Биология кафедрасы



Pdf көрінісі
бет2/18
Дата22.02.2023
өлшемі361,36 Kb.
#169711
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы
График проведения Нұржан крп, Игровая деятельность детей, Ресурс 7.5 Елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің көрсеткіштері., демо 4, 7.2.1.2- географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді 7 сынып ҚМЖ, 9.12, 9.11 Каз. орографиялык нысандары, 9.15, Геог. және Жарат. 3-күн, Ресурс 7.3 Әлемдік экономиканың кеңістіктік модельдері, Ресурс 6.3 Географиялық кеңістік, Байшенов А.Н инклюзив баяндама, Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі», экология өмір қауіпсіздігі
2. Физиология ғылымына 
үлес 
қосқан 
ғалымдар. 
Қазақстанда 
даму 
тарихы. 
Физиологияның дамуына əр елдің ғалымдары зерттеулер жүргізіп, үлкен үлес 
қоскан. Өте ертеден-ақ əр түрлі төжірибелер жасау арқылы адам ағзасының құрылысы мен 
кызметін терең 
зерттеп 
білген 
1. Гиппократ (б. з. б. шамамен 460–377) – көне Грецияда медицина саласын жан-жақты 


зерттеген ғалым. Адам денесінің құрылысына көптеген бақылаулар жасап, оны жинақтап, 
бір жүйеге келтірген. Әсіресе адамның ми сауытын жəне оның жалпақ сүйектерінің бір-
бірімен жіктер арқылы байланысатындығын толық сипаттаған. 
2. Клавдий Гален - (шамамен 130- 200) Гиппократтан кейінгі зерттеулер мен бақылаулар 
жүргізген римдік анатом жəне физиолог ғалым. Өзінің оқыған дəрістерінде маймылдың 
мəйітін алғаш рет қолданған. Себебі ол кезде адам мəйітімен жұмыс істеуге рұқсат 
етілмеген. Мидан тарайтын 12 жұп жүйкенің 7 жұбын толық сипаттап берген. Дəнекер 
ұлпасы, бұлшықеттер, жүйке тамырлары, бауыр мен бүйрек қантамырларын зерттеген. Ішкі 
мүшелер мен сүйек қабығын, сіңірлерді де сипаттаған. «Адам дене бөліктерінің міндеттері 
туралы» атты еңбегінде анатомиялық тұрғыдан өзінің пікірін білдіріп, мүшелердің 
анатомиялык құрылымының қызметімен тығыз байланысты екенін көрсеткен. К. Галеннің 
аталмыш еңбегі медицинада 13 ғасыр бойы құндылығын жоймай оқытылып келген. 
3. Әбу Насыр əл-Фараби - (870-950)Аристотельден кейінгі ойшыл, кемеңгер философ. 
Ертеде жəне орта ғасыр да философиялық жəне медициналық білім бірімен-бірі тығыз 
байланысты болған. Әл-Фарабидің медицина ғылымдарының теориялық мəселелерін терең 
білгендігі оның еңбектерінен белгілі. Әл-Фараби өмір сүрген заманда жаратылыстану 
ғылымының дамыған саласының бірі медицина болды. Оны сол кезде «емдеу шеберлігі 
ғылымы» деп атады. Ол «Медицинаның міндеті - тек адам ауруларының себептерін 
анықтап қоймай, адамның денсаулығын сақтау жолдарын, ауруды жою жағын да зерттеиді» 
- деп көрсеткен. Әл-Фарабидін медицинаға ерекше көңіл бөліп адам ағзасының 
(организмінің) кейбір тұстарын зерттегенінен мысал келтірейік: «Қайырымды қала» 
еңбегінде жүрек туралы өте құнды пікірлер айткан, мысалы, «жүрек -табиғи жылылыктың 
көзі». Баска мүшелерге жылылық нақ осыдан тарайды, олар жүректен нəр алады; «жүрек - 
басты мүше, мұны тəннің ешқандай мүшесі билемейді» жəне т. б.Шынында да, жүрек 
жұмысы өздігінен жүзеге асады. Жүректің соғуын ешкім тоқтата алмайды. Әл-Фараби тек 
өз пікірлерін айтып қана қоймай, ұлылардың ұлысы Аристотель, К. Галеннің зерттеулеріне 
өз көзқарасын білдірген. Әл-Фараби - артына ірілі-ұсакты 150-ге жуық ғылыми еңбек 
қалдырған данышпан. Жаратылыстануға қатысты «Адам ағзасындағы мүшелер», 
«Жануарлар ағзасындағы мүшелердің құрылысы мен қызметі» жəне т. б. еңбектер жазған. 
4. Тəжік дəрігері əрі философы Әбу
 
Әли ибн Синаның (шамамен 980-1037) «Анатомия мен 
физиологияға кіріспе», «Дəрігерлік ғылымның ережелері» («Канон врачебной науки») 
еңбектері өте құнды. Бұл еңбектерінде анатомия мен физиологияны жүйелеп, қосымша 
мəліметтермен толықтырған. Кітап латын тіліне аударылып, 30-дан астам рет қайта 
басылып 
шыққан. 
5. Андреас (Андрас) Везалий (1514-1564)-ғылыми анатомияның негізін салған ғалым
Италиядағы Падуан университетінің профессоры. Мəйіттермен жеке бақылаулар жүргізіп, 
7 кітаптан тұратын «Адам денесінің құрылысы туралы» (1543) еңбек жазған. Бұл еңбегінде 
ғалым қаңқа, сіңір, бұлшықеттер, қантамырлар, жүйкелер, ішкі мүшелер, ми мен сезім 
мүшелерін жүйелеген. А. Везалийдің көптеген зерттеулері мен еңбектері анатомияның 
дамуына айтарлықтай септігін тигізді. Сондықтан да оны анатомия ғылымының негізін 
салушы 
ғалым 
деп 
орынды 
атайды. 
6. Уильям Гарвей (1578-1657) - ағылшын дəрігері, анатом. Қанайналымның тұйык екенін 
алғаш рет дұрыс түсіндірген. Үлкен қанайналым шеңберінің болатынын ашқан ғалым. Ол 
физиология 
ғылымының 
негізін 
салушы 
ғалым. 
7. Иван Михайлович Сеченовты
 
(1829-1905) физиологияның атасы деп санайды. Қанда 
еріген газды алғаш рет зерттеген ғалым. Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу үдерісін ашқан. 
1863 жылы «Ми рефлекстері» еңбегін жарыққа шығарды. 
8. Атақты ғалым-биолог, Нобель сыйлығының лауреаты Илья Ильич
 
Мечников (1845-1916) 
лейкоциттердің (қан жасушасы) бөгде заттарды сіңіріп қорытуын фагоцитоз деп атады. 
Қанның лейкоцит жасушаларының қызметін жан-жақты зерттеген ғалым.Әйгілі орыс 
ғалымы."Адам табиғаты туралы этюдтер"деген еңбегінде қартаю жəне өлу проблемаларын 
зерттеді. 


9. Иван Петрович Павлов (1849-1936)физиологияның дамуына үлкен үлес қосқан ғалым. 
Адам мен жануарлардың жоғары жүйке жүйесінің қызметін, қанайналымының реттелуін 
зерттеген. Жүрек бұлшықеттерінің жиырылуын тездететін, екіншісі - бəсеңдететін, 
үшіншісі - жиырылу күшін өзгертетін арнайы жүйкелердің болатынын дəлелдеді. Асқорыту 
физиологиясын зерттеп, шартты рефлексті ашқаны үшін 1904 жылы Нобель сыйлығы 
берілген. 
Ғалымдардың анатомия мен физиология саласындағы зерттеулері ғылымның дамуына 
жəне медицинамен байланысына зор əсер етті. 
10. Халел Досмұхамедов (1883-1939) - ұрпағының болашағы үшін күрескен қазақтың 
біртуар ұлы. Аз жасаса да, артына біршама еңбек жазып қалдырып үлгерген ғалым. 1920 
жылдан бастап ғылыми-педагогикалық жұмыстармен шұғылданған. 1922 жылы доцент, 
1929 жылы профессор атағын алған. Онық негізгі еңбектері: «Қырғыз өлкесі халқының 
арасында обамен қалай күресуге болады» (1918, Ташкент); «Табиғаттану» (1924, Ташкент); 
«Оқушының саулығын сақтау» (1925, Ташкент); «Адамның тəн тірлігі» (1927, Ташкент) 
жəне т. б. 
X. Досмұхамедовтың əсіресе əр мүшенің тазалығын (гигиенасын) сақтау үшін айтқан 
өсиеттері өз алдына бір төбе. Соның кейбіреулерінен үзіндісін ғана келтіре кетейік. 
«Құлағың сау болсын десең... - құлағыңның құрылысы мен қызметін біл; құлағыңа ұрғызба, 
айқайлатпа, шыңғыртпа, өзің де орында; құлағыңа еш уақытта еш нəрсе тықпа; құлағыңның 
ішін, сыртын таза ұста...» 
«Мұрның сау болсын десең... - мұрныңды əрдайым таза ұста; аузыңның тамақ жеп, сөйлеу 
үшін, мұрныңның тыныс алу, иіскеу үшін жаралғанын ұмытпа!» 
«Тынысың сау болсын десең... - дем алғанда аузың əрдайым жабулы болсын; үйдің ішінде 
еденге, қабырғаға, мұрын орамалға қақырма, түкірме; киім, төсегіңді үйде қақпа; гулеген 
желден сақтан!» 
«Көзің сау болсын десең... - ымыртта, ала көлеңкеде, жарық нашар түскенде жазба, оқыма, 
үй жұмысын жасама; жазғанда қою сиямен анық көрінетін сызықтың үстінен жаз; бөгде 
адамның сүлгісімен, бет орамалымен бетіңді, көзіңді сүртпе». 
Бұл ережелер осыдан 78 жыл бұрын жазылса да осы күнге дейін құндылығын жоймай 
қолданылып келеді. 
X. Досмұхамедов анатомия, физиология, гигиенаға бірдей көңіл бөлген. Мүшелердің 
гигиенасына тоқталмас бұрын оның құрылысы мен қызметін талдап барып, ең соңында 
гигиенасына тоқталады. Бұдан біз X. Досмұхамедовтың анатомия, физиология, гигиена 
ғылымдарының дамуына көп еңбек сіңіргендігін көреміз. Анатомия, физиология, гигиена 
ғылымдарының дамуы аталған ғалымдардың зерттеулерімен ғана шектелмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет