Психология және Педагогика



бет3/3
Дата03.03.2022
өлшемі44,09 Kb.
#134247
түріКодекс
1   2   3
Байланысты:
5 апта Реферат

Зиян келтірмеу қағидасы – психологтың клиентпен өзара әрекеттестікте алған нәтижелері қандай жағдайда да оған зиян келтірмеуі тиіс екендігін болжайтын практикалық психологтардың негізгі қағидаларының бірі болып табылады. Бұл принциптің шығу тегі медициналық болып табылады. Ол психологты ұстамдылыққа, тіптен адамның денсаулығын, әлеуметтік жағдайын және проблемаларын шеше алу қабілеттерін қозғайтын нәрселердің барлығында кертартпалыққа шақырады. Клиент психологпен қарым – қатынас процесінде өзі және өзінің мінез-құлқы жайлы еш шара қолдана алмайтын естен тандырар ақпаратты алудың нәтижесінде ауыр соққы алуы мүмкін; ол қажет көмекті ала алмайтынына сенуы мүмкін; психологтың бұрыс әрекеттері клиенттің тәуелділігі мен енжарлығын қалыптастыруы мүмкін. Психологтың клиенттің алдында билігі бар және психологпен қарым – қатынасынан білгендерінің барлығын қастықпен пайдалануы мүмкін адамдармен мінез-құлқының салдарынан зиян келтірілуі мүмкін.

Психолог қазіргі заманғы ғылыми стандарттарға сәйкес келтін апробацияланған әдістемелерді ғана қолдануы тиіс.
Егер психолог зиян келтірмеу қағидасын бұлжытпай ұстанса, мұның барлығы жоққа шығарылады.
Психолог осындай жұмыстарыдң барлығын клиент тұлғасының мызғымайтындығы мен ар–намысын шартсыз сыйлаудың негізінде құрайды. Ол адам негізін қалайтын, адам хұқығының барлығына ортақ Декларациясымен анықталған хұқықтарын силайды.
Ісіне білікті психолог өзіне көңіл аударған адамды оның мақсаттарын анықтап көрсететін мінез-құлық болу керек екендігін мейлінше мүмкіндіктерін ашып береді. Өз ісіне білікті психолог өзіне көңіл аударған адамға мақсаты айқын мәдени-өнімділік тұлға болу, яғни жалпы мәдениет барысында өмірге икемді, алдағы атқаратын істерін толық сезе білетін, өміріне көзқарасы қажетті дәреже танытатын адам деп түсіне алады. Басқа сөзбен айтқанда,өз ісіне білікті психолог психологиялық тұрғыда көмек көрсетуді өзіне көңіл аударған адамның қарым-қатынас жасау барысында атқаратын психологиялық көмек деп қарастырады.
- Өз ісіне білікті емес психолог өзіне көңіл аударған адамды тек өзінің жеке мақсаттарына пайдалану мақсатын ғана көздейді. Мысалы, психолог өзіне көңіл аударған адамға өз мамандығын жете меңгерген кәсіп иесі екендігін көрсете алудың орнына немесе өз ой түйіні арқылы өзіне көңіл аударған адамның түсініктерін түгелдей жоққа шығарып, мән-мағынаның бәрін жойып жібереді.
- Өз ісіне білікті емес психолог психологиялық көмек көрсету мақсатын өзінің «Мен-тұжырымдамасы» арқылы құруға тырысады. Басқа сөзбен айтқанда, өзіне қөңіл аударған адамның «Мен-тұжырымдамасын» жоққа шығарып, оның құқықты қолдану жүзеге асыруға ықыласты білдірмейді. Өз ісіне білікті емес психолог – бұл мақсатын көздейді, өзінің бойындағы ерекшеліктерін іске асыру үшін қолданады. Клиенттің қобалжуына, мазасыздануына алып келеді.
- Өз ісіне білікті психолог вербальды және вербальды емес кең көлемді мәселелер мен жағдайлар барысында өз мінез-құлық ерекшеліктеріне жауап қайтарып, назар аударуды таба білуі керек.
- Өз ісіне білікті емес психолог мінез-құлықтың әдеттегі барысына сай мән беруге икемді емес.
- Өз ісіне білікті психолог жағдайларға байланысты клиенттің әрекеттеріне баға беруге, тек өз пікірін айтуға ұмтылмайды.
- Өз ісіне білікті емес психолог үшін клиенттің әрекеті бір қалыпты, жаттанды болып көрінуі мүмкін.
- Өз ісіне білікті психолог өз зерттеулеріндегі мәселенің және жеке адамға әрекет етудің күрделілігін және оларды бір тұжырымдаманың шеңберінде ғана қарап зерттеудің мүмкін еместігін түсінеді, өйткені жұмыс барысында көптеген тұжырымдамаларды түсініп, пайдалануға тырысады.
- Өз ісіне білікті емес психологтың анық тұжырымдамасы болмайды, өзінің практикалық қызметіндегі жағдайларға көңіл аудара алмайды, өз жұмысын белгілі бір шеңбердің ішінде шектейді. Осындай бір сарынды тұжырымдаманың мазмұны оған көп жағдайда түсініксіз болып қала береді.
- Өз ісіне білікті психолог көптеген ойларды, сөздерді және өзінің мәдениет тұрғысында тәртібінің үлгісін басқа мәдениеттің шеңберіндегі үлгілерімен шығаруға тырысады. Оның жеке басының және мәдениетінің дәрежесі, байқағыштығы мәдени бағытта іс-әрекетті атқара алуының негізі болып табылады. Мұның өзі өзіне көңіл аударған адамның (клиент) тіршілігіне араласа отырып, мәселелерді бірлесіп шешуіне жол ашады және де мұның өзі өз ісіне білікті психологқа бұрынғы түсінігінен бөлек өмір жолын табуға мүмкіндік береді. Сөйтіп, өз ісіне білікті психолог мәдени іс өнімділігін «Мен» деген тұжырымдаманың негізінде емес, өзіне көңіл аударған адаммен өзара қатынасқа байланысты. Жоғарғы мәдениеттілікті көрсететін практикалық психолог кәсібіне негізделген байланыстарға байланысты жүзеге асырады.
- Өз ісіне білікті емес психолог «Мен» деген тұжырымдаманың мазмұны арқылы түсінетін бір шеңбер ішінде ғана іс-әрекет атқаруға шамасы келеді, ол өзінің мәдени өнімді іс-әрекетін жалпы мәдениеттің нормалары, мінез-құлықтың стандартты деп түсінеді.
- Өз ісіне білікті психолог жұмыстағы құпия сақтай алуы әр уақытта көрініп тұрады. Осы псилогиялық бағдарламаның мазмұнына және өзіне көңіл аударушының маңыздылығына бірден көңіл аударып отырады. Сондай-ақ, психологиялық ақпаратты тапсырушыны, өзіне көңіл аударушыны және психологиялық ақпаратпен пайдаланушы бір-бірінен нақты ажырата алады.
- Өз ісіне білікті психолог кәсіби қызметті барысында барлық қатысушылардың жауапкершілік шегін дұрыс түсінеді және оларды заң жүзіңде бір-бірінен дұрыс ажыратып отыру жауапкершілігін жүзеге асырады.
- Өз ісіне білікті емес психолог құпиялықты сақтай алмайды, психологиялық ақпараттарды таратып жіберуге, оларды сақтай алмауға икемділік танытады.
- Өз ісіне білікті психолог өзінің кәсіби қызметіне үнемі көңіл бөліп, өз мүмкіндіктері мен мамандық дәрәжесін дұрыс бағалай алады. Өз мүмкіндіктерін дұрыс түсініп, соның шеңберінде жұмыс істейді. Өзіне ұқсас әріптестермен психиатрлармен, терапевт-дәрігерлермен, психоневрологтармен, нейропсихологтармен және басқалармен бірігіп жұмыс істей алады. Өз ісіне білікті психолог өз жұмысына жеке басының «Мен тұжырымдамасын» қолданудан аулақ тұрады. Оны тек қана кәсіби бағытта өсудің бір мүмкіндігі ғана деп санайды.
- Өз ісіне білікті психолог өзінің кәсіби бағытта өсу мәселесіне өз әріптестерімен кәсіби түрде қарым-қатынас жасаудың қажеттігі бар деп қарайды.
- Өз ісіне білікті психолог өзіне көңіл аударған адамдарға: «Мен, бұл мәселелер төңірінде жұмыс істеймін»- дегені оның өз ісіне жете білмейтіндігін көрсетпейді, керісінше, сыпайылық танытып, бейтаныс істерден шектей отырып, өзі үшін де тәжірибе жүзінде орынды үлгіні көрсетеді.
