Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері Сабақтың мақсаты



Дата08.07.2017
өлшемі71,79 Kb.
#20760
түріСабақ
Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері

Сабақтың мақсаты :

Ежелгі Египет мемлекетінің көне әдебиетімен , дінімен , өнерімен оқушыларды жан-жақты таныстыру . Көне замандағы тарихи ескерткіштердің бірі пирамида құрылыстарымен оқушыларды етене таныстырып , ел тарихын толық меңгерту . Қосымша деректермен , тірек –сызбалармен жұмыс жүргізу арқылы оқушылардың білімін жетілдіру .

Көрнекі құралдар :

Дүние жүзі саяси картасы , Египеттің картасы , Тірек – сызбалар , кестелер .
Сабақ түрі : Аралас сабақ .

Сабақ әдісі : Әңгімелесу , пікірлесу түрінде , сұрақ – жауап , тірек – сызбаларды , кестелерді пайдалану .

Сабақ барысы :


  1. Ұйымдастыру кезеңі .

  2. Египетке саяхат – Оқушылардың қызығушылығын ояту .

  3. Үй тапсырмасын тексеру - $ 7 Египеттегі ғылыми білім негіздері

  4. Жаңа сабақ - $ 8 Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері

  5. Бекіту кезеңі

  6. Қортындылау

  7. Үй тапсырмасын беру

1 .Ұйымдастыру кезеңі – 1 минут .

Оқушыларды түгелдеу , сабаққа дайындықтарын тексеру . Жаңа сабақтың өткен сабақпен тығыз байланысты екенін ескере келіп , үйге берілген тапсырманы талдаудан бастау .
2. Египетке саяхат – 15 минут .

Оқушыларды Египет мемлекетіне саяхат жасату . Картадан Египетті көрсету. .

Егиет елінің саяси және экономикасымен , өткен тарихи жағдайларымен оқушыларды таныстыра кету . Оқушылардан түсінгенін қысқаша сұрақ – жауап арқылы тексеру .

Төмендегі хронологиялық кестемен жұмыс істеу

Хронологиялық кесте

Египет мемлекеті

Тарихи оқиғалар




Ежелгі заманда ( Б. з . б ХХХ – б.з Ү ғасырлар)

Б .з.б ХХХ – ХХ ғасырлар

Египетте өркениет пайда болды , егіншілік дамыды .

Қалалар салынып , мемлекеттер құрылды , білім дамыды .



Б. з . б 3000жылдар

Египет біріккен қуатты мемлекетке айналды . Астанасы – Мемфис

Алғашқы перғауыны – Менес .



Б. з. б

2600 жылдар



Ең биік пирамида Хеопс пирамидасы салынды .

Биіктігі – 150 метр .



Б. з. Б

1500 жылдар



Египет перғауыны ІІІ Тутмос перғауын Алдыңғы Азия елдерімен

оңтүстікте Нубия елдерін жаулап алды



Б.з . б

Ү ғасырда



Ежелгі Египетті парсылар жаулап алды .

Египет Ұлан байтақ Парсы патшалығына бағынды



Б. з . б

ІҮ ғасырда



Египетті Александр Македонский жаулап алды .

Александрия қаласын салдырды



Б.з .б

І ғасырда



Египетті Рим империясы жаулап алды .

Египет елі І – Ү ғасырларда Рим империясына бағынды






Орта ғасырларда ( б.з Ү – ХҮІІ ғасырларда )

Б.з Ү- ҮІІ

ғасырларда



Египет Византия империясының қол астында болды .

Египетте христиан діні тарады



ҮІІ ғасырда

Египетті арабтар жаулап алды .

Египет мұсылман дінін қабылдап , арабша Мысыр аталды .



ІХ ғасырда

Египетте ұлы бабамыз Әл – Фараби болды

Әл – Фараби Кайр мен Александрияда білім алған



ХІІІ – ХІХ

ғасырларда



Египет елін Мамлүктер билік жүргізді . Атақты мәмлүктер

Бейбарыс , Айбек , Қалауындар Египетті басқарды .






Жаңа заман ( ХҮІ – ХХ ғасыр басы)

ХҮІ – ХІХ

ғасырларда



Египет Осман Түркиясына бағынды

ХІХ ғасырдың

аяғында


Ұлыбритания Египетті өз отарына айналдырды .

Атақты Суэц каналын салдырды .






Қазіргі заманда ( ХХ ғ – ХХІ ғасырлар)

1922 жылы

Египет тәуелсіздігін жариялады


1956 жылы

Египет Республикасы жарияланды

Алғашқы президенті Г . Насыр болды .



