1 КІРІСПЕ. ПӘННІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ, ОҚУ ҮРДІСІНДЕГІ ОРНЫ. АНАЛИЗАТОРЛАРДЫ ДЕФЕКТОЛОГ МАМАНДАРДЫҢ БІЛУ ҚАЖЕТТІЛІГІ. «Есту, көру және сөйлеу органдарының анатомиясы, физиологиясы және патологиясы»пәні спорттың сан алуан түрінен жаттықтырушыларды және дене тәрбесінен дәріс беретін мұғалімдерді медициналық, биологиялық даярлықтан өткізетін іргелі теориялық курс. Оның негізгі мақсаты тек қана білім объектісін емес, мамандардың болашақ қызметін де қамтамасыз етпек. Сонымен қатар, олар осы бағдарлама арқылы тәжірибе жүзінде көптеген нәтижелерге қол жеткізбек.
Пәннің мақсаты – студенттерді адам ағзасының құрылысымен, оның қоршаған ортамен қатынасының тарихи дамуымен, организмнің адам жасына байланысты және жеке тұлғалық ерекшеліктерімен, дене тәрбиесі мен спортпен айналысудың организмге тигізетін ісерін зерттеу.
Пәннің міндеттері:
студенттердің диалектикалық-материалистік дүниетанымының қалыптасуына ықпал ету;
студенттердің жалпы биологиялық, теориялық және әдістемелік даярлығының ауқымын кеңейту;
адам организмінің құрылысын оның барлық ұйымдастыру деңгейінде тереңдете оқыту;
2. КӨРУ АНАЛИЗАТОРЫНЫҢ АНАТОМИЯСЫ 2.1Көз алмасы
2.2Көз алмасының қабықтары: сыртқы, тығыз ақ қабықша, ортадағы тамырлы қабықша, тор қабықша
2.3 Көз алмасының ішкі ядросы: көз бұршағы, шыны сияқты дене, көз сұйықтығы
2.4 Көру органның қосымша аппараттары
Көз - көз алмасынан және оны қоршап жатқан қосымша (қосалқы) ағзалардан тұрады.
Көз алмасының сызбанұсқасы: 1 - көз алмасының бұлшыкеттері; .2 - қантамырлары; 3 - жүйке талшықтары; 4 –көру жүйкесі; 5 - шыны тәрізді дене; 6 - ақ қабықша; 7 - кірпік бұлшыкеттері; 8 - қабақ; 9 - кірпік; 10 - касаң қабықша; 11 - көз бұршағы; 12 - нұрлы қабықша; 13 - торлы кабықша
Көз алмасы көз шарасында жайғасқан шар тәрізді дене. Көз алмасында мөлдір қабықтың ең дөңес нүктесіне сәйкес келетін алдыңғы полюсті және көру нерві шығатын жерден латералды жатқан артқы полюсті ажыратуға болады. Екі полюсті қосатын түзу сызық оптикалық немесе сыртқы көз білігі деп аталады.
Көз алмасы; горизонталды жазықтықтағы көрінісі (үлгі). Кірпікті бұлшықеттің жиырылуы (Б) және босансуы (А) кезіндегі көзбұршақ
кисығының өзгеруі.
2.2 Көз алмасының қабықтары: Көз алмасы (глазное яблоко,) шар іспетті, алдынан азғана дөңестенген. Ол үш қабықтан және ішкі ядродан тұрады.
1. Сыртқы, тығыз ақ қабықша.
2. Ортадағы тамырлы қабықша.
3. Тор қабықша
Тығыз ақ қабықша көзді механикалық, химиялық зақымданудан, бөгде бөлшектер мен микробтардан сақтайды. Тығыз ақ қабықша екі бөліктен тұрады:
1. алдыңғы дөңес мөлдір қасаң қабық;
2. артқы ақ қабық.
Көздің алдыңғы мөлдір қасаң қабығы (роговица) - әйнек сияқты жарық сәулесін еркін өткізіп тұрады. Оның негізі дәнекер ұлпа, алдында көп қабатты жазық кілегеймен, артында - эндотелиймен қапталған. Қасаң қабықта қан тамырлары болмайды, жүйке ұшына өте бай.
Мөлдір қасаң қабық көздің артқы бөлігіне өткенде ақ қасаң қабық – склерага айналады. Тамырлы қабық қан тамырына өте бай. Тамырлы қабық үш бөлімнен тұрады:
1. алдыңғы - нұрлы қабықша;
2. ортадағы - кірпікті дене;
3. артқы - меншікті тамырлы қабық.
Нұрлы қабықша (радужная оболочка) ортадағы тесік — көз қарашығын қоршап тұрады. Оның түсі ашық көгілдір түстен, мөлдір қараға дейін болады. Нұрлы қабықшаның алдыңғы беті, көз қарашығына және кірпікті денеге қараған екі шеті бар. Кіріпікті дене (ресничное тело) нұрлы қабықшаның жуандаған жері. Меншікті тамырлы қабық (собственная сосудистая оболочка) көздің ортаңғы қабатының көп бөлігі осы қабықтан тұрады. Ол сыртында көздің қасаң қабағына, ішкі бетінде тор қабыққа қараған. Бұл қабық артерия, вена тамырларына бай.
Көздің торлы қабықшаның құрлысы: таяқша тәрізді жасушалар; колба тәрізді жасушалар.
Күндізгі жарықты қабылдайтын колбашалар мен ымырттағы жарықты қабылдайтын таяқша жүйке жасушалары. Көру жүйкесі көз алмасының барлық қабықтарынан өтіп тор қабықшадан шығып миға барады.
Тор қабықшадан көру жүйкесінің шығатын жерінде сопақша дөңес бар. Бұл дөңес "көру жүйкесінің" дискісі деп аталады. Бұл жерде жарық жасушалары болмайды, сондықтан ол жерді "соқыр нүкте" деп атайды. Тор қабықшаның ортасында, қарашықтың тура қарсысында "сары нүкте" бар.
2.3 Көз алмасының ішкі ядросы
Көз алмасының ішкі ядросына:
1.көз бұршағы,
2.шыны сияқты дене
3.көз сұйықтығы жатады.
Көз бұршағы (хрусталик) тікелей қарашықтың артында орналасқан. Оның пішіні дөңес линзаға ұқсайды. Хрусталиктің ортасы қатты, шеті бостау болады.
Шыны тәріздес дене (стекловидное тело) мөлдір, таза хрустальдей, көздің ішкі бөлігін толық толтырып тұрады. Көз бұршағы мен шыны тәріздес денеде жүйке талшықтары, қан тамырлары болмайды.
Көз алмасының сұйықтығы (водянистая влага) көздің алдыңғы және артқы қуысын толтырады.
Көз бұршағынаң, шыны тәріздес денеден, көз сұйықтығынан көздің оптика жүйесі пайда болады. Көзге түскен сәулені олар сындырып тор қабыққа түсіреді.
2.4 Көру органының қосымша аппараттары.
Көру органының қосымша аппараттарына көз алмасын қимылға келтіріп, көзді қорғап тұратын құрылыстар жатады.
Көздің қорғаныш аппаратына қабақ, кірпік және көз жасының безі жатады. Қабақ жоғарғы және төменгі болып екіге бөлінеді. Олар көз алмасының алдыңғы жағын ашып-жауып тұратын, тер қатпарларынан түзілген. Жоғарғы қабақ төменгіге қарағанда қимылды келеді. Оның жоғарғы жағында қас доғасы жатады. Қас маңдайдан аққан тердің т. б. заттардың көзге түспеуінен сақтайды. Жоғарғы және төменгі қабақтардың жиектерінде кірпіктер орналасқан. Олар көзді шаң-то-заңнан сақтап тұрады. Қабақтардың сырты терімен, іші қызыл түсті кілегей қабықшамен жабылған. Кілегей қабықшасы көз алмасының қасаң қабығының бетіне жалғасып жатады. Оны жалпы «коньюнктив» деп атайды.
Көз жасынық аппараты. Екі қабақтың біріккен жерін көз бұрышы деп атайды, оның кеңірек келген ішкі бұрышын «көз жасының көлі» дейді. Көл түбінде ет өсіндісі жатады. Ал әрбір қабақ жиегінде нүктелер болады.
Олар жас түтікшелерінін ашылатын тесіктері. Осы көлдің жоғарғы және төменгі жағында қос тесік-тесікшелер жатады.
Көздің бұлшық еттері. Көз алмасын қимылға келтіріп тұратын еттері болады, олардың төртеуін тік, екеуін қиғаш еттер деп атайды.
Тік еттері көз шарасының түбіндегі шеңберлі сіңірден басталып, көз алмасының төрт жағынан ортаңғы белдеуіне (экваторына) тіркеледі. Бұл еттерге жоғарғы, төменгі, ішкі, сыртқы тік еттері жатады. Олар жиырылғанда көз алмасын жоғары, төмен, ішке, сыртқа қимылдатады.