Алматы облысы. Қарасай ауданы



Дата14.09.2017
өлшемі9,68 Mb.
#32190

Алматы облысы. Қарасай ауданы

«Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі

мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Калдыгулова Дурия Курбанқызы


Тақырыбы: Қош бол, сүйікті Әліппе!

Мақсаты: 1.Оқушылардың алған білімдерін «Әліппемен қоштасу» кешінде бекіту;

2. Өз ата-аналарға, ұстаздарға білімдерін көрсету;

3. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, ертеңгілік барысында өздерін дұрыс ұстай білуге баулу.

Көрнекілігі: оқу, білім жайлы ұлағатты сөздер.

Кіріспе сөз:

Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар! Осыдан төрт ай бұрын мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндер 42 әріпті меңгеріп,енді міне ссүйікті Әліппесімен қоштасқалы отыр. Бүгінгі той- сіздер мен біздер үшін ортақ салтанатты мереке.

Қош келдіңіздер, дей отырып, «Қош бол, сүйікті Әліппе!» атты ертеңгілігімізді бастауға руқсат етіңіздер.

Бала деген шіркін-ай балдай екен,

Тәттілігі жал мен жаядай екен.

Арып- ашып ауладан келгеніңде,

Бал иісін тарттырып алдайды екен!- деп Кенен Әзірбаев айтқандай келесі кезекті оқушыларға берейік.
Шашу,шашу,шашайық

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке,бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық


1-жүргізуші: Қайырлы күн, уа халайық?

2-жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы алайық сіздерді,

Би биленіп, әнде бүгін шырқалар.
1-жүргізуші: Қош келдіңіздер, ақ жаулықты аналар

Жүздеріңнен мейірім нұр тамар

Алдарыңызда жауқазындай құлындар.

Біз алаңсыз балғын шақты балалар


1-жүргізуші:-Достар!Осы мен әліппемен қощтасуды жөн көрмей тұрмын.

2-жүргізуші:-Ой, не болды? Неге олай дейсің?

1-жүргізуші: Ал мен жылағым келіп тұр

2-жүргізуші:-О, несі,неге жылағың келіп тұр?

1-жүргізуші: Айтпаймын өздерің тауып алыңдар.

Дауласпаңдар балалар!Мен сендерден бұрын біліп тұрмын. Себебі сендер 4 ай бойы оқыған білім атасы «Әліппемен» қоштасқыларың келмей тұрсыңдар. Солай ма?

1-жүргізуші:Дұрыс айтасыз. Әліппемізге рахмет айтсақ та қимай тұрмыз.

2-жүргізуші: Болашаққа жол ашар

Ол сүйікті - Әліппе!

1-жүргізуші: Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық

Хормен: Әліппе, әліппе,әліппе!

Әліппе: Армысыздар, жас достар

Армысыздар ата-ана

Бүлдіршіндер,балғындар

Менің атым-Әліппе

Міне өзіңде дәріпте

Міне осылай ер жеткен

Ағаң менен әпкең де

-Сәлеметсіздер ме, менің сүйікті достарым! Сендер мені оқып сауаттарыңды аштыңдар, жазуға,оқуға үйрендіңдер.Ал,енді бүгін маған өз білімдерің мен өнерлеріңді көрсетіңдер.

Хор:‘‘Әліппе’’

1-оқушы:

Әліппем менің Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

2-оқушы:


Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріпте,

Оқимыз қазір ертекте,

Үйреткен оны Әліппе!

3-оқушы:

Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.

4-оқушы:


Қане беріп қарайық,

Зейін қойып тыңдайық

Әріптермен танысу

Тақпақтардан бастайық.

1-жүргізуші: Енді ортаға әріптерді шақырайық. «Отан» Сөздері шығатындай

1-оқушы:


Оспан да өлең жаттады,

Олжас та өлең жаттады.

Мына менен басталған

Екеуінің аттары.

2-оқушы:

Торғай,торғай,торғайсың

Таяу келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсың.

3-оқушы:


Астана-Астанам,

Астана-бас қалам.

Ардақтап атыңды,

Аузымнан тастаман.

4-оқушы:

Ас біткеннің атасы

Қасиетті «нан» осы

Қайсы әріптен басталып

Аяқталғанын қарашы.

2-жүргізуші: Қане балалар қандай сөз шықты? (Отан) Дұрыс айтасыңдар! Кім Отан туралы тақпақ біледі?

1-оқушы:

Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат әдемі.

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.

Құт береке шаңырақ,

Орын алған ел төрден.

2-оқушы:


Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.

Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған.

Билігі өз қолымда,

Еркіндігім Елтаңбам.


3-оқушы:

Рәміздерім елдігімнің белгісі,

Білу керек баладағы ең кіші.

Рәміздерім -әнұран, ту,елтаңбам,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

4-оқушы:


Отан-жерім,Отан-суым,

Отан-ұран, Отан-туым

Отан қуат,нәр береді.

Отан мәңгі гүлденеді.

5-оқушы:

Отан-тарих,отан-тіл,

Жасаған ерің ер халқың.

Отан-өлең,Отан-жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Хор: Елтаңбасы елімнің

1-жүргізуші: Жұмбақ жасырам, шешімін тапсаңдар бір сөз шығады.

Әжеде бар,атада жоқ

Әтеште бар,көжекте жоқ «Ә»

Мынау-доға қарайық

Ұқсайды оған қай әріп? «Л»

Ірімшік жедің ғой,

«Тәтті екен» дедің ғой.

Оның аты біз жазған,

Қайсы әріптен басталған? «І»

Ата-анаңмен барып сен,

«Пілді» көрдің «парктен»

Осы атауға зер салшы Басталған қай әріптен? «П»

Пілде бар,шілде жоқ.

Допта бар,шарда жоқ. «П»

Етікте бар,тонда жоқ,

Елікте бар, лақта жоқ. «Е»

1-жүргізуші: Балалар қандай сөз шықты? (Әліппе)

2-жүргізуші: Иә, бүгін біздідң қуанышымызда шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік.

Рахмет саған «Әліппе» (хормен)

Ән: Оқуда озат боламын.

1-оқушы:

«Әліппе» даңғыл жол ашты

Жаңадан пәндер жалғасты

Әліппе сырын ұқтырған

Рахмет ұстаз алғашқы

1-жүргізуші: Бізді осындай күнге жеткізіп,бірге қуанып,бірге ренжіп жүрген әкелеріміз бен әжелеріміз, аналарымызға мың алғыс айтамыз.Ендігі ән шашуымыз сіздерге арналады.

Ән: Мектебім аяулым

1-оқушы


А-деген ол аналар ғой ардақты,

Ә-деген ол әкелер ғой салмақты.

Б-деген ол балалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуі де кәделі.

2-оқушы

Ана деп жазамын тақтаға,



Нақышын келтіріп, әсемдеп.

Оқимын,жазамын жатқа да,

Қағазға әріптен сан өрнеп.

3-оқушы


Шәй ішетін қоюлап,

Жақсы көрем атамды.

Кесте тіккен оюлап

Жақсы көрем апамды.

Ән

4-оқушы
Кегенімде алдыңа,



Қызыл, жасыл гүл алып.

Жақын тарттың жаныңа

Шәкіртім деп қуанып

5-оқушы


Сипадың да басымнан,

Әліппені ұсынып.

Бақытымның осыдан,

Басталғанын түсіндім.

6-оқушы

Түсінбеген жерімді,



Мұғалімнен сұраймын

Әріптерді түзілтіп,

Сөзді өзімше құраймын.

7-оқушы


Әліппені бастадым,

Есепті де үйрендім.

Бестік баға алған күн,

Мақтанып үйге келдім мен.

8-оқушы

Атағым Алатаудай болып биік,



Тұрсам да төбем өсіп көкке тиіп.

Алдында әрқашан да тағзым етіп,

Тұрамын ұстазым деп басымды иіп.

Хор: «Жарқын жүзді ұстазым»

Әліппе:

-Балалар! Сендер менімен ғана достасып ғана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар.



-Математика- ғылымдардың атасы деген. Ендеше математикадан алған білімдерін тексерейік. (Ауызша есеп.)

Көрініс: «Әкемен жалқау бала»

Әліппе: -Ал достар,бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.

Ана тілі:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Туған елдің тілімін,

Ақылымен танылам.

Түсіндірер бәріне

Ана тілі мен болам.

Балалар мен сендердің болашақта сауатты азамат болатындарыңа сенемін.

Әліппе: Ал енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!

«5» болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз,

Өнер-білім көп тоқып,

Өсе берсін санамыз! (5-тіктер тарату)

Хормен: Қош бол,қош бол, құтты Әліппе!


Мұғалім:


Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға ана тілін аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз»

Балалар, сендердің әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқуларыңа ата-аналарыңның да қосқан үлесі мол. Сондықтан да бәріміз ата-аналарымызға рахмет айтайық.

Болашақта өсе берсін тәттілеп,

Арналсыншы балаларға ақ тілек.

Еліміздің болашағы тірегі,

Құттықттаймын, шын жүректен,

Бақ-береке,ақ жол тілеп,- деп келген қонақтарға сөз беру.

(Мерекелік ертеңгіліктің соңы концерттік бағдарламаға ұласады.)
1.Ән: Асыл әжем

2.Би: Испан биі

3.Би: Қамажай

4.Би: Попури

5.Би: Қазақша

6.Көрініс:Қайдан келдің бауырсақ



7.Би: Вальс

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет