Эко үйге келесі талаптарға сай келетін үйді жатқызуға болады:
1.Энергияны үнемдеуші және қалпына келетін энергия көздерін тұтынатын;
2. Құрылысы үшін жергілікті жердің құрылыс материалдары қолданылуы керек, олар мүмкіндігінше өндіруде, өңдеуде, тасымалдауда аз шығын қажет ететін, құрылыс кезінде ауыр техниканың көмегінсіз қолданылуға болатын болғаны жақсы. Эко үйдің қолданылу мерзімі біткеннен кейін, оның құрылысында қолданылған материалдар сол тұрған орнында табиғи жолмен жойылуға мүмкіндігі болуы керек.
3. Эко үйді қолдану барысында үйде қатты және сұйық қалдықтарды (қоқыс) өңдейтін және жоятын автономды қондырғыларды қолдану керек. Қайта өңделген қалдықтарды ауладағы бау-бақшаны тыңайтуда қолдануды жүзеге асыру керек.
4. Үйдің ішінде және аулада өсімдіктердің болуы керек
5. ХХІ ғасырда адамдардың тұрмысында әртүрлі химиялық қоспалардан жасалатын өнімдерді үйдің құрылысында, тұрмыста қолдану негізгі орында тұр ( пластик, синтетикалық заттар). Эко үйде бұлар болмауы керек!
6. Үйдегі электр ток желілері мен электр тұтынушы құрылғылар электромагниттік өрістің көздері болып табылады. Олар да адам үшін зиянды болып табылады. Эко үйде бірнеше шараларды қолданып олардың деңгейін бірнеше есе түсіруге болады.
Экоүйді әрбір адам сала алады..Ол үшін көп нәрсенің қажеті де жоқ. материалдарды табиғаттың өзінен алуға болады. Ал бұндай табиғи материалдар қоры біздің елімізде жеткілікті. Мысалы біздің елімізде орасан зор алқаптарда бидай мен күріш дәнді дақылдары егіледі, оларды жинап алғаннан кейін қалған сабағы( сабан) көпшілік жағдайда өртеледі, ал бұл экологиялық таза үй үшін өте қажет материал, еліміздің көпшілік өңірінде өсетін-қамыстан үйлер тұрғызу жақын және алыс шет елдерде қазіргі күндері кеңінен қолданылуда. Себебі бұл материалдардан тұрғызылған үйлер біріншіден-экологиялық таза, екіншіден сейсмикалық толқындарға шыдамды, үшіншіден бұл материалдардан салынған үйлер жазда салқын, ал қыста өте жылы болады. Бұл материалдардың жылу өткізгіштігі төмен, ал меншікті жылу сыйымдылығы жоғары, төртіншіден бағасы өте арзан, бесіншіден әртүрлі энергияны тұтыну(электр, жылу) бірнеше есе төмендейді.
Жоғарыдағы аталған мәселеге сәйкес менің жұмысымның мақсаты ауылдық жерге арналған «Эко Үй» жобасын жасау болып табылады.
Бұл жұмысты зерттеу барысында келесі міндеттер жүзеге асырылды:
Берілген тақырып бойынша әдебиеттерге, әртүрлі ақпарат көздеріне шолу жасау;
Экологиялық жағдайды және өңіріміздің географиялық-климаттық жағдайларын ескере отырып үйдің жоспарын жасау;
Құрылыста қазіргі кезде пайдаланылатын негізгі материалдар: кірпіш, ағаш, саз балшық, сабанның меншікті жылу сыйымдылығын анықтау және жылу сыйымдылығы мен жылу өткізгіштігіне салыстырмалы сараптама жасау ;
Энергияны үнемдеу әдістерін іздеу;
Балама энергия көздерін пайдалану жобасын жасау;
Ауланы көгалдандыру, үй тұрғындарын жеміс-жидек және көкөніспен қамтамасыз ететін жоба жасау;
Эко топ құру;
Эко Үйге көшу жөнінде ұсыныстар тізімін жасау.
Эко үй қолжетімді әрі экологиялық таза материалдардан салынуы қажет, сонымен бірге жылуды сақтай алуы керек. Үйді өмір бойы көп отын жағып әуре болғанша, бір рет құрылыс жобасын бастау кезінде оның жылу сыйымдылығын ескеру қажет деп ойлаймын. Ол үшін құрылыс материалдарының жылу сыйымдылығын анықтау қажет.
Құрылыс материалдарының меншікті жылу сыйымдылығы пластикалық деформация кезінде жасалған жұмысты өлшеп салыстыру арқылы анықталды.(1 қосымша) Өлшеу нәтижелері ағаш пен сабан, қамыстың меншікті жылу сыйымдылығы жоғары екенін көрсетті. Бұл материалдардан салынған үйлерді ұзақ уақыт кеткенімен, олардағы жылу да ұзақ уақыт сақталады, жазда салқын болады. Сонымен бірге сабан мен қамыстың жылуөткізгіштігі кірпіштен 7 есе, ал ағаштан 4 есе төмен Демек, сәйкесінше үйді жылытуға жұмсалатын отын мөлшері де сонша есе қысқарады.
Сабан мен қамыстан салынған үй қабырғалары жақсы демалады (араларында бос қуыстардың болуы), зиянды заттардды бөліп шығармайды, дыбысты өткізбейді, яғни көше шуынан қорғайды.
Бұл материалдардан салынған үйлер экплуатация уақыты біткеннен кейін оңай қайта жиналады, басқа орынға қайта тұрғызуға ыңғайлы, көшіп-қону кезінде оларды жинап тасымалдау көп қаражатты қажет етпейді, әрі олар өте жеңіл болғандықтан көп күшті, ауыр техникаларды қолдануды да қажет етпейді, қалған қалдықтары басқа мақсаттарда қолданылуға болады немесе табиғатқа зиянсыз түрде жоюға болады. Мысалы, жерге төсеніш ретінде қолдануға немесе жерге көму арқылы оларды шірітіп, өз бау-бақшамызға тыңайтқыш ретінде қолдануға болады Ал бұл қазіргі кезде әлемде маңызды орын алып отырған проблемалардың бірі болып табылады.
Ұсынылып отырған эко үй жобасы 10-15 соток жерге орналасады және орта есеппен 5-6 адамнан тұратын жанұяға арналған.(5 қосымша).
Үйді жобалау кезінде үйдің құрылысына арналған жер өлшемін мейілінше қысқартып алдым, қалған жер бөлігін негізінен көгалдандыру мен экологияны сақтауға арнадым. Үйдің өзі екі қабаттан тұрады және көшеге жақын жағына орналастырдым, бұл өз кезегінде жерге төселетін тротуар, тастың қолданылуын азайтады да жердің көп бөлігі табиғи күйін сақтап қалады.
Эко Үйдің негізгі элементі ретінде күн энергиясын тиімді пайдалануды қолдандым. Ол үшін үйдің шатырына күн коллекторларын үйдегі ауа мен суды жылыту үшін, ал күн батареяларын үйдің ауласының оңтүстік бөлігінде орын алатын жылыжайды жылыту үшін қолданамын. Электр энергиясын алу үшін желмен жұмыс істейтін шағын электр станциясын қолданамын. Үйдің жертөлесіне тәуліктік және мезгілдік аккумулятор орналастырдым. Ол өз кезегінде үйдегі ауа ауысымы мен жылуды реттеп отырады, сонымен бірге ол жерге «Биогаз» қондырғысын қолданып табиғи таза метан газын қолдануды жүзеге асырамын. Бұл биогазды өз ауламда өсіріп отырған малдың тезегін қолдану арқылы аламын. Газды өндіруден қалған мал тезегінің қалдығын егістік үшін тыңайтқыш ретінде қолданамын. Осылай эко үй өзін автономды түрде энергиямен қамтамасыз етеді, әрі экономикалық жағынан тиімді.
Менің ұсынып отырған Эко-Үйімнің орналасуы оңтүстік бағытта болады. Бұл өз кезегінде үйдегі жарық пен жылуды күннен тәуліктің жарық кезінде пайдалану арқылы энергияны үнемдеуге мүмкіндік береді.
Мен үйдің құрылысын негізінен сабан мен саз балшықтан құйып жасалған блоктардан немесе қамыстан буып жасалған баулар арқылы жасауды ұсынамын. Бұл үй құрылысына жұмсалатын қаржыны бірнеше есе қысқартуға мүмкіндік береді..
Сабан немесе қамыстан құрылатын үйді тұрғызу технологиясы өте қарапайым. Үйдің фундаментіне ағаш каркастар орнатылады, олардың арасына сабан блоктарын немесе қамыс бауларын арматура немесе сымдармен бекітіледі. Сонымен орташа есеппен 100 м 2 үйдің құрылысына орташа 4-5 га егістіктен алынған сабан жеткілікті. Кейін қабырғаны екі жағынан балшықпен сылап шығу керек.
Үйдің ауласының қоршауын айналдыра ағаштар егіледі. Ол өз кезегінде көшеден келетін шаң-тозаңды, көмірқышқыл газын жұтып ауаны оттегмен байытады.
Ауланың қалған жерінің негізгі бөлігін отбасында қолдануға қажетті жеміс-жидектер, көкөністер , бақша дақылдарын егуге арналады. Егістіктен алынған өнімді тек отбасында тұтынып қоймай артылып қалғанын сатып пайда табуға болады. Сонымен бірге ауланда демалыс орны мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған орын да болады. Егіндерді егуде әр жылда олардың егу орындарын ауыстыру арқылы жердің құнарлылығын арттыруға және мол өнім алуға қол жеткуге болады
Егідерді егу кезегі 2 қосымшада келтірілген.
Аулада сонымен бірге келесі жеміс ағаштарын егемін: әртүрлі сұрыптағы 4-5 алма ағашы, 1-2 алмұрт ағашы, бірнеше сұрыпта жүзім, өрік, қара өрік, шие ағашы, шабдалы ағашы.
Сонымен бірге аулада миниферма орналасады. Ол жерде негізінен қой, ешкі, тауық, қоян бағуға арнаймын. Оларды ет-сүт, жұмыртқа, жүн өнімдерін алуға қолданамын және тезектерін жоғарыда атап өткенімдей биогаз алу үшін қолданамын.
Демалу мен спортпен айналысуға арналған жерді және егістік пен басқа құрылыстан қалған жерлерді газонмен басқа да гүл, шөптер бұталы өсімдіктермен безендіремін. Ол бір жағынан әсемдік берсе, екінші жағынан ауаны тазалайд. Үйден шыққан пайдаланылған суды су тазарту қондырғысы арқылы тазалап ауладағы егінді суаруға, көлік жууға, малды суаруға пайдаланамын. Сонымен бірге суды үнемдеу үшін жаңбыр мен қардан су жинауға арналған қондырғылар (резервуарлар) орналастырамын.
Өз жобамыз жөнінде жетекшіммен бірге сыныптастарыма таныстыру жасадым. Оларға жобамды жасау мен жүзеге асыру жөнінде көмектері қажет екенін ескерттім. Бірінші Эко-Үй макетін жасау үшін сыныптасым Даулетбаев Уалихан көмек беретін болды, ал екінші мәселе қоқыс, су, энергияны үнемдеу және күнделікті тұрмыста тұтынылатын заттар туралы мәліметтер жинауды сыныптың қалған оқушылары зерттеп, мәліметтер жинауға келісті. Бұл жерде біз негізінен өз отбасыларымыздағы әрбір адамға табиғатқа қамқорлық жасауымыз, оны қастерлей білуіміз керектігі жөнінде жеткізе білуіміз керек болды. Үйдегі тұтынатын энергия түрлерін тұтыну мөлшерін есептеу, үнемдеуге көшу жолдарын анықтау.
Үйден шығатын барлық тұрмыстық қалдықтарды құрамына қарай бөлуді келісіп алдық. Қағаз, шыны, метал, пластмасса. Оларды әрқайсысын жеке контейнерлерге жинап қайта өңдеуге жіберуді жүзеге асыру керек.Тұрмыстық органикалық қалдықтарды (тамақ және т.б) биологиялық әдісте өңдеп егістікте пайдаланамыз. Тамақ өнімдерін сатып алғанда мейілінше қаптамасы бар, әсіресе целлофан пакеті бар тағамдарды шектеу.
Сыныптастарымның жасаған жұмыстарының қорытындысы келесі нәтижелерді көрсетті: тәуліктің жарық кездерінде жарықты пайдаланбау, электр құралдарын қажет кезде қосу арқылы электр энергиясын тұтыну 15-40 %-ға төмендеді, газды қажет жағдайда және дұрыс жағу арқылы 10-15 % — жылуға жұмсалатын газ үнемделсе, 15-25 % -ға өмір нәрі болып саналатын су үнемделетіні анықталды. Нәтижесінде жанұяның бұл энергия түрлерін тұтыну барысында жұмсайтын қаражаты орта есеппен 9-12% -ға қысқарды. Бұл тек бір апта ішінде алынған көрсеткіштер. Бұны бірнеше жылдарға көбейтсек үлкен қаражат үнемдейтінімізді көруге болады. Ол үнемделген қаражатты басқа қажеттіліктерімізге жұмсауға болады. Топ мүшелері үйдегі экологиялық жағдайды қалай жақсартуға болатындығы жөніндегі өз кеңестерін ұсынды (4 қосымша).