- Өз ісіне білікті емес психолог жауапсыз жұмыс істеп, кез-келген жұмысты қолға алады, іс жүзінде қолданыла алмайтын мәселелерге барады. Басқа өз ісіне білікті кәсіби дәрежесін танытамын деп, өз пікірі бойынша ғана жұмыс істеуді қарастырып, өзінің «Мен тұжырымдамасын» психологиялық ақпараттың қайнар көзі деп санайды. Оның бұл мәселе төңірегіндегі көзқарасы: «психолог ретінде менің жасағандарым қалайда, әрі әр кезеңде дұрыс, өйткені, мен солай деп санаймын»- деген сенімді ойда болады.
- Өз ісіне білікті психолог оның іс-әрекеті өзіне көңіл аударған адамдарға әсер ете алады және де керісінше клиенттің өзіне әсерін өз сезіміндей және мүмкіндігіндей, ықыласындай ескеріп, айқындайды, әрі түсінуге тырысады. Өз ісіне білікті психолог мұны өзіне көңіл аударған адамға мұның бәрінің әсер ету, бір-біріне өзара әсер ететіндігі маңызды нәрсе, яғни мұның өзі ойларда, сезімдерде, тілектер мен мүмкіндіктерде болатын өзгерістерді көрсетеді.
- Өз ісіне білікті емес психолог үшін тұлғааралық және өзара әсер етуде түсінушілік болмайды. Ол өз іс-әрекетінің барысында тек тікелей әсер етудің бейнесін бір жақты байқайды және көреді. Сөйтіп, өз ісіне білікті емес психолог «Мен тұжырымдамасын» және оның дәрежесін жоғары қойып, көңіл аударған адаммен есептеспей, өзінің ойын ерекше бөліп көрсетуге тырысады. Ал, өз ісіне білікті психолог өзінің «Мен тұжырымдамасының» мазмұнын және оның клиентпен өзара әрекеттегі қосылу дәрежесін бөліп, айырықша атап қарамайды.
Психологтың жұмысында адамның жетістігі өзіндік құндылығымен сипатталады. Өз ісіне білікті психолог үшін өзіне көңіл аударған адамның адамгершілігін сыйлау, оның сол адаммен қарым-қатынас жасау барысындағы, оған психологиялық ақпараттар беруде пайдаланудағы аксиома болып табылады. Өз ісіне білікті психологтың жұмысының бір көрінісі өзіне көңіл аударған адамға психологиялық ақпаратты жеткізу ең басты нәрсе.
- Өз ісіне білікті емес психолог үшін өзіне көңіл аударған адамға сыйластық көрсетпеу оның қызметінің рефлексиясы болып саналмайды, ол өзінің жұмысы барысында басқа адамдарға деген менмендік көрсетуге, керек болса мазақ ету қатынасына баруы оның кәсіби рефлексиясының пәні болып табылмайды. Ол басқаларға үстінен қарау позициясын көрсетуі өз кәсібін өте жоғары санауына икемді екенін көрсетеді.
- Өз ісіне білікті емес психологтар үшін психологиялық ақпараттарды беру мен қабылдау барысында арнайы кәсіби мәселелер болмайды. Ол көп жағдайда жалған пікірлермен немесе арнайы терминдермен араластыра отырып, өзінің мықтылығын айырықша көрсеткендігін байқатады.
- Өз ісіне білікті психологтың жұмысында жалпылама теория маңызды орын алады. Бұл жалпылама ғылыми білім өз жұмысының барысындағы жаңа теориялар мен жаңа қағидаларды үнемі жүзеге асыруды талап етеді. Өз ісіне білікті психолог оларды негізінде психологиялық көмек көрсетудің өзіндік тұжырымдамасын дамытады. Ол бір ғана теорияны ұстанғанмен жаңа білімдерді игеруге, ұқсас көзқарастарды қабылдауға икемділік танытып, өзінің практикалық жұмыс барысында жүйелі жолға көшуге тырысады.
- Өз ісіне білікті емес психолог бір ғана өзіне танымалы теориямен жүруді көздеп, альтернативтік ойларға көңіл аудармайды, ол басқа көзқарастарға жүйе ретінде талдау жасай алмайды, басқаша айтқанда өз ісіне білікті емес психологтың қорытындыланған теориясы өзінің жеке ойының нәтижесі емес.
- Өз ісіне білікті психологтың жалпылама теорияға қатынасы – сол теорияны шындықтық көрінісі деп түсінумен сипатталады. Осыдан оның мәдени және жыныстық тиістіліктен туындайтын ойлау мәнерін дұрыс көріп байқайды және түсінеді. Ол теорияны адамның мәдени және жыныстық тиістілігіне байланысты жетілдіретін және өзгертетін , ойлаудың тәсілі деп қарастырады. Осыған орай, өз ісіне білікті психологтың қатынасы өз мәнерінде кез-келген теорияны ойлауда адам өмірінің психикалық шындығын, сондай-ақ мәдени және жыныстық тиістіліктің шындығын бейнелейтін кезеңдерде бөліп қарауға негізделген. Басқа сөзбен айтқанда өз ісіне білікті психолог кез-келген теорияда оның пәні мен тәсілдерін сипатталуы бар екенін түсінеді, егер пән (адамдардың ішкі дүниесі) барлық зерттеушілер үшін біреу болса, онда оны сипаттау тәсілі, талдауы, жалпыламалауы барлық авторлар үшін әр түрлі болып келеді. Ол мұны өз теориясын қорытындылағанда көрінетіндіктен, басқа теориялармен салыстыра алады.
- Өз ісінің білікті емес психолог әр түрлі теорияның авторларына қарсы шығып, теорияның заты мен әдістерін жеке көрсете алмайды. Ол үшін өз теориясын басқа авторлардың теориясымен салыстырып қарау мәселесі ескерілмейді. Өз ісіне берік психолог позициясы кәсіби рефлекске құрылады, ал өз ісінің берік емес психологтың позициясы Мен-концепциясына құрылады. Мұны мына төмендегідей формуламен көрсетуге болады.
ПБП (практикалық білікті психолог) - (жалпылама теория; Мен-психолог; «Мен-тұжырымдама»), бұл жерде ПБП өз ісіне білікті психологтың позициясы. Ол жалпылама теорияның рефлексиясына, оның кәсібіне қатынасы, мен-тұжырымдама мазмұны рефлексиясы дегенді білдіреді.
ПБК (Мен-психолог; Мен-тұжырымдама), бұл жерде өзіне көңіл аударған адаммен қарым-қатынас мәнісі (Мен) практикалық психологтың Мен-тұжырымдамасының мазмұнымен анықталады.
Бұл формуларлық негізінде сипаттау өз ісіне білікті практикалық психологтың күрделілік дәрежесіне қарай оның жұмысын ұшқыштың жұмысына тең келетін күрделі сәт. Мұның өзі тұрақты кәсіби рефлексияның өзіне көңіл аударған адаммен /тұрақты/ қарым-қатынас жасаудың қажеттілігі, яғни кәсіби нақты әрекет жасай отырып, пайдалы психологиялық көмек көрсетудің көрінісі деп айтуга болады.

