Биология кафедрасы


Шартты рефлекстердің пайда болуына қажетті жағдайлар



Pdf көрінісі
бет6/18
Дата22.02.2023
өлшемі361,36 Kb.
#169711
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы
График проведения Нұржан крп, Игровая деятельность детей, Ресурс 7.5 Елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің көрсеткіштері., демо 4, 7.2.1.2- географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді 7 сынып ҚМЖ, 9.12, 9.11 Каз. орографиялык нысандары, 9.15, Геог. және Жарат. 3-күн, Ресурс 7.3 Әлемдік экономиканың кеңістіктік модельдері, Ресурс 6.3 Географиялық кеңістік, Байшенов А.Н инклюзив баяндама, Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі», экология өмір қауіпсіздігі
Шартты рефлекстердің пайда болуына қажетті жағдайлар.
Барлық шартты рефлекстердің қалыптасуы үшін сыртқы ортаның қосымша белгілі бір 
жағдайларын тудыру керек: 
- əсер етуші шартты жəне шартсыз тітіркендіргіштердің болуы; 
- шартты тітіркендіргіштердің əсері шартсыз тітіркендіргіштің əсерінен сəл бұрынырақ 
басталып (15-20 сек), олар біраз уақыт бірге əсер етуі тиіс; 
- тітіркендіргіштердің тұрақты ретпен əсер етуі; аталған жағдайлардың ұзақ уақыт көп 
қайталануы; шартты тітіркендіргіштің шартсыз тітіркендіргіштен əлсіздеу болуы; 
-жүйке жүйесінің маңызды бөлімі — ми қыртысының қызмет қабілетінің дұрыс қалыпта 
болуы. 
Шартты рефлексті тудыру тəжірибесінде сыртқы ортаның белгілі бір жағдайын шартты 
тітіркендіргіш ретінде пайдалана береді. Ол шартсыз тітіркендіргіш организм үшін 
маңызды əсер болуы керек. Ол шартты тітіркеңдіргіштің əсерін бекітетін болғандықтан 
көбінесе тамақты немесе ауру сезімін тудыратын əсерді пайдаланады. Балаларда шартты 
рефлекстерді тудыру үшін 3 жасқа дейін шартты əсер ретінде баланың ұнататын тамағын 
немесе ойыншықты қолданады, Мысалы, баланы жүргізіп үйреткенде шақырушы кісі 
кəмпитті (егер бұрын кəмпит жеп жүрген бала болса) немесе жаңа ойыншықты көрсетіп 
шақырады да бала тəй-тəй басып келсе, кəмпитті ойыншықты бере қояды. Кейіннен 
кəмпитті алуға ұмтылған бала аяғын тезірек басуға мəжбүр болады (кəмпит ұстаған адам 
бала алға басқан сайын шегініп, ара қашықтығын ұзартады), сөйтіп баланың жүруін 
тездетеді. 
Бала өсе келе оның екінші сигнал жүйесі дамыған сайын, шартты тітіркендіргіш ретінде 
сөздің əері пайдаланылады. Сөз əсеріне шартты рефлексті тудыру үшін 3 жасқа дейінгі 
балаларда негізінен үш жағдайды алғаш кезде сақтау керек. Сонда бала тез, уақытында 
сөйлеп үйренеді: 
1. Үйретіліп отырған сөздің мағынасына байланысты бейненің болуы жəне алғаш кезде 
оның тұрақты болуы. Мысалы, "əке" деген сөзді үйрету үшін "əке" деп айтып отырып, 
əкесін көрсету керек. Сөзді айтушының болу керек жене алғаш кезде ол да тұрақты бір кісі, 
айталық, шешесі болуы тиіс. Сөзді айтушы болмаса, бала сөйлеп үйренбейді. Мысалы, 
сақау адамдардың баласы сөйлеу қабілеті бола тұра, сөйлеп үйренбеуі мүмкін. 
2. Бала сөздің мағынасына байланысты затты дұрыс көріп тұруы керек, яғни баланың денесі 
кеңістікте дұрыс орын алуы қажет. 
Мұндай үш жағдайдың маңызы алғашқы 3 жасқа дейін ғана. Кейіннен баланың сөз қоры 
көбейе келе, олардың маңызы төмендеп, біртіндеп жойылады. 3 жастан кейін сөзді айтушы 
бейненің тұрақты болуы шарт емес, мысалы, кішкентай баланы бөтен адам сөйлетсе, ол 
тұрып қалады, болмаса жылап жібереді. Бара келе ол тəрбиешінің, теледидардың, 
магнитофонның, мұғалімдердің айтуымен, оқып үйрене келе, кітаптардағы түсіндірме 
сөздер арқылы да жаңа сөздерді үйрене алады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет