Теріні күту
және ойылудың алдын алу
Науқасты әсіресе ауыр халдегі науқастарды күтуде тері күтімі маңызды орын
алады. Оның тазалығы мен тұтастығы аса маңызды шарт болып саналады. Терінің
жұмсақтығы мен серпімділігін сақтау үшін май және тері бездері қызметінің
маңызы зор. Алайда тері мен май терінің бетіне жиналып, оны кірлетеді. Маймен,
терімен бірге теріге шаң мен микроағзалар да жиналады. Тері кірлеуінен қышиды,
одан сызылған, (терінің тырналған жері) қасылған жерлер пайда болады, яғни
терінің тұтастығы бұзылады. Бұл өз кезегінде терінің үстіңгі қабатындағы
микробтардың тереңірек бойлауына жағдай жасайды. Осыған байланысты
мейірбике пациенттің жеке басының ережелерін сақтауын қадағалайды және
теріні таза сақтау жөніндегі әрекеттерді орындауға көмектеседі. Мейірбике өз
аяғымен жүрген науқастардың төсек-орын жапқыштарын, іш киімдерін ауыстыра
отырып, гигиеналық ванна алу кестесін жасап, орындауы тиіс.
Науқастың терісін жылы суға немесе антисептиктік ерітіндіге батырылған орамал
ұшымен күніне 2 рет (10% камфор спиртінің ерітіндісімен немесе 70% этил
спиртімен) сүрту керек. Әсіресе әйелдердің сүт бездерінің астындағы тері
қабаттарын, науқастың мойнын, құлағының сыртын, арқасын, көкіректің
алдыңғы жағын, қолтық астын сүрту үшін орамалдың бір шетін зарарсыздандыру
ерітіндісіне малып, жайлап қысады да, сонымен сүртеді. Содан кейін осы
тәртіппен құрғатады.
Ауыз қуысын күту
Ауыз қуысында көп микробтар жиналады, олар ағза әлсірегенде ауыз қуысының
ауруларын тудырып, адам ағзасының жалпы жағдайын нашарлатуы мүмкін.
Ауыр халдегі науқастарда жиі стоматит (ауыз қуысы кілегей қабығының
қабынуы) дамиды. Тамақ қабылдау кезінде ауырсыну, сілекейдің ағуы, дене
қызуының көтерілуі байқалады. Оның себебі ауыз қуысының нашар күтімі болып
есептеледі. Кейде науқастарда еріндердің құрғауы, ауыз бұрыштарында
ауырсынатын тері тілінулері болуы мүмкін. Науқастың жағдайын жеңілдету үшін
еріндерге суға малынған дәке салфетканы қойып, соңынан еріндерді майлап
қоюға болады.
Әлсізденген науқастың ауыз қуысында микроағзалар жиналады, олар ауыздан
жағымсыз иіс шығаруы мүмкін. Сырқаты жеңіл, өз аяғымен жүріп тұратын, яғни
жалпы режимдегі науқастар таңертең, кешке тістерін өздері щеткамен тазалап
тұрады.
Ауыр халде төсек тартып жатқан науқастардың ауыз қуысын
тазалау.
Қажетті заттар:
0,5% гидрокарбанат натрий немесе 0,5% перманганат калий, ауыз кергіш, тіл
ұстағыш, астауша, пинцет, дәкелі салфетка, дәкелі немесе мақталы тампон,
шпатель.
Іс - әрекеттер:
1.
Науқасқа процедура мақсатын, орындалуын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.
2.
Мензуркаға антисептик ерітіндіні құйып алыңыз.
3.
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
4.
Пациентке ыңғайлы жағдай жасаңыз.
5.
Пациентке аузын кеңірек ашып, тілін шығаруды сұраңыз.
6.
Егер науқастың халі келмейтін болса, ауызкергіштің көмегімен аузын
ашып, тілін тіл ұстағышпен ұстаңыз.
7.
Дайындаған ерітіндіге салфетканы сулаңыз.
8.
Ұртын шпательмен ашып, ерітіндіге батырылған салфеткамен ауыз
қуысының кілегей қабығын, қызыл иекті, барлық тісін және тілін сүртіңіз.
9.
Ерні немесе ауыз бұрышы тілінсе (езуі), май жағыңыз.
10.
Аузын таза салфеткамен сүртіңіз.
11.
Құрал-саймандарды және дәке шариктерін дезинфекциялық ерітіндіге
салыңыз.
12.
Қолғапты шешіп дезинфекциялық ерітіндіге салыңыз, қолды жуып
құрғатыңыз.
Ескерту!
Егер науқастың протез тісі болса, оны түнде шешіп, жуып, таза стаканда сақтау
қажеттігін түсіндіріңіз. Аузынан иіс шығатын болса, ауыз қуысын 2%
гидрокарбанат натрий немесе әлсіз перманганат калий ерітіндісімен шаю керек.
Ауыз қуысының кілегей қабатын дәрімен емдеу дегеніміз аппликация немесе
дәрімен жуу. Аппликация ауыздың кілегей қабығына қандай да бір
дезинфекциялайтын ерітіндіге малынған зарарсызданған дәке салфеткаларын 3-5
минут салып ұстау. Бұл процедура күніне бірнеше рет қайталанады.
Аппликацияны ауырғанын жеңілдететін дәрілермен де жасауға болады.
Дәрімен жуу
Эсмарх кружкасының, Жанэ шприцінің, резеңке грушаның көмегімен жасалады.
Науқасты ыңғайлы отырғызып, кеудесіне клеенка байлап, қолына астауша беріп
қояды. Мейірбике науқастың сол және оң ұртын шпательмен алма-кезек тартып,
резеңке грушаның немесе Эсмарх кружкасының ұштығын тығып, ауыз қуысын
дәрімен жуады. Сұйық ағымының қысымымен тамақтың қалдығы, ірің өзінен-
өзі жуылады