Профессионалдық әрекеттің бірінші этапында психолог – педагогта өз қалаған психолог бейнесін қалыптастырады, эмоционалдық статус және профессионалдық авторитетін иемденеді. Кейініріек ол ртақ координаттар тауып, олрдың негізінде қарым – қатынастың профессионалдық программасын құрады. Бірлескен іс - әрекеттердің негізінде бірлескен іс - әрекет программасы іске асып білімдердің, дағдылардың ортақ фонды қалыптасады. Олардың алдында жетістікпен жұмыс істеген профессионалды болған тәрбие – білім беру мекемелеріне кейбір практик психологтар барады. Олардың функционалдылық төмендігі олар келмей тұрып құрылмаған. Психологияның функционалдық міндеті көбіне анықталмаған және әртүрлі мекемелерде, әртүрлі педагогикалық ұжымдармен және олардың мүшелерінен әртүрлі түсіндіріледі.


Практик психолог олардың іс - әрекетіне сұраныс болмайтын жағдайларға да ұшырайды. Педагогтар психологтың көмегі қажет емес деп санайды. Егер психолог өзінің психологиялық мекемесіне, мысалы психологиялық кеңес беруге келсе мұндай жағдайлар мүмкін емес.Психологиялық кеңес беруде психологтың жұмысы психологиялық қарым – қатынасқа және ұсынысын қабылдауға мотивтелінген клиент иновациясымен жүзеге асады.Сұранысты қажет етпеу жағдайына түскен кезден бастап келе жатқан мектеп психологы фрустрация күін кешеді.

1. Алешина Ю.Б. Индивидуальное и симейное психологичекое консультирования. М., МГУ.


2. Ауталипова Ұ.И., Бапаева С.Т., Практикалық психологияның теориялық әдістемелік негіздері, Алматы-2006. Қазақ қыздар педагогика институты.
3. Ежова Н.Н. Рабочая книга практического психолога, Ростов-на-Дону, 2005г.
4. Г.С. Абрамова Введение в практическую психологию. М., 1995.
5. Абрамова Г.С. Психологическая служба в школе. – М., 1994.
6. Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. – Брест 1993.
7. Качюнас Р. Основы психологического консультирования. М., 1999.
8. Хрестоматия по психологическому консультирования. Составитель Сапарова И.А. Алматы, 2004.
9. О.Г.Прохорова, Основы психологии семьи и семейного консультирования. Учебное пособие, 2000.
10. Практическая психология. Гродно, 1992.
11. Практическая психология. /Под ред,М.К.Тутушкиной. Спб.,1993.
12. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. М., ВЛАДОС, 1998. в-2 томах.
13. Малкина-Пых И.Г. Справочник практического психолога. М., 2005.
14. Романенко-Бавокова Н.А. Оснавные направления работы практического психолога. Учебное пособие, Алматы, 2006.
15. Большаков В.Ю. Психотренинг. М. 1994.
16. Грановская Р.М. Элементы практической психологи. Л. 1988.
17. Групповая психотерапия. Под.ред.Карвасарского Б.Д. М. 1990.
18. Карвасарский Б.Д. Психотерапия. СПб. 1999.
19. Каган. В. Практическая психология для психологов и врачей. М. 1999.
20. Практикум по арт-терапии. Под.ред. А.И.Копытина. СПб. 2000.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет