Шығыстағы отаршылдық: отаршылдық экспансиясының типологиясы мен тарихи формалары



бет1/4
Дата22.01.2023
өлшемі20,26 Kb.
#166071
  1   2   3   4
Байланысты:
Шығыстағы отаршылдық
Литература 0 класс четверть Суммативное оценивание за раздел «Пл, Эпикалық және музыкалық туындылардың өмірге келуі

Шығыстағы отаршылдық: отаршылдық экспансиясының типологиясы мен тарихи формалары
Еуропалықтардың Шығыс елдерін отарлау үрдісі үш кезеңнен тұрды.
Бірінші кезең — сауда отаршылдығы, ХVІ ғасырдың аяғынан басталып ХVІІІ ғасырдың ортасына дейін жалғасты. Бұл кезеңде еуропалықтар шығыстық тауарларды отаршылдық жолмен Еуропаға тасымалдаумен айналысты. Шығыстың алтын, күміс, жібек, тоқыма маталары, дәмдеуіштері, әшекей бұйымдары т.б. отаршыларды қатты қызықтырды.
Екінші кезең — «өндірістік капитал дәуірінің отаршылдығы», ХVІІІ ғасырдың екін ші жартысынан — ХІХ ғасырдың соңғы ширегіне дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл кезеңде Англия, Франция сияқты елдер Шығыс елдерін отарлап алып, Шығыстың байлығын тонаумен айналысты. Еуропалықтар өздерінің арзан тауарларын осы капитал елдерге әкеле бастайды. Осылай жергілікті халықтың кәсіптері мен шаруашылығын күйретуге ұшыратты. Отарлап алған елдерін саясаты» толық тәуелділікке түсірді.
Үшінші кезең — «империализм дәуірінің елдер отаршылдығы» немесе «монополистік капитал дәуірінің отаршылдығы», ХІХ ғасыр дың со ңы нан басталды. Шығыс елдерінің табиғи ресурс тарын пайдаланумен қатар қанаудың жаңа тәсілі ретінде еуропалық капиталды әкеліп, инвестиция салуды күшейтіп, өнеркәсіп өндірісін дамыта бастады. Шығыс елдерін еуропалық алпауыт мемлекеттер ықпал аймақтарына бөлісті.
XVII—XVIII ғасырларда Азия және Африка елдері феодалдық қоғамның терең дағдарысына ұшырап, еуропалықтардың отаршылдық әрекеттеріне тап болды. Шығыс елдеріндегі даму қарқыны төмендеп, бір кездері дамыған өркениеттің ошақтары болған елдер отар және жартылай отар елдерге айналды. Еуропалықтардың басқыншылық әрекетi Ұлы географиялық ашылу лардан, яғни испандықтар мен португалдықтардың XV ғасырдың соңынан бастап XVI ғасырда Америкадағы, Африка мен Азиядағы халықтарды отарлау нысанына айналдырған кезден бастау алды.
Екi ғасыр бойы, алдымен португалдықтар мен испандықтар, содан кейiн голландықтар, ағылшындар мен француздар Шығысқа, Африкаға, Үндiстанға, Азияның оңтүстiк-шығысына теңiзден жол сала отырып Аустралияны ашты. Ал осы уақытта орыс саяхатшылары Сiбiрдi игерiп, Тынық мұхит жағалауларына шықты. Магелланнан бастап дүниежүзiн айналып шығу саяхаты басталды.
Еуропалықтар Шығыс әлемiн өздерiнiң мүдделерiне сай қайта құруға әрекеттендi. Ұлы географиялық ашылулар дәуiрi еуропалық отаршылдыққа, алыс теңiз сыртындағы жерлердi жаулап алу және тонау саясатына, Батыстың өз көзқарастары мен принциптерiн өз отарларына ерiксiз таңу арқылы оның дәстүрлi құрылысын жоюға жол ашты.
Қытай және Жапония сияқты кейбiр елдер еуропалықтардың жөнсiз араласуынан өздерiн сақтауға ұмтыла отырып, сыртқы әлемнен оқшаулануға көшіп, «жабық есік» саясатын ұстануға мәжбүр болды. Басқалары (Африка, Америка, Үндiстан елдерi) еуропалық отаршылдықтың құрбандарына айналды.
Еуропалық өркениеттiң әскери және теңiз iсiндегi, өнеркәсiптегi қол жеткiзген табыстары олардың басқа елдерден «артықшылығын» айқындап, ерекшелейтiн жағдай қалыптастырды. Өзiндiк өркениеттiк нәтижесi бар «Еуропа — басқа халықтарға үлгi болады» деген түсiнiк «еуроцентристiк» немесе «Еуропаға табыну» ұғымын қалыптастырды.
Капиталистiк дамуды көздеген Еуропа елдерi өз ұстанымдарын сақтай отырып, көптеген артықшылықтарға ие болды. Бұл артықшылықтар әскери әлеуетте көрiнiс тапты. Ендi барлау экспедицияларының орнына бай, басқа елдердi игеру басталып, ол жерлерде еуропалықтар отарлық жүйенi белсендi түрде орната бастады. Шығыстық дәстүрлi қоғамдардың көпшiлiгi еуропалық отаршыл күштiң алдында дәрменсiздiк танытып, олардың оңай олжасына айналды.
Еуропалықтар, әдетте, өздерiнiң отарларының саяси құрылымына араласпады. Жаулап алған елдерде мемлекеттiлiк мүлде болмаған, не болмаса, дамудың мейлiнше төменгi деңгейiнде тұрған Жаңа әлем немесе Аустралия сияқты елдерде ғана еуропалық үлгідегі саяси өзгерiстер енгізді. Ал мемлекеттiлiк пен мәдениеттiң өзiндiк дәстүрлерiн еуропалықтардан әлдеқайда бұрын қалыптастырған Шығыс елдерiнің көпшілігі ежелгi өркениетiн сақтап қалды. Жаулап алушылар, ең алдымен, шығыс халықтарын экономикалық жағынан тәуелдiлiкке түсiрудi көздедi.
Еуропалық жаулап алушылардың отаршылдықтың алғашқы кезеңіндегі басты тәсiлi отарлық иелiктердiң барлық байлығын тонаушылық жолмен иемденiп, өздерiне қажеттi Шығыстың аса бағалы тауарларына — дәмдеуiштері, шай, кофе, Шығыс маталары, қытай фарфоры және сән-салтанат заттарының саудасына бақылау орнату арқылы оларды қанауға ұшырату болды. Осыны жүзеге асыру үшiн барлық жерде факториялар — сауданың тiрек пункттерi құрылды. Еуропалық елдердiң отаршылдық саясаты олардың өздерiнiң арасында бәсекелестiк тудырып, әлемнiң әртүрлi нүктелерiндегi пайдалы орындар үшiн таласқан өзара қақтығыстарын тудырып отырды. Еуропалық отаршыл үкiметтiң қолдауымен құрылған сауда компаниялары қарулы әскери отрядтардың рөлiн атқарып, отарлық басқыншылық саясаттарын жүзеге асырды. Олар өз қарамағында әскери күштер ұстады және бiтiм жасауға немесе соғыс жариялауға, қамал салуға құқылы болды. Мұндай компаниялар жергiлiктi тұрғын халықтың қарсылығын басып қана қоймай, бәсекелестерiмен — басқа еуропалық елдердiң компанияларымен күрес жүргiзуi тиiс болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет