Қола дәуірі тайпаларының шаруашылығы, тұрмысы, қоғамдық құрылысы



бет1/9
Дата07.02.2022
өлшемі177,5 Kb.
#95855
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Қола дәуірі тайпалар шаруашылығы


Жоспар

  1. Қола дәуірі тайпаларының шаруашылығы, тұрмысы, қоғамдық құрылысы

  2. Дәуірдің кезеңделуі

  3. Орталық Қазақстанның қола дәуірі

  4. Шығыс Қазақстанның қола дәуірі

  5. Қола дәуіріндегі Солтүстік және Батыс Қазақстан

  6. Қола дәуіріндегі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірі

  7. Қола дәуірі ескерткіштері

  8. Пайдаланылған әдебиеттер


Қола дәуірі тайпаларының шаруашылығы, тұрмысы, қоғамдық құрылысы
Қола дәуірінде жерімізді жайлаған тайпалар зергерлік өнер туындыларын да қалдырды. Олар қоладан жасалған әр түрлі әшекей бұйымдар: шығыршықтар, сақиналар,білезіктер, салпыншақ әшекейлер, сырғалар, моншақтар. Білезік, сақиналар кейдеалтыннан да жасалатын болған. Салпыншақ, бір жарым орамды алтын сырғалар көп кездеседі. Оларды самай сырға деп атайды. Әр түрлі салпыншақтардан мойынға алқада таққан. Қола дәуірінде кейінгі қазақтың кісе белбеуіне ұқсас белбеулер де болған.
Әр түрлі жыртқыш аңдардың тісінен тізіп мойынға тұмарша да таққан. Аң тісінен балаға бойтұмар тағу кейінгі қазақтарға дейін жеткен. Андрондықтарда тас қашау өнері, сүйектен әр түрлі тұрмыстық зат жасау өнері жақсы дамыған. Тастан ұршық басын, дәнүккіш, қоладан құрал-қарулар құятын қалыптар жасаған. Сүйектен әшекей заттар,шүмек істеген.
Қола дәуірі тайпалары металдан әр түрлі заттар жасауды әбден жақсы игерген. Қолапышақтар, жебе ұштары, найза ұштары да металды өңдеу өнерінің куәсі. Қола дәуірінде ең бір өрістеген өнер түрі — көзе құмыралар жасау. Олардың тұрқының әдемілігімен қоса, бүйіріне, ернеуіне салған әшекейлері керемет өнер туындысы болып табылады. Қола дәуірі қыш ыдыстарындағы геометриялық өрнектерді кейінгі қазақтардың бау-басқұрларындағы, алашаларындағы өрнектермен салыстырсаңдар таңғаларлық ұқсастықты табасыңдар. Бұл нені көрсетеді? Жерімізді қола дәуірінде мекендеген тайпалар мен біздің мәдениетіміздің үндестігін, жалғастығын, алыс болса да, тектестігін дәлелдейді.
Көне замандағы кен өндірушілердің қонысы кенішке жақын болды. Кенді қорыту үшін өте күрделі құрылысты қазандықтар салынды. Қазандықта ауа үрлейтін көрік жұмыс істеді. Осындай қазандықтар көне кен орындарынан көптеп табылған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет