы. Кейбіреулер қиналса да соңына дейін ойнап шығады» — деп Ф. Искандер тұжырымдағанындай әлеуметтік – психологиялық тренингтің басты жоспары – ұйымдастырылған іс-әрекетті соңына дейін жеткізу болып табылатынында. Тренинг барысында жеке бастың дамуы туралы мәселелер нәтижелі шешіледі және коммуникативті дағдылар жемісті қалыптастырылады [8, 138]. Сабақ, оқу процесінде ұйымдастырылған әлеуметтік – психологиялық тренингтер білімгерлердің қарым-қатынастары жақсарады, өздерін белсенді қатысушы және басқаларға әсер етуші жағдайда сезінеді, топтың толық сеніміне кіреді. Әр бір бастаған іс-әрекеттінің толық аяқталуын қадағалайды. Ең бастысы – басқаларға  өзінің ойы мен сезімін, уайымы мен күдіктенуін сенуге қорықпайды. Кейбір тренингтерді арнайы жоспарланған адамдарға ғана емес, отбасы мүшелеріне, достары және жолдастарға да жүргізуге болады. Тренинг арқылы жақын адамдардың адамдық қасиеттерін ашып, бағалауға көмек беріледі, сөйлеу мәдениетін, тұлғаның қоғамда өзін ұстау іскерлігін және әдептілік ережелерін сақтауды енгізеді. Дұрыс ұйымдастырылып, жүргізген тренинг жеке тұлға қалыптасуының жетекші құралы екендігіне толық сенімдеміз.

  Психологиялық тренинг арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасы. Тренингтің бұл түрін тек психология маманының қызметкерлері ғана емес арнайы психологиялық білімі жоқ мұғалімдер де сабақ беру барысында қолдана алады. Оқу және тәрбие жұмысына жағымды өзгерістер енгізуге, оқу процесін белсендіруге тренингтердің ықпалы жоғары. А.С. Прутченков «Мектептегі әлеуметтік – психологиялық тренинг» еңбегінде, дұрыс ұйымдастырылған тренингтің оқушыларға жағымды әсері, ұйымдастырушының шеберлігі, педагогикалық қақтығысты реттеуші құрал екендігін атап  көрсеткен.

Қатысушылардың көңіл –күйін көтеру, жүйке жүйесін демалдыру, дене бұлшық еттерінің шаршағандығын басу.

 Қайырлы күн!  Құрметті ұстаздар! Көңіл- күйіңіз қалай?  Шаршап отырган жоқсыз ба?    Мен сіздермен қазір психологиялық тренинг  жүргіземін.

 Мақсаты:

 Қатысушылардың   көңіл –күйін  көтеру, жүйке жүйесін демалдыру,  дене бұлшық  еттерінің шаршағандығын  басу.  

Міндеті :  



  1. Бір –біріне деген құнттылық, сергектік, адамгершілік қатынасын қалыптастыру.

  2. Психологиялық қолдау көрсету.

  1. Өзінің педагогикалық қызметінде интерактивті форманы қолдануға дайындық

 I.Жаттығу.   Бой жазу:

Уақыты: (5-мин.)

Ал қазір сәл бой жазып алайық, ол «қорқыныштан арылу» деп аталады. Бұл бой жазумыздың мақсаты,қорқынышты, мазалануды алу, күйзеліс жағдайына дайындалу болып табылады.

Ынғайланып отырыңыз, еркін дем алыңыз, көздеріңізді жұмыңыздар және көз алдарыңа елестетіңдер, сіздер жасыл алаңда,ашық күннің астында дем алып отырсыңдар… Аспанда күн шуағын шашып тұр және осы нұрдың шашуының бөлігі сізге тиісті …  Оның  шуақтары сіздің басыңызды  жұмсақ және еркелетіп қыздырады, денеңізге кіреді, ол өн бойыңызға төгіледі, осының бәрі сіздің қорқыныш пен топшылама, барлық жағымсыз ойларыңызбен сезіміңіз, сіздің  ренішіңіз және мазасыздануыңыздың  бәрі ериді, оның бәрі тазартылған  жарықпен толтырылады.

Барлық таза емес бөліктеріңіз қараңғы түнге айналып, оны жұмсақ жел тез қуады, ол сіздің  денеңізді тастап кетеді. Сіз қорқыныштан арылдыңыз, сіз тазардыңыз, сізге жарық түсті және сіз көңілдісіз.

Талдау:


 Қалай тренинг ұнадыма?

Қандай әсер алдыныз?

Әр қайсысы өз ойын білдіреді.  


  1. Жаттығу:  «Джунглидегі жаңбыр» 

Мақсаты:  Иық. мойын, омыртқа  аймақтарындағы бұлшық еттің жирылуын жою, босаңсу, шаршағанды басу.

 Уақыты:  10 минут

Нұсқау:  Тар шеңбер құрамыз. Джунгли ну орманындамыз деп ойлаймыз. Ауа райы бастапқыда  өте керемет болады. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа  қапырық болды. Бір мезетте жеңіл самал жел соқты. Алдынызда тұрған адамның арқасына  қолынызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түседі. (арқаға батырынқырайтын кимылдар жасалады) Құйын  басталады (күшті айналыс қозғалыстарын жасаңдар) .Содан  кейін  жәй жаңбыр сіркірейді ( көршіңнің арқасын саусақтарынмен түртесің). Нөсер жауын басталады (жоғары төмен алақан, саусақтармен сипайсың) . Бұршақ аралас жауын жауа бастады         ( барлық саусақтарынызбен түртесіз). Содан кейін қайтадан нөсер жауын, жай жаңбыр, одан кейін күн ашылады. 

Енді 180 градусқа бұрылып,жаттығуды қайталаймыз.  

Талдау:

   Мұндай массаждан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіз?

   Жаттығуларды орындағанда қай әрекеттер жағымды, қайсысы жағымсыз болды?

   Өз сезімдеріңізбен  көңіл –күйлеріңізбен бөлісіңіз.  

III.жаттығу түрі:  Ситуациялық сұрақ .

   Уақыты 10 минут : 

« Ситуациядан шығу» 

Мақсаты: логикалық ойлау арқылы кез келген жағдайдан шыға білу.  

Нұсқау:   Бұл ойынға өз еркімен маған 3 адам керек. Қалғандары бақылаушылар болады.

Ойынның мәні : үш дос  бір жерде кездесу туралы келісу керек. Бірақ олардың бірі-сақау, бірі-соқыр, енді бірі –саңырау. Кездесетін жерді тек сақау ғана біледі. Ол өзінің достарына қайда қашан бару керектігін түсіндіру керек.  

Талдау:

Ситуациядан шығу оңай болдыма?

Сен осы кездесуді қалай түсіндірер едің?  

Жоғарыда сипатталған жаттығуларды орындау тиімді. Бұл жаттығуда тапсырма немесе құрал – жабдықтар нақты берілмейді, оның орнына тұлғаның басқалармен бірлескен іс–әрекеттегі қарым–қатынас кезіндегі күйзелісіне, қайтар бағдар беру мүмкіндігін жасайды. Көптеген адамдар қарым қатынас кезінде қиындықтарды басынан кешіруінің бір нұсқасы болуы мүмкін. Өзіңнің  көңіл – күйің дұрысталғаннан кейін өзіңе ғана емес, өзгелерге де көмек жасауға болады.  Ал қайта бағдар берудің екінші нұсқасы негізсіз тәжірибелердің құндылықтары жөніндегі  әңгіме. Осы арқылы адам қоршаған әлем турасында тану дәрежесіне жетеді.

Сонымен танымдық белсенділік адамның өмірлік іс-әрекетінің, әсіресе білім, ғылым, өнер салаларында бөлінбейтін біртұтас бөлшегі. Топта үйлесімді қарым-қатынас орнауы үшін  адамның, оқушының, маманның және тб. іс-әркетін сапалы ұйымдастыру, ақпаратты жүйелеу, оны қабылдауға жағдай жасай отырып, бағыт, бағдар беру болып табылады. Оның дәлелі ретінде психологиялық тренингтер жүргізу арқылы тұлғаның танымдық белсенділігін дамытуға тиімді қол жеткізуге болады.

  Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.     Бакли Р., Кейпл Д. Теория и практика тренинга.- Питер, 2002 г.

2.     Торн К., Макей Д. Тренинг. Настольная книга тренера.- Питер, 2001 г.

3.     Изен Н.В., Пахомов Ю.В.   Психотренинг игры и упражнения. — П., 2000 г.

4.     Көмекбаева Л.К. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті ұйымдастыру. – А.-2002 ж.

5.     Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг в школе.- эксимо-пресс, 2001 г.

6.     Сидоренко Е.В. Мотивационный тренинг – Р; 2000 г.



7. Құдайқұлов М.А. Способности умения и навыки. –Алматы., 1986 г.

8. Парыгина Б.Д.  Практикум по социально-психологическому тренингу- Санк-Петербург., 2000 г.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу