Психология және Педагогика



бет1/3
Дата03.03.2022
өлшемі44,09 Kb.
#134247
түріКодекс
  1   2   3
Байланысты:
5 апта Реферат


Қыздар ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Психология және Педагогика





Практикалық психология

Тақырыбы: «Практик психологтың кәсіби этикаларының стандарттары»

Орындаған : Церегхаан К

1 Этикалық кодекске кіріспе.


2 Негізгі этикалық стандарттар.
3 Жалпы принциптер.
Кіріспе
Берілген этикалық стандарттар барлық формадағы психологияның кәсіби іс - әрекетінде басшылыққа алу мақсатында қолдануға бағытталған. Писхологтардың ресми қоғамы, олар үшін жауапкершілікті арттыру және соларға сәйкес өзінің әр мүшесінің іс – әрекетін бағалап отырады. Психологтың іс - әрекеті ең алдымен шыдамдылық және заңдылық осы елде Қазақстан Республикасындағы демократиялық түрде бекітілген прнциптермен анықталады.Өздерінің кәсіптік іс - әрекетінде психологтар өздері істеп жүрген мекеменің әлеуметтік ортаның бекітілген іске алатын ережелеріне сүйену қажет.Психологтар өз кәсіби іс - әрекетіне шектеу жасайтын немесе бөгет болатын кез келген жәйттерді шектеуі мүмкін.Негізгі этикалық стандарттар
.1. Психологтың іс - әрекеті адам тұлғасының дұрыс дамуына интеллектуалды функциясының толымды дамуына бағытталған. Психолотың ең алдымен осы өзі жұмыс істейтін субъектілермен сыйластық сезімі болуы керек. Психология кәсіп ретінде барлық кәсіби этикаларға ортақ болатын принциптерімен басқарылады:
Тұлғаны сыйлау;
 Адам құқықтарын қорғау;
 Клиентке қатысты шыншылдық пен шынайлық түрлі құрал – жабдықтарды қолданудағы сақтық, кәсіби кәсіби компетенттілік;
Мақсатқа жетуге табандылық;
 Түрлі әсерлердің ғылыми негізде жүзеге асырылуы.
 Психологтар адамның бостандығына (немесе еркіндігіне), физикалық, психологиялық қолсұқпаушылыққа қарсы бағытталған әдістерді құрастыруға қатыспауы қажет және оған септігін тигізбеуі қажет.
Барлық психологтар өздерінің кәсіби ұйымдарын, өзінің кәсіби практикасында кездеске немесе белгілі болған түрлі адам құқықтарын бұзу жөніндегі оның ішінде баланы қорғау құқықтарының бұзылуы, қорлау, қатігездік, педагогтар және т.б. адамдар жағынан балаға қатысты гуманды емес қатынастар жөнінде және тағы басқа келеңсіз жәйттер жайлы ақпарат берілуі қажет. Көмек көрсету барысында психологтар өздеріне келген адамдарды түрлі тектік, нәсілдік, үлттық, жастық, жыныстық, идеалогиялық айырмашылықтары бойынша бөліп дискренацияламау қажет.. Психологтар клиентке қатысты өз кәсібін пайдалана отырып үстемдік және билікті қолданбау керек. Әсіресе өзіне пайда келтіру немесе өзіне белгілі бір жеңілдіктер жасау үшін клиенттерді пайдаланбау және үшінші адам ретінде пайдаланбау керек. Психолог өзінің атын немесе қолын басқа психологиялық квалификациясы жоқ адамдармен пайдалануға жол бермеуі қажет, яғни психологиялық әдістердің заңсыз түрде қолданылуынна жол бермеу.
Кәсіби-әдептік қағидалар практикалық психологтың іс-әрекетінде маңызды рөл ойнайды. Қоғамдастықтың кәсіби психологтары психологтың білуі тиіс және қызметінде бағдарланатын нормалардың жүйесін қадағалайды. Кәсіби –әдептік нормалар бұл – психологтың кәсіби біліктілігінің деңгейіне, оның іс-әрекетінде қызметтестерімен, ғылыми қоғаммен, сондай-ақ клиенттермен және сыналушылармен өзара қатынастарында жүзеге асырылуына ұсынылған ортақ талаптар.
Бұндай қағидалар психологтың жауапкершлігін, оның психотерапевтік процестің басқа мүшелерімен қатынастарының сипатын нығайтады. Маман еместердің психологиялық тәжірибесі, сондай-ақ кейбір психологтардың әдептік нормаларды елмеуі, көбінде психотерапевтің және кеңесшінің әлеуметтік беделін жоюда. Мәселен, Қазақстанда әлі де практикалық психология бөліміндегі іс-әрекетті тиімді әдептік қадағалау қызметтерін орындайтын беделді қоғам жеткіліксіз.
Психолог пен клиенттің қатынастарын реттеудің әдептік реттеудің ерекшеліктері соңғысының арнайы хұқықтарының заңмен қорғалмауында. Әлі де болса психотерапевтік, кеңес беруші процесс мүшелері хұқығының бұзылуы жайлы істерді қарайтын сот тәжірибесі жоқ. Мұндай жағдайда әдептік нормалар өз механизмін сақтап қалса да олардың маңызы одан сайын артуда. Шет елдегі практикалық психологтар тәжірибесінің пайдалануы, сондай-ақ отандық тәжірибенің жалпылануы, практикалық пихологиядағы кәсіби әдепті ұстануды қамтамасыз ететін неғұрлым ортақ қағидаларды ұсынуға мүмкіндік береді.

  1. Жауапкершілік. Психолог психологиялық көмектің ұйымдастырылуына, оның жүру барысы мен нәтижесіне жауапты. Клиенттің қызығушылықтары оның іс-әрекетінің бастапқы пункті болып табылады. Сол қызығушылықтарды дұрыс түсінген маңызды. Егер психолог клиент сезімінің шынайы табиғатын және қажеттіліктерін түсінбесе, психотерапияның алға жылжуы күмансыз.

Алайда, психотерапевтің клиенттің проблемаларын шешудегі жаапкершілігін асыра бағалауға болмайды, – оның өзіндік шегі бар. Клиентті оның күйіндегі прогрестің ең алдымен оның өзіне байланысты екенідігіне әрі ондай қиын жолды психологтың біліміне, тәжірибесі мен арқауына сүйеніп, оның өзі өтуі тиіс екендігіне көзін жеткізу қажет.
Психолог жауапкершілігінің танымдық қыры да маңызды. Бұл психологтың өзінің теориялық және әдістемелік білімдеріне жауап беріп, кәсіби біліктілігінің шекарасын түсінетінін білдіреді. Мәселен, ол өзіне нақты психиатриялық диагнозды қойып, оның негізінде түзету жұмыстарын жүргізу қызметтерін орындауды мойнына ала алмайды. Психолог нақты саланың маманы бола тұра, алынған кәсіби даярлықтың негізінде білікті әрекеттерді жүзеге асыруы тиіс. Бұл шығармашылық ізденісті жоққа шығармайды. Тек ізденістің өнімді болғаны, жағдайдың терең ойластырылуы, арнайы даярлыққа сүйенгені қажет.
Ережеге сәйкес психологтар тәжірибелерін куәландыратын сертифиатқа ие болады. Психотерапияда мамандану жағдайы жалпы, әлеуметтік, жас ерекшелік, педагогтық, медициналық психологиядағы, патопсихологиядағы, психодиагностикадағы және т.с.с. білімдерді болжайды. Психотерапевтке теориялық даярлықтан басқа, арнайы дағдылар мен іскерліктер қажет. Сонымен, ол нақты жеке-дара сипаттамаларға ие болуы тиіс. Ең алдымен психолог өзінің проблемаларын шеше алуы тиіс, өйткені олар қызметіндегі қателерді арандатады. Психологтың өзінің тереңдегі қажеттіліктерін түсіну және қанағаттандыру іскерліктерін дамытқаны маңызды. Егер психолог өз проблемаларының орнын толтырса, ол клиенттің түсінігінен алшақ қалады. Психотеоапевт клиент үшін үлгі болып табылады, сондықтан оның жағдайы көбінде болып жатқан өзгерістердің негізін анықтайды. Мәселен, қабылдаудың ерте тәжірибес жоқ кеңесші әркез мойындауды күтеді әрі оған клиенттердің таңып қоятын «керемет доктор» ойынына қуана –қуана қатысатын болады.
Жауапкершілік қағидасы психологты клиентпен жұмысының аяқталуының орындылығы оны жалғастырудың орындылығынан асып түссе, ол оны аяқтауға итермелейді. Бұл тұрғының экономикалық, қисынды әрі адамгершілікті негіздемесі бар. Нақты жағдайда тұлғаның толықтай түзетілуі ойға қонымсыз болса, сеанстардың жалғастырылуы уақыт пен құралдардың қосымша және орынсыз шығынына әкеледі. Егер клиентті басқа маманға, мәселен психиатрға бағдарлауға міндеттесе психологтың жұмысы аяқталуы мүмкін.
Психологтың жауапкершлігі оның клиенттің тарапынан негізссіз үміттер мен сенімдерді тудырмауында анықталады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет