ХІХ ғ бірінші жартысындағы Қазақстанның қоғамдық саяси өміріндегі өзгерістер
Патша өкіметінің отаршылдық саясаты қазақтардың қоғамдық саяси өміріне өзгерістер әкелді. Жазғы жайылымдар мен қысқы қоныстарды казак әскерлерінің басып алуы мал шаруашылығымен айналысатын қазақтардың көшу жолдарының бағыттарын бұзды. Осының əсерінен,жер тапшылығынан қазақ руларының бір бөлігі жартылай отырықшылыққа көше бастады.Өнеркәсіп пен кәсіпшіліктің жаңа салалары қалыптасты.Ертіс,Жайық өзендері бойындағы қазақтар балық аулаумен айналыса бастады.Батыс және солтүстік аудандарда тұзды көлдерден қажетті тұз өндіру және оны сату жолға қойылды. Шаруашылық өмірдегі өзгерістер жəне шекаралас орыс жерлерімен сауда байланыстарының күшейе түсуі мал құрамына əсер етті. Бұрынғысынша мал шаруашылығының басты салалары қой жəне жылқы өсіру болғанымен, ірі қара мал өсіру де кең тарай бастады. Орта Азиядағы керуен саудасының өсуіне байланысты көлік құралы ретінде түйенің де маңызы арта түсті.
ХVIII ғасырдың өзінде - ақ белең ала бастаған орыс-қазақ саудасы ХIХ ғасырдың бірінші жартысында кең өріс алды. Орынбор,Петропавл, Омбы, Семей қамалдары Қазақстанмен сауда жасаудың негізгі орталықтарына айналды. Осы уақытта Қазақстан Орта Азия хандықтарымен,Сібірмен жәнеҚытай мемлекетіменде сауда байланыстарын кеңейтті. Орталық және Шығыс аймақтарда түсті металдар мен көмір өндіретін кен орындары ашылып,диірмендер,ұста дүкені,шағын зауыттар іске қосылды. ХIХ ғасырдың басындағы саяси жəне шаруашылық өмірде орын алған өзгерістер сұлтандар қауымының екіге бөлінуіне алып келді. Олардың бір бөлігі орыс отаршылдық аппаратына қызметке кірсе, қалған бөлігі өздерінің жеңілдіктерінен айырылып қалды.
ХІХ ғ басында сот ісі мен салық жүйесін қамтыған өзгерістер
ХІХ ғ. Басындағы ереже бойынша бұрыннан келе жатқан дәстүрлі билер сотына шектеу қойылды.Олар ұсақ түйек мәселелерді ғана қарайтын болды.Сот істері үшке бөлінді: қылмыстық істер,талап ету,болыстық басқармаға шағым айту.Үкіметке қарсы әрекеттер жасау,кісі өлтіру,қарақшылық,барымта сияқты қылмысты істерді әскери соттар қарады.Ірі қылмыстық істеримперия заңдары негізінде қаралды.Жаңа жобаны бірте бірте енгізу үшін патша үкіметі барлық салықтарды төлеуге бес жылдық жеңілдік берді.Бұлжылдар ішінде ауруханалар мен мектептер салу үшін ерікті түрде алым салық жиналып келді.Жеңілдік уақыты біткеннен кейін,100 бастан бір бас мөлшерінде жасақ төлеуге міндетті болды.Бірақ ондай салық түйе басына төленген жоқ.Түйелер сауда керуенін жүргізуге қажет еді. Алым салық үшін мал санағы үш жылда бір рет өткізіліп тұрды.
Қазақстанда ХІХ ғасырдың 20-40 жылдары жүргізілген реформалар және олардың қазақ мемлекеттілігін жоюдағы ролі.
ХІХ ғ.20 жылдары патша үкіметі хан билігін жоятын уақыт келді деп есептеді.
Себептері: Біріншіден,Қазақ хандары беделінен айырылып, қуыршақ хандар пайда болды. Екіншіден, Кіші жүзді де,Орта жүзді де әкімшілік аймақтарға бөліп тастады.1801 жылы Ішкі Орданы құрды.Орта жүзде 1817 ж.Бөкей хан,1819 жУәли хан қайтыс болғаннан кейін хан сайлаған жоқ. 1822 жылы М.М Сперанский жасаған « Сібір қырғыздары туралы Жарғы» күшіне енді. Мақсаты Орта жүзде хан билігін жою. Сөйтіп Орта жүзді басқару жүйесі түбегейлі өзгертілді.
1822 жылы Орынбор өлкесінің губернаторы П.К Эссен «Орынбор қырғыздарының жарғысын» жасады. Жарғыға Ресей патшасы І Александр 1824 жылы қол қойды. Хандық биліктің жеті сатыдан тұратын басқару жүйесінің орнына үш сатыдан тұратын басқару жүйесі келді. Округ,болыс,ауыл. Басқарудың округтік жүйесі енгізіліп,салдарынан, Кіші жүз бен Орта жүз дәстүрлі мемлекеттілігінен айырылып қалды.
Достарыңызбен бөлісу: |