58 жастағы науқаста екі апта бұрын тыныштық күйде басылатын, жүрген кезде үдейтін төс артында қысып ауырсыну сезімі алғаш рет пайда болды. Бүгін түнде ауырсыну мойынға иррадиацияланып, толқын тәрізді сипатта, жалпы ұзақтығы бір жарым сағатқа дейін созылған төстің артындағы қысып ауырсынудан оянған. Толық емес және қысқа уақытты әсерімен нитроглицеринді қайталап қабылдаған. Ауырсыну синдромы жедел жәрдем дәрігерінің морфин тағайындауымен басылған. Аурудың симптомдары басталғанына екі сағат болғаннан кейін кардиореанимация бөлімшесіне жеткізілген. Түскен кезде шағымдары жоқ. ЭКГ бойынша: синусты ритм, ЖЖЖ 72 минутына , aVL, V3-V6 тіркемесінле оң мәнді Т тісшесімен екі ммге дейінгі ST сегментінің депрессиясы.