Ii. Негізгі бөлім > 1 Ірі қара мал қоңдылығын анықтау



бет1/2
Дата09.03.2023
өлшемі0,91 Mb.
#171531
  1   2
Байланысты:
stud.kz-93935 2


Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Ірі қара мал қоңдылығын анықтау
2.2 Қой мен ешкінің қоңдылығын анықтау
2.3 Жылқы қоңдылығын анықтау
2.4 Шошқа қоңдылығын анықтау
2.5 Түйенің қоңдылығын анықтау
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиет тізімі

Кіріспе
Малдың қоңдылығы — мал денесінде қоректік заттардың (майет) жиналу деңгейі. Малдың қоңдылығы малдың күтіміне, тұқымына, жасына және денсаулығына байланысты. Осыған сәйкес мал қоңдылығына әр түрлі талап қойылады. Мысалы, бордақыланған, етке өткізетін мал нағыз семіз, ал көлік малының семіздігі жұмыс міндетін атқарып, денсаулығын калыпты жағдайда сақтауға жеткелікті дәрежеде болуы керек. Мал қоңдылығына байланысты сойыс салмағы, таза еттің түсімі, еттің химиялық құрамы өзгереді. Семіз малдың қара еті майлы, дәмді келеді.
Малдың тұқымына қарай қоңдылығы, етінің дәмі әр түрлі болады. Семіз сиырдың дене бітімі жұмыржамбасқұйымшақ сүйектері, омыртқалары
 білінбейді, шап майы толық, таза етінің 60 — 65%-ы ет пен май болады. Орташа қоңды сиырдың таза ет түсімі 50%. Сүйектері шығыңқы, еті олқы, шап майы жұқа келеді. Семіз жылқының арқа омыртқасы, қабырғасы, мықыны білінбейді, арқасы, сауыры жалпақ, жалы тік, тығыз келеді. Семіз түйенің саны жуанөркеші тік, тығыз, қолмен ұстағанда арқа және бел омыртқаларының ұштары білінбейді. Құйрықты және мәліш қойдың құйрығына май жиналады. Малдың қоңдылығына байланысты еттің химиялық құрамы өзгереді. Күтімі жақсы, семіз малдың қара еті майлы, дәмді келеді. Малдың қоңдылығын анықтауда әр малдың түріне бекітілген мемлекеттік стандарт қолданылады. Малдың физиологиялық қолайлы түріне, әдетте, оның орташа және жоғары қоңдылығы сәйкес келеді.
Майдың қоңдылығын анықтауда оның тірілей салмағын білудің маңызы зор.
Малдың салмағын таразыға тарту немесе кейбір өлшемдер арқылы анықтауға болады. Мал салмағы оны азықтандырудан немесе суарғаннан 2-3 сағаттан соң өлшенеді. Ішек-қарындағы заттар үшін табылған салмақтың 3% -ы кемітіледі. Егер өлшеу 3 сағаттан кейін жүргізілген болса, әр сағатқа салмақты кeміту 0,5% азайтылады, ал таразыға тарту малды азықтандырудан 6 сағат кейін жүргізілсе, ішек- қарындағы заттарға салмағын кемітпейді. Сонымен қатар малдың тірілей салмағы бойынша қабылдағанда терісінің тазалығын, буаздылығын ескереді және малдың салмағын арттыру мақсатында артық жем, су берілмеуін кадағалайды. Малдың тірілей салмағын кейбір өлшеулер арқылы да анықтауға болады. Әрине, бұлай анықтау дәл бола бермейді, бірaқ кейде мал салмағын шамалап анықтауға пайдаланылады. (Ол мал тұқымына, жасына, жынысына байланысты).
Жылқының тірілей салмағын анықтау үшін жауырын артынан өлшенген жуандығын жеңіл жылқы үшін — 2, 7, орта жылқы үшін — 3,1, ауыр жылқылар үшін -3,5 коэффициентіне көбейтеді.


Негізгі бөлім
2.1 Ірі қара мал қоңдылығын анықтау
Жынысы мен жасына қарай ірі қара малды 4 топқа бөледі:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет