Паллиативті көмекті кімдер қажет етеді



бет1/5
Дата12.03.2023
өлшемі35,81 Kb.
#171984
  1   2   3   4   5
Байланысты:
плиа
Заметка 16 июня 2023 г.11 40 38, f61837dc52361f

Паллиативті көмекті кімдер қажет етеді.
Паллиативті күтім - ол емделуші және оның жанұясына көрсетілетін психологиялық, физикалық, әлеуметтік, рухани қажеттілікпен қамтамасыз ету үшін белсенді түрде көмек көрсету. Көмек кез келген әлеуметтік топтарға арналған және әлеуметтік мемлекеттік бағдарлама шеңберінде тегін ұсынылады..
Паллиатив күтімінің көрсеткіштері:
• Паллиативті көмекті ауырып келген науқас онкологиялық тіркеуге алынып, жағдайы нашарлаған кезде, паллиативті бөлімге аударған кезде алады.
• Амбулаториялық паллиативті көмек.
• Хоспистер, тегін және ақылы түрде болады.
Паллиативті көмекті көрсететін мейірбикенің міндеті мен рөлі.
Емделушінің жай күйін бағалау, дәрігер тағайындауын уақытымен сапалы орындау,емдеу жоспарларын тұрақты бағалау, емделушімен және туыстарымен дұрыс қарым қатынаста болу арқылы көмек көрсету.Науқастың жеке бас гигиенасын қадағалап қамтамасыз ету, ойылудың алдын алу, төсек ауыстыру тәсілдерін жетік меңгеру қажет.
Емделушінің жағдайын бағалап,дәрігерге хабарлап отыруы қажет.
Мейіргерлік күтім көрсету тәртібі
Мейірбикелік күтім көрсету стационарлық және амбулаторлық түрде ұсынылады.
Паллиативті науқасқа бірінші кезекте ауырсынуды болдырмау қажет, ас қорыту бұзылыстарын түзету керек, психологиялық көмек және ұтымды тамақтану қажет.
Ауырсынуды басу үшін онколог немесе терапевт ем тағайындайды. Ауырсынуды басу шамамен келесідей болуы мүмкін – анальгетиктер белгілі бір уақытта қолданылуы керек. Анальгетиктерді «анальгетикалық баспалдақ» деп аталатын схема бойынша қолдануға болады, немесе құрамында есірткі қосылған препарат тағайындайды. Паллиативті науқастарға ауры күшейген кезде есірткісі бар препараттар салынады.
Паллиативті күтім жасау процедуралары
Амбулаториялық-паллиативті көмек мамандандырылған кеңселерде немесе қысқа мерзімді науқастарға көмек көрсететін қызметкерлерге бару арқылы беріледі.. 
Паллиативтік күтімнің негізгі мақсаты – емделушінің және науқас отбасының өмір сапалығын жақсарту. .
Паллиативті көмекті көрсететін мамандар тобының мүшесі боп паллиативті бөлімнің дәрігері, әлеуметтік қызметкер, психологтар, массажистер, диетологтар және басқа адамдар бола алады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет