Менің жұмысымның тақырыбы «Менің эко үйім»



бет2/2
Дата07.10.2022
өлшемі20,2 Kb.
#152158
1   2
Байланысты:
Эко үй Нурсауле

Қорытынды.
Берілген жұмысты зерттеу барысында әртүрлі әдебиеттер мен ақпарат көздерінен эко үй құрылысын жасау мен қошаған ортаны қорғау жөніндегі мақалаларды зерттедім. Құрылыста қазіргі күнде жиі қолданылатын кейбір құрылыс материалдары мен өзім ұсынғалы отырған сабан мен қамыстың салыстырмалы сараптамасы жасалды. Меншікті жылу сыйымдылығы тәжірибе арылы анықталып, ал жылу өткізгіштігі анықтамалықтардағы мәліметтер бойынша салыстырылды.
Алынған мәліметтерді пайдалана отырып мен өзімнің ауылдық жерге арналған Эко Үй жобасын жасадым. Ол жобада жоғарыда көрсетіп өткендей экололгияға зияны өте аз, тіпті жоқ деуге болады, сонымен бірге қаражат пен жұмсалатын күш те бірнеше есе қысқаратынын анықтадым.
Ең негізгі сыныптастарыма табиғатты сақтау, экологияны қорғау жөнінде ой тастап, олардың энергияны үнемдеу керектігі жөнінде түсініктерін қалыптастырдым деген ойдамын. Сыныптастарыммен бірге жасаған үйдегі экологиялық жағдайды қалай жақсартуға болатындығы жөніндегі ұсыныстары бұл бағытта жасаған алғашқы қадамдарымыздың бірі болып табылады және ол өз жалғасын табады деп ойлаймын. Бұл үлкен нәтиже деп санаймын, себебі сыныбымда менен басқа қатысқан әрбір оқушы осы ұсыныстрды өз жанұясына, туған-туыстарына жеткізе білетін болса, қанша энергия мен қаражат үнемделетінін есептейік, ең бастысы экологияға келтіретін зиянның бірнеше есе қысқаратындығы көңіліңе қуаныш ұялатады.
Сонымен мен жұмысты зерттеу барысында «Эко-Үй» құрылысының біріншіден зиянсыз екенін, ал екіншіден экономикалық жағынан тиімді екенін анықтадым.
Өз жұмысым арқылы мен қоғамға пайда келтіргім келеді. Жобаны көпшілікке ұсынып жүзеге асса, біз экологияға көп пайда келтіреміз әрі өз денсаулығымызды сақтаймыз, орасан зор қаражатты үнемдеп еліміздің экономикасын дамытамыз.Сондықтан әрбір Қазақстан тұрғынын Эко Үйге көшуге шақырамын!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет