Тақырып 2: Кездейсоқ оқиғалар және кездейсоқ шамалар



бет1/2
Дата04.04.2022
өлшемі69,17 Kb.
#137903
түріСынақтар
  1   2
Байланысты:
file-2101-8


Тақырып 2: Кездейсоқ оқиғалар және кездейсоқ шамалар.
Негізгі сұрақтар: Элементар оқиғалар кеңістігі. Оқиғалар алгебрасы. Ықтималдықтың аксиоматикалық және классикалық анықтамалары.

Тұрмыста, практикада жəне ғылымда белгілі бір мақсат үшін жүргізілетін бақылаулар, сынақтар, операциялар, эксперименттер тəжірибе деп аталады. Мысалы, тиынды лақтырайық. Мұнда екі нəтиже болады, яғни тиын елтаңба жағымен, не сан жағымен түседі. Бірақ қайсысының түсетіндігін алдын ала айту мүмкін емес, өйткені оған лақтырған кезде берілетін күш, ауаның қысымы, тиынның массасы, тартылу күші, тиын түсетін жердің кедірбұдырлығы жəне т.б. əсер етеді, сондықтан лақтырғанда екі жағының да түсу мүмкіндіктері бірдей деп есептейміз. Бұдан былай сынау нəтижесін оқиға деп ұғамыз. Сөйтіп оқиға тəжірибе нəтижесі болады. Сынауда оқиға пайда болуы да, болмауы да мүмкін болса, онда ондай оқиғаны кездейсоқ оқиға деп атайды. Кездейсоқ оқиғаны латынның бас əрпімен белгілейміз: А, В С ... . Сынау нəтижесінде оқиға сөзсіз пайда болатын болса, ондай оқиғаны ақиқат оқиға дейді, ал оқиға мүлдем пайда болмайтын болса, онда оны мүмкін емес оқиға дейді. Мысалы, қобдишада ақ шарлар жатса, араластырып бір шар алсақ, онда алынған шардың ақ болуы ақиқат оқиға. Ал басқа түсті болуы мүмкін емес оқиға.


Сынау нəтижесінде екі оқиғаның бірі пайда болғанда, екіншісі пайда болмайтын оқиғаларды үйлесімсіз оқиғалар дейді. Мысалы: 1) ойын кубигінің жұп ұпайлары мен тақ ұпайларының бірге түсуі мүмкін емес, сондықтан олар үйлесімсіз оқиғалар; 2) тиынның елтаңба жағы мен сан жағының бірге түсуі мүмкін емес, олар үйлесімсіз оқиғалар, 3) студенттің математика пəнінен емтиханда «2», «3», «4», «5» алуы үйлесімсіз оқиғалар.
Сынау нəтижесінде оқиғаның бірінің пайда болуы екіншісінің пайда болуын жоққа шығармайтын екі оқиғаны үйлесімді оқиғалар дейді. Мысалы: 1) студенттің емтиханда математикадан, физикадан жəне философиядан «5» алуы үйлесімді оқиғалар; 2) мергеннің нысананы атуы жəне оған тигізуі үйлесімді оқиғалар.
Егер берілген оқиғалардың біреуінің пайда болуының екіншіге қарағанда артықшылығы болмаса, онда мұндай оқиғаларды тең мүмкіндікті оқиғалар дейді. Мысалы: колодадағы карталардан тұз, валет, кароль немесе дама алу; тиынды лақтырғанда елтаңба жағының немесе сан жағының түсуі тең мүмкіндікті оқиғалар.
Егер сынау нəтижесінде қос-қостан үйлесімсіз жəне əйтеуір біреуінің пайда болуы ақиқат болатын А1 2 ,n оқиғалар жиынын оқиғалардың толық тобы дейді. Мысал ретінде қарама-қарсы оқиғаны алуға болады. Екі үйлесімсіз оқиғалардың біреуі сөзсіз пайда болатын болса, онда оларды карама-қарсы оқиғалар дейді. Егер қарама-қарсы оқиғалардың біреуі А депбелгіленсе, екіншісі А деп белгіленеді. Мысалы, тиынды лақтырғанда елтаңба жағының жəне сан жағының пайда болуы қарама-қарсы оқиғалар. Əйтеуір біреуінің пайда болуы ақиқат. Сондықтан олар оқиғалардың толық тобын құрайды.
Тəжірибе жүргізгенде пайда болатын əр оқиға элементар нəтиже (элементар оқиға немесе элементар мүмкіндік) деп аталады. Мысалы, ойын кубын лақтырғанда А1 2 31 4 5 6 - оқиғалары элементар оқиғалар болады.
Тəжірибе нəтижесінде берілген оқиға пайда болатын элементар оқиғаларды, осы оқиғаға қолайлы оқиғалар, немесе қолайлы мүмкіндіктер деп атайды. Ойын кубын лақтырғанда А2 4 6 элементар оқиғалары «жұп сандар түсті»- оқиғасына қолайлы оқиғалар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет