Биология кафедрасы



Pdf көрінісі
бет1/18
Дата22.02.2023
өлшемі361,36 Kb.
#169711
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы



ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ 
 
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ 
 
БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ 
 
 
«Оқушылардың физиологиялық және
психологиялық дамуы»
пәнінен лекция жинағы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Шымкент 2022 


Лекция 1. Оқушылардың физиологиялық дамуы. Пәні, мазмұны. 
Жоспар:
1. Оқушылардың физиологиялық дамуы пәнінің мақсаты мен міндеттері;
2. Физиология ғылымына үлес қосқан ғалымдар. Қазақстанда даму тарихы;
1. 
Оқушылардың 
физиологиялық 
дамуы 
пәнінің 
мақсаты 
мен 
міндеттері. 
«Оқушылардың физиологиялық дамуы» пəнінен типтік оқу бағдарламасы 
педагогикалық мамандықтарға арналып дайындалған жəне болашақ мұғалімдер мен 
тəрбиешілерді кəсіби тұрғыдан дайындауға бағытталған. Бағдарлама онтогенездің əр түрлі 
кезеңдерінде организм тіршілігінің, өсу жəне даму барысында ағзалардың жəне ағзалар 
жүйелерінің қызмет етуінің ерекшеліктерінің заманауи мəселелерін қамтиды. 
«Оқушылардың физиологиялық дамуы» пəнінің мақсаты - мектеп жасындағы балалардың 
анатомиялық жəне физиологиялық ерекшеліктері, əртүрлі жастағы өсу жəне даму 
заңдылықтары, өскелең организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасы, мектеп 
оқушыларының денсаулығын сақтау мен нығайту, олардың оқып-білім алу барысында 
жұмысқа қабілеттілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету жолдарының, баланың жасына 
лайық білім беріп, ақыл ойын дамыту, дені сау, сымбатты етіп өсірудің ғылыми негіздері 
туралы педагогикалық мамандықтар бойынша оқып жатқан студенттерге білім беру. Бұл 
мəліметтер ғылыми негізде əр түрлі жастағы балалармен оқу-тəрбие жұмысын 
ұйымдастыруға, олардың денсаулығын қорғау, дене тəрбиесі мен еңбек етуге үйретуде аса 
қажет. Қазіргі кезеңде оқушы баланың даму физиологиясы заман талабына лайық, 
бəсекелестікке қабілетті педагогикалық мамандар дайындауда ролі мен маңызы едəуір өсіп 
отыр. Бұл мектеп оқушыларының білімінің сапасы мен көлеміне қойылатын талаптың 
жоғарылауымен, оқу үрдісінде компьютерлік техниканың, интернеттің жəне басқа 
техникалық 
оқыту 
құралдарының кеңінен 
қолданылуымен, 
инновациялық 
технологиялардың білім беру ісінде жаппай ендірілуімен жəне қазіргі уақытта балалардың 
қимыл белсенділігінің төмендеуімен байланысты. Осылардың бəрі оқушылардың 
денсаулығы мен организмнің функционалдық мүмкіншіліктеріне теріс əсер етуде. 
Қалыптасып отырған жағдайда тəрбие беру мен оқыту жұмыстарының педагогикалық 
тиімділігі балалар мен жасөспірімдердің анатомиялық жəне физиологиялық ерекшеліктері 
мен организмнің əр түрлі жас кезеңдерінде қызмет ету мүмкіншіліктерін ескерумен тікелей 
байланысты. 
«Оқушылардың физиологиялық дамуы» пəнін оқып меңгеру нəтежиесінде студенттерде 
қалыптасатын құзіреттіліктер: 

өзінің тұлғалық даму мақсаттарын қалыптастыруға жəне шынайы бағалауға қабілетті, 
сондай-ақ, оқушылардың зияткерлік даму деңгейін арттыру дағдыларын игерген; 

мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдерді оқыту жəне тəрбиелеу жұмыстарын 
ағзаның əр түрлі жас кезеңдеріне сай физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, 
ұйымдастыруға қабілетті; 

дене тəрбиесі мен шынықтыру əдістерін пайдалану арқылы балалар мен жасөспірімдер 
ағзасының қоршаған ортада бейімделу мүмкіншілігін арттырып, денсаулығын қорғау мен 
жақсартуға үлес қосады жəне толыққанды əлеуметтік кəсіби қызметті қамтамасыз ету үшін 
өзінің дене мəдениетін жетілдіруге дайын; 

оқушыларда саламатты өмір сүру салтын қалыптастыруға жəне тазалық сақтау мен 
денсаулықты нығайту талаптарына сай сыртқы ортаның жағымсыз ықпалдарынан қорғану 
ережелерін ұстануға қабілетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет