Қола дәуірі тайпаларының шаруашылығы, тұрмысы, қоғамдық құрылысы



бет2/9
Дата07.02.2022
өлшемі177,5 Kb.
#95855
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Қола дәуірі тайпалар шаруашылығы

Мал шаруашылығы
Мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы. Жабайы жануарларды қолға үйретуге көшу адам қоғамы дамуының занды кезеңі болды. Қолға үйретілген және қолда өсірілген жануарлар аңшылық сәтсіз болған күнде, әсіресе қыс кезінде, тамақ қоры болуын қамтамасыз етті. Жабайы жануарларды қолға үйрету сонау неолит дәуірінде басталды.
Солтүстік Арал өңіріндегі, Қазақстанның батыс, орталық және шығыс аудандарындағы неолиттік тұрақтарда жабайы жануарлардың сүйектерімен қатар қолға үйретілген сиырдың, жылкының, қойдың және ешкініңде болар, сүйектері табылды". Неолиттен кейінгі қола дәуірінде қолға үйретілген жануарлардың саны көбейді, малдың түр кұрамы да көбейді.Қола дәуірі шаруашылық нысаны ретіндегі мал шаруашылығының үздіксіз дамыған уақыты болды. Қола дәуірінің алдыңғы кезеңіндегі қоныстарда жиналған сүйек материал бұл уақытта Қазақстан аумағындағы адамның негізгі кәсібі үй маңында мал өсіру болды деуге мүмкіндік береді. Малдың көбі ірі қара болды; оны жаю үшін жайылымдағы шалғын пайдаланылды. Қой мен жылқы аз болды. Кәрі малдар мен әр жылғы төл қыска ет дайындауға арналды, ал төлдің бір бөлегі табында қалдырылды. Үй маңында мал бағу бірте-бірте жайлауда мал бағуға ұласты. Малды жайлауда бакканда бақташылар малмен бірге бір жайылымнан екінші жайылымға көшіп отырды. Табын кұрамында ұсақ малдың (қой-ешкінің) және жылқының үлесі көбейді. Мәселен, Атасуқонысынан табылған сүйектердің дені жылқының сүйегі болып шықты. Ботай қонысынан алынған материалдың көрсеткеніндей, жылқыны қолға үйрету мен оны салт мініп жүруге пайдалану энеолит дәуірінде орын алған. Дамыған кола дәуірінде жылқы неғұрлым кең көлемде: күш көлігі ретінде және салт мініп жүру үшін пайдаланылды. Мұны Степняктағы, Айдаболдағы,Тастыбұлақтағы қоныстардан табылған, сүйектен жасалған жұмсақ ауыздықтардың айшықтары дәлелдейді. Жылқыны көлік ретінде пайдалану даладағы және биік таудағы жайылымдарды игеру мүмкіншілігін молайтты. Орталық Қазақстанныңдалаларында жабайы түйе қолға үйретілді. Ақсу- Аюлы-2 кешендерінің бірін қазғанда ботаның сүйегі шықты. Алексеевка қонысында да түйенің кейбір сүйектері табылды. Ежелгі замандағы мал шаруашылығы экстенсивті шаруашылық болды. Жайылымдарды игеріп, көлемін кеңейту, төзімді, тебінге жарайтын (қыста қар астынан аяғымен шөп аршып алуға және ұзак жер жүруге кабілетті) жылқы, қой сияқты мал түрлерін өсіріп, өндіру малдың кебеюіне жеткізді. Қола дәуірінің соңғы кезеңіндеҚазақстанның далалық аудандарында мал өсіру шаруашылыктың негізгі саласына айналды және көшпелі мал шаруашылығына жақын түрге ие болды. Ол кезде Қазақстанның кең-байтақ аумағындағы халыктың бәрі бірдей шаруашылық жүргізудің осы жаңа түрлеріне көше қоймаған болу керек. Мәселен, соңғы қола дәуіріндегі Шығыс Қазақстандағы (Трушни- ково, Мало-Красноярка),Батыс Қазақстандағы (Алексеевка) және Солтүстік Қазақстандағы (Явленко-1) қоныстарда малдың дені әлі де ірі кара болған; мүның өзі Орталық Қазақстанның тайпаларымен салыстырғанда бұл жерлерді мекендеушілердің көшіп-қонуы аз болғандығын көрсетеді. Өнімді мал шаруашылығына көшу ілгері басқан кұбылыс болды. Жаңа еңбек кұралы, өндіріс кұрал-жабдығы ретінде бақташы тайпаларға мал материалдық игіліктер өндіруде көп артықшылықтар берді. Ет-сүт өнімдерінің қоры молайды, олардың жаңа түрлері (ірімшік, сүзбе) пайда болды, үй кәсібі (теріден, жүннен бұйым жасау) ұлғайды. Қазақстан аумағында мал шаруашылығымен катар неолит дәуірінен бастап егіншілік дами бастады. Қола дәуіріндегі тайпалардың шаруашылығында мал шаруашылығы мен егіншілік бірін-бірі толықтырып, өзара байланысты болды. Мәселен, Усть-Нарым қонысында (Шығыс Қазақстан) табылтан қыстырма орақтар егіншіліктің болғанын көрсетеді. Ол уақыттағы адам кездейсоқ, ұсақ егістен өзендердің жайылмаларындағы шатын алқаптарға тұрақты егін егуге көшті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет