Биология кафедрасы


Балалардың шартты рефлекстері



Pdf көрінісі
бет5/18
Дата22.02.2023
өлшемі361,36 Kb.
#169711
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы
График проведения Нұржан крп, Игровая деятельность детей, Ресурс 7.5 Елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің көрсеткіштері., демо 4, 7.2.1.2- географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді 7 сынып ҚМЖ, 9.12, 9.11 Каз. орографиялык нысандары, 9.15, Геог. және Жарат. 3-күн, Ресурс 7.3 Әлемдік экономиканың кеңістіктік модельдері, Ресурс 6.3 Географиялық кеңістік, Байшенов А.Н инклюзив баяндама, Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі», экология өмір қауіпсіздігі
Балалардың шартты рефлекстері 
манызы жəне олардың шартсыз рефлекстерден 
айырмашылығы. И. П. Павлов барлық рефлекстерді екі топқа шартты жөне шартсыз 
рефлекстер деп белгені айтылған. 
Шартсыз 
рефлекстер алғашқы кезде организмнің 
тірлігін сақтау үшін қажет. Балалардың шартсыз рефлекстерін туысыменен тексеру арқылы 
олардың жүйке жүйесінің дамуын анықтайды. Шартсыз рефлекстер туа пайда болып
өздерінің орындалуы үшін ешқандай қосымша жағдайларды қажет етпейді: тітіркендіргіш 
əсер етісімен шартсыз жауап пайда болады. Олар тұқым қуалайды, сондықтан организмнің 
əр түріне тəн өздерінің шартсыз рефлекстері болады. Бұл рефлекстердің рефлекторлы 
доғасы жүйке жүйесінің төменгі дəрежедегі жұлын, сопақша ми секілді бөлімдері арқылы 
қалыптасады да, ми сыңарларының қыртыстары қатыспай-ақ іске аса береді. Шартсыз 
рефлекстер негізінен ұрықтық кезеңде де, бала туғаннан кейін де қалыптаса береді. 
Айталық, қорғаныс рефлекстері туғаннан-ақ болады, ал жыныс рефлекстері жыныстық 
жетілу мерзімінде пайда болады. Олардың рефлекторлы доғасы өзгермейді. 
Шартты
рефлекстер тұқым қуаламайды, тек өмір тəжірибесінің негізінде, сыртқы ортамен 
байланыстың арқасында пайда болып отырады. Әркімнің өзінің тұрмыс жағдайына қарай 
əртүрлі шартты рефлекстері болады. Олардың рефлекторлы доғасы ми сыңарларының 
қыртысыңда қалыптасады. Сондықтан ми сыңарларының қыртысы болмаса, шартты 
рефлекстердің кейбіреуі пайда болғанымен, олардың тіршілікке маңызы онша емес. Ал ми 
қыртыстары бар жануарлардың ми қыртыстары бұзылса немесе сылып алып тасталса 
(тəжірибенің мақсатына қарай), шартты рефлекстер пайда болмайды, бұрын пайда болған 


шартты рефлекстері жойылады. Шартты рефлекстер пайда болған сыртқы ортаның 
жағдайы өзгергенде ол рефлекстер жойылады да, жаңа жағдайда жаңа рефлекстер туады, 
яғни олар түрақты емес, өзгеріп отырады. Бұған қоса, қандай да болмасын шартты рефлекс 
пайда болуы үшін сыртқы ортаның қосымша бір тұрақты белгілі жағдайлары болуы қажет. 
Шартты рефлекстер организмді сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына бейімдейді. 
Балалардың шартты рефлекстерін бақылау арқылы олардың миының даму дəрежесін, ақыл-
ойының дамуын бақылауға болады. Барлық балаларда шамамен бір мезгілде пайда болатын 
шартты рефлекстерді (түрақты шартты рефлекстерді) бақылай отырып, бала дəрігерлері 
оның жоғары жүйке əрекетінің дамуын біледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет