Сабақтың тақырыбы: Бүйректің құрылысы (қыртысты және милы қабат, нефрон, пирамида, астауша, бүйрек өзекшелері). 8 сынып биология



бет1/5
Дата01.02.2022
өлшемі1,86 Mb.
#130387
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Бүйректің құрылымы

  • Сабақтың тақырыбы:
  • Бүйректің құрылысы (қыртысты және милы қабат, нефрон, пирамида, астауша, бүйрек өзекшелері).
  • 8 сынып биология
  • Пән мұғалімі: Базарова Гулжан
  • “Ж.Нұрлыбаев атындағы №49 жалпы орта мектебі” мемлекеттік мекемесі

  • Оқу мақсаты :
  • 8.1.5.2 бүйректің құрылымдық бөліктерін танып білу
  • Бағалау критерийлері:
  • бүйректің құрылымдық бөліктерін танып біледі

Бүйрек- үрмебұршақ пішінді жұп мүше, ол бел бөлімінде,омыртқа жотасының екі жағында, жоғарғы бел омыртқа тұсында орналасқан. Бүйректің ойыс жағы омыртқа жотасына қараған. Осы ойыс бөлік арқылы қан және жүйке тамырлары кіреді. Осы бөліктен несепағар бастама алады.Бүйректің негізгі қызметі-зәр түзу және ағзаны тазалау. Адам бүйрегінің массасы-150 г.

  • Бүйрек- үрмебұршақ пішінді жұп мүше, ол бел бөлімінде,омыртқа жотасының екі жағында, жоғарғы бел омыртқа тұсында орналасқан. Бүйректің ойыс жағы омыртқа жотасына қараған. Осы ойыс бөлік арқылы қан және жүйке тамырлары кіреді. Осы бөліктен несепағар бастама алады.Бүйректің негізгі қызметі-зәр түзу және ағзаны тазалау. Адам бүйрегінің массасы-150 г.
  • Оң жақ бүйрек, сол жақ бүйректен сәл төмендеу орналасқан (1-1,5 см).Оң жақ бүйрекке үстіндегі бауырдың салмағы түседі.
  • Ағзада бүйректің орналасуы
  • Зәр шығару жүйесі
  • Бүйрек басты биологиялық сүзгі
  • Бүйректе қан сүзіледі және зәр түзіледі.
  • Құрамында азот бар қосылыстар, нәруыздар
  • толық ыдыраған кезде түзіледі.
  • Оларға несепнәр,аммиак,зәр қышқылы жатады.
  • Бүйрек түбегінен басталып, құрсақ қуысының бел аумағы арқылы жамбас қуысындағы қуыққа дейін созылған түтікше мүше (несепағар деп те аталады). Ересек адамдарда оның диаметрі 6-8 мм, ұзындығы 25-30 см. Несепағар бүйректі қуықпен жалғастырады.
  • Несепағар
  • Бұлшықетті қабаты болатын, жиырылуға қабілетті мүше. Зәрдің уақытша жиналып тұратын мүшесі. Ол жамбас қуысында, шат сүйегінің артында орналасқан, пішіні алмұрт тәрізді қуысты.
  • Қуық
  •  
  • Қуық мойынынан басталып, өзінің соңғы бөлігімен жыныс мүшелеріне жалғасып кететін, несепті (зәрді) қуықтан сыртқа шығаратын өзек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет