Лексикалық тақырыбы: Музыка әлемінде Грамматикалық тақырыбы: Кірме сөздер. Өздік етіс. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалардың орфографиясы Бөлімі Сабақ саны Модуль мазмұны Уақыты Кіріспе 1-сабақ Модульге кіру Грамматикалық тақырып Лексикалық тақырып Бекіту. «Сұлу, әдемі музыка» Деңгейлік тапсырмалар 45 минут Сөйлесу 2-сабақ «Ән - көңілдің ажары» мәтінімен жұмыс Жаттығуларды орындау Деңгейлік тапсырмалар 45 минут 3-сабақ Қазақ халқының музыкалық аспаптары тарихынан Жаттығуларды орындау Тірек сызбалармен жұмыс Деңгейлік тапсырмалар 45 минут 4-сабақ «Ұлттық аспаптар» Диалогпен жұмыс Мазмұндама жазу 45 минут 5-сабақ Тіл дамыту Жаттығулармен жұмыс 45 минут 6-сабақ «Халық өндері» мәтіні Деңгейлік тапсырмалар Жаттығуларды орындау Тірек сызбамен жұмыс 45 минут Қорытынды 7-сабақ 1. Тест 2. Бақылау сұрақтары 45 минут
Кіріспе бөлімі 1-сабақ Сұлу, әдемі музыка I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру. ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын айту. IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Грамматикалық тақырыпты тірек сызба негізінде түсіндіру.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалардың орфографиясы
1. Басқа тілден енген сөздерді кірме сөздер деп атаймыз. Қазақ тіліне араб, парсы, монгол тілінен енген сөздер бар. Мысалы: әдеп, әйел, мерген, пан, апта. т.б. Қазақ тілінде орыс тілі арқылы енген сөздер екі тәсілмен жасалған: бірі - қазақ тілінің дыбыстық қалпына түсіп өзгерген сөздер. Мысалы: жәшік, самаурын, кірпіш, т.б. Екіншісі - өзгеріссіз сол күйінде енген сөздер. Мысалы: глобус, метр, автобус, т.б. 2. Іс-әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі орындаушының өзі болып, -ын, -ін, -н жұрнақтары арқылы жасалатын етістің түрін ездік етіс деп атаймыз. Мысалы: киінді, жуынды, таранды, т.б. 3. Қазақ тіліндегі сөздерде дауысты дыбыстар не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып орналасады. Бірақ бұл үндестікті сақтамайтын қосымшалар да бар. Олар: 1. Көмектес септік жалғауы: адамдармен, қаламмен, садақпен, т.б. 2. -нікі (-дікі,-тікі), -тай, -тал, -дар, -еке,-тар Мысалы: баланікі, көкетай, апаеке, сезімтал, т.б. 3. –би, -кер, -гep, -қор, -паз, -цой, -кеш, -хана, -кес. Мысалы: саудагер, ойынпаз, санқой, дәріхана, т.б. 4. -ов, -ова. -ев. -ева. -ин.-ина. Мысалы: Тәжібаев, Көтенбаева, Мағауин, Әбілқаев, Хангелдин, Табылдиев, Шәріпов, т.б. V. Бекіту. 1. Сөздік жұмысы. Сөздік: шабуыл жасау - нападать тұтқынға алу - взять в плен бағу - пасти сыншы - критик сыбызғы - свирель таңырқай - с удивлением уәзір – визирь алғысын айтты - поблагодарил бас ию - преклоняться 2. 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұның ай¬тып беру. Мәтінге ат қою. 3. 2-тапсырма. Жоғарыда берілген мәтін бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындау. VI. Сабақты қорытындылау.