1981-2011

жылдар


Египеттің президенті Х. Мубарак болды

1992 жылы

Египет Қазақстанның тәуелсіздігін таныды .


2.Үй тапсырмасын тексеру - $ 7 Египеттегі ғылыми білім негіздері – 10 минут .
Үй тапсырмасын тест арқылы тексеру . Жұптық жұмыс бойынша оқушыларға тест беру .
І – нұсқа


  1. Ежелгі Египеттегі жазу түрі.

А. Иероглиф Ә. Алфавит Б. Руна


  1. Ежелгі Египеттіктер неге жазған

А. Қағазға ә. Теріге Б. Папирусқа


  1. Египетте ең жоғары дамыған ғылым саласы

А. География Ә . Геометрия Б. Астрономия


  1. Египет билеушілері қалай аталды

А. Перғауын Ә. Хан Б. Император


  1. Арабтар Египетті қалай атады

А. Мағриб Ә. Мысыр Б. Шам
ІІ - нұсқа

  1. Египетте ең жоғары дамыған ғылым саласы

А. География Ә . Геометрия Б. Астрономия


  1. Иероглифтің саны қанша болды

А. 750 Ә. 120 Б. 179
3. Папирусқа немен жазды .

А. Қаламмен Ә. Қамыспен Б. Сыммен




  1. Египеттіктер тұңғыш не ойлап тапты

А. Оқ – дәрі Ә. Компас Б. Күнтізбе


  1. Арабтар Египетті қалай атады

А. Мағриб Ә. Мысыр Б. Шам


  1. Ніл өзені қай құрлықта

А. Азия Ә. Африка Б. Америка

3- нұсқа



  1. Ніл өзені қай құрлықта

А. Азия Ә. Африка Б. Америка


  1. Ежелгі Египеттегі жазу түрі.

А. Иероглиф Ә. Алфавит Б. Руна


  1. Ежелгі Египеттіктер неге жазған

А. Қағазға ә. Теріге Б. Папирусқа


  1. Египеттіктер миллион санын көрсету үшін не істеген

А. Екі қолын көтерген Ә. Басын шайқаған Б. Дауыстаған


  1. Египеттегі әлемдегі жеті кереметтердің бірі

А. Храмдар Ә. Пирамидалар Б . Обалар
2.Жаңа сабақтың түсіндіру – $ 8 Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері -15 минут .

Жаңа сабақ жоспары :



  1. Әдебиеті

  2. Ежелгі Египеттің діні

  3. Египеттегі храмдар

  4. Пирамидалар салу

Жаңа сабақты өткен тақырыппен тығыз байланыстыра отырып түсіндіру , ең әуелі әдебиетімен таныстыру . Ежелгі Египеттің аңыз әңгімелері , әдеби шығармаларының ерекшеліктерін көрсету .Келесі тақырыпшада дін ерекшеліктерін көрсету . Көне Египетте абыздардың маңызын , дін өкілдері ретінде қоғамда алатын маңызын түсіндіру .



Осирис

(Қайта тірілген құдай)

Амон – Ра ( Күн құдай)

Ежелгі

Египет құдайлары

Хапи (Ніл құдайы )

Тот ( Ақыл құдайы)
Исида (Әйел құдай) т.б .
Оқушыларға пирамидалар туралы жан – жақты түсіндіріп өту , Жеті керемет аталу себебіне тоқтала кету . Пирамидалар салу себебіне тоқтала кету . Үрей атасы сфинкстің ерекшеліктерін , сфинкстің көлемін көрсету .

Бекіту сұрақтары :




  1. Әдебиет шығармаларынан не білесіңдер?

  2. Египеттегі күн құдайы

  3. Құдайларға арнап не тұрғызған

  4. Пирамида не үшін тұрғызылған

  5. Египеттегі ең биік пирамида қай перғауындікі

  6. Сфинксті египеттіктер қалай атаған



Қ

А

Р

А

Ж

Е

Р




И

Е

Р

О

Г

Л

И

Ф







А

Ф

Р

И

К

А












П

И

Р

А

М

И

Д

А

Х

Е

О

П

С







А

С

Т

Р

О

Н

О

М

И

Я




  1. Египет сөзі қандай мағына береді

  2. Ежелгі Египеттегі жазу түрі

  3. Египет елі қай құрлықта орналасқан

  4. Әлемдегі жеті кереметтің бірі

  5. Биіктігі 150 метр болатын пирамида

  6. Ежелгі Египеттегі жақсы дамыған ғылым саласы

Қортындылау - 2 минут


Үйге тапсырма пысықтап беру , оқушыларды бағалау .

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет