Тақырыбы: «Эмоция әлемінде»
Мақсаты: Балалармен жағымды көңіл күй қалыптастыру.
Білімдік: Балаларға өзінің көңіл күйін анықтап бағалай отырып өзгелердің көңіл күйіне назар аудара білуге үйрету;
-«Көңіл күй»ұғымын бекіту;
Дамытушылық: Өзінің көңіл күйін қалыпты ұстай білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: Өзіне және қоршаған ортаға позитивті қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу;
-Жағымды көңіл күй тудыру;
-Балалар ұжымын топтастыруға өзіндік үлес қосу.
Қажетті материалдар: Стакандар, түрлі түсті қағаздар, калейдоскоп, түтікшелер, күй сандық.
Шаттық шеңбері
Қане, қане тұрайық, үлкен шеңбер құрайық.
Бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем дегендей біз бүгін бір – бірімізбен дәстүрден тыс амандасу түрлерін жасаймыз.
-Алақанымыздың ішін және сыртын тигізіп бір – бірімізге күлімсірей қарайық.
-Бір–бірімізге маңдайларымызды тигізіп сәлемдесеміз.
-Оң және сол жақ иықтарыңызды тигізіп сәлемдесу.
Сәлемдесу кезінде қандай әсерде болдыңыздар?
Психолог: Біз өздеріңмен көңіл күйдің не екенін жақсы білеміз. Кей кезде қуансақ, кейде мұңайып қаламыз. Кейде ренжісек, кейде шаттанамыз, мұңданатын, қайғыратын да кездеріміз болады. Яғни, біздің көңіл күйіміз үнемі өзгеріс үстінде болады. Ал бүгін біз өздеріңмен тамаша көңіл күй әлеміне аттанамыз.
«Алуан түсті көңіл күй» (ойын жаттығу)
Бір, екі, үш, төрт, бес, алты,
Ойынымыз басталды. Біз қазір өз көңіл күйімізді мына көрініс (смайликтер) арқылы көрсететін боламыз. Рахмет, көпшілігіңнің көңіл күйлеріңнің көтеріңкі болғанына мен қуаныштымын. Ал, көңіл күйлері орташаларға біз қазір өз көңіл күйлерін көтеруге көмектесеміз.
«Лимон және марғау» (ойын жаттығу)
Мақсаты: эмоциялық қысымды босаңсытуға арналған жаттығу
Психолог: Көз алдарыңа елестетіңдер, қолымызға лимонды ұстап, оның шырыны сыққандай қатты сығуға тырысамыз. Жұдырығымызды түйіп қатты-қатты қысамыз. Шырынды шығардық! Ал енді бәріміз мысықтың баласы марғау сияқты боламыз, олар енді ғана оянды және керіліп жатыр. Жақсылап керіліп-созылды! Қолымызды жоғары көтеріп, оңға, солға, жоғары қарай тартыламыз, мойнымызды бұрып, арқамызды созамыз! Ал енді қолымыздағы лимон шырынын жалаймыз. (қышқыл дәмді татқанда, бет - әлпеттеріңіз қандай болады?)
«Қатты жел» (ойын жаттығу)
Мақсаты: Бұл ойын эмоциялық тербеліс толқындарын түтікшелерді үрлеу арқылы шығар.
Шарты: Түтікше арқылы үпіріп, тұрған стакандарды үстел үстінен құлату керек. Топқа бөлініп кезекпен-кезек балалар орындайды.
Би терапиясы. Ән әуені, әсіресе көңіл ән әр уақытта біздің көңіл күйімізді көтереді. Қазір біз әннің куплеті айтылған кезде жұптасып тұра қаламыз да алақан соғыстырамыз. Ал, қайырмасы айтылған кезде ұйымдасқан түрде шеңбер бойымен жүреміз (би ырғағымен)
Релаксация «Калейдоскоп» Әуенді тыңдап,әр түрлі қимылдар жасайды.
«Жүректен-жүрекке»
Балалар бәріміз қосылып өлең жолдарымен бір-бірімізге әдемі күлкімізді сыйлап амандық тілеп қоштасайық.
Кел бәріміз күлейік
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік
Кел бәріміз күлейік
Күлкіменен түлейік
Күлкі көңіл ашады
Күліп өмір сүрейік Қоштасар бізге келді кез,
Қоштасқымыз келмейді-ақ.
МКҚК №60 «Ер Төстік» балабақшасы
Бекітемін:
№60 «Ер Төстік» балабақша директоры:
Бокибаева Қ.О. _________________
Тақырыбы:
«Эмоция әлемі»
Дәстүрлі емес түзету дамыту жаттығулары
№9 «Қарлығаш» ересектер тобы
Психолог: Муканова А.К.
Ақтау 2021 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |