№1 БӨЖ тақырыбы: Желтоқсан көтерілісі және оның себептері, орталық биліктің оқиғаға берілген әділетсіз бағасы Орындаған: фил21-1 студенті А. Бисенова Тексерген: Н. Жұмамұратов 2021-2022 оқу жылдары



Дата08.02.2022
өлшемі2,94 Mb.
#123249
Байланысты:
тарих бөж1ер
8 сыныпБЖБ, 11кл, 9 кл Еркін электромагнитік тербелістер, 37124q, З.М.Базарбаева Қазақ фонологиясының негіздері, З.М.Базарбаева Қазақ фонологиясының негіздері, План урока (1), КТК ойыны, Мольдік және меншікті жылусыйымдылықтары, КУЗНЕЦОВ ПРЕЗЕНТАЦИЯ ЭЛЕКТРОСТАТИКА 2, 1-Зертханалық жұмыс. МАТЕМАТИКАЛЫҚ МАЯТНИКТІҢ ТЕРБЕЛІС ЗАҢДАРЫН ЗЕРТТЕУ, Механикалық толқындар, Input тәгінің қолданылуы, DOCTYPE html

№1 БӨЖ тақырыбы: Желтоқсан көтерілісі және оның себептері, орталық биліктің оқиғаға берілген әділетсіз бағасы Орындаған: ФИЛ21-1 студенті А.Сүндет Тексерген: Н.Жұмамұратов 2021-2022 оқу жылдары

Жоспар:

  • Көтеріліс басталуы
  • Желтоқсан оқиғасының негізгі сипаттары
  • Зардаптары
  • Қорытынды

Көтерілістің басталуы:

Желтоқсан көтерілісі – 1986 жылы 16 - 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облыстық партия комитетінің 1 -ші хатшысы Г.В. Колбинді Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1-ші хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. 17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И. Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, «бұзақыларды» күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО Ішкі Істер министрлігінің №0385 бұйрығы негізінде дайындалған «Құйын -86» операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып-жаншылды.


Желтоқсан тағлымы
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, жас қайратым, жас өркені халқымның!
Қайырмасы:
Арманыңның атын,
Жігеріңнің отын
Өшіре алмас асау желі уақыттың.
Егер кім қанша
Уайымсыз болса,
Нақ сол адам құнын білмес бақыттың.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,
Намысыңды жықпай өттің нәубет, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
Мұхтар Шаханов

Негізгі сипаттары:

18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел топ, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды. Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан құрбандарының катарында Е.Сыпатаев, С.Мұхамеджанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар. Желтоқсанның 19-23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқант, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты.

3. Зардаптары:

3. Зардаптары:

- 8,5 мыңнан астам адам ұсталып, 2401 адам уақытша қамау орындарына жеткізілді, қалғандары қала сыртына апарылып тасталды;

- 99 адам айыпталып, бас бостандығынан айырылып, 2 адам өлім жазасына кесілді;

- 246 студент оқудан шығарылды;

- ЖОО-ның 12 ректоры қызметінен алынды;

- 1720 адам жарақат алды;

Қорытынды:

Сонымен әңгімемізді қорытар болсақ, желтоқсан оқиғалары тәуелсіз Қазақстан тарихында орны ерекше бірегей уақиға. Сөзімізді дәлелдеу үшін бір мысал келтірейік. Егер қазақ жастарының желтоқсан көтерілісі болмағанда және Колбин билігін жалғастыра бергенде, 1991 жылғы Қазақстанның тәуелсіздік сондай-ақ тәуелсіздіктен кейінгі үдерісі қалай болар еді? Бұл сұраққа жауап беру қиын. Бірақ Қазақстанның ұлттық және бір тегіс мемлекеттік құрылымы негізінде бүгінгі адам таң қалатын жарқын табыстарына жетпейтінін болжау қиын емес. Сондықтан да желтоқсан оқиғаларын 70 жылдық әміршіл-әкімшіл Кеңестік жүйеден кейін, Қазақстанның қайта түлеуінің бастауы деп атап көрсете аламыз.

Назарларыңызға РАҚМЕТ!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет