Жалпыұлттық және жергілікті маңызы бар қасиетті нысандар
Шерқала тауы
Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосынан 17 км солтүстік-батыс бағытта орналасқан.
Зерттелуі: Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 279 қаулысы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.
Қысқаша анықтамасы: Шерқала тауы биіктігі 308 м ежелгі жер сілкіністері нәтижесінде көне таулар бұзылғанда қалған тегістікте жалғыз көтеріліп тұрған төрткүл ақ бор тау. Ақтау тауы тізбегінің бірі саналғанымен мидай жазықтың дәл ортасында өзінің сыртқы көрінісімен ерекшеленіп, оқшау тұрған борлы таулардың бірі осылай аталады. 1851 жылы геологиялық экспедицияның құрамында Маңғыстауда болған поляк революционері Б.Залесский: “Шерқалаға алыстан қарағанда, Римнің керемет пантеондарын көргендей боласың. Жақындап келгенде, жеке қабырғалардың колонналарын, қираған мүсіндер сияқты ақ таулардың бағандарын көресің, - деп жазып, Шерқаланың суретін салады.
Аңыз-әңгіме: Шерқала – ғажайып тұлғалы тау. Аңызға бөленген Шерқала тауы Маңғыстау облысының табиғи рәмізі болып табылады. Белгілі бір биіктіктен қарағанда, ол Ақмыштың жер қабаттары арасындағы ертегідегі дәу-көшпелілер тұрғызған алып киіз үйге ұқсайды. Шерқала – таулы Қаратау маңы жазықтықтарын теңіз түбінен құрлыққа көтеру нәтижесінде қалыптасу кезеңінде пайда болған ерекше кескіндердің үлкен тау шоқысы. Шерқаланың жақын маңайында шар тәрізді тастар мен тұтас гранитті сомтастар көптеп ұшырасады. Түбектің тамаша табиғаты, осынау тастарды алуан түрлі пошым мен кескінде құйып жасағандай ғажап әсерге бөлейді. Шерқала жайындағы аңыздардың бірінде, ертеректе қаптаған жаулардан бір топ айбынды жауынгерлер тауды қорған еткен делінеді. Олар жаумен жолбарыстарша алысыпты. Тауды қорғаушылардың қалғаны тау ішіндегі жерасты жолдарына тығылып, сол жерде мәңгі қалып қойыпты. Осындай батырлық пен тәуелсіздіктің тірегі - Жолбарыс қала немесе Шерқала деген атау осылай пайда болған.
Бiр кезде “Жiбек жолының” бiр тармағы келiп, сонау Хорезм мемлекетiмен, одан әрi Үндi, Қытаймен байланыс жасап жатқан гүлденген өңiрдi өздерiне бағындырмақ болған түркімендер қаланы бүлдiрiп, әскери бекiнiс еткен. Өз қаласын қайтып алмақ болып қазақтар (дайлар) қайта шабуыл жасайды. Қазақтардың күшiне шыдамай, әлгiлер таудың үстiне шығып кетiп қорғанады. Қазақтар тауды қоршап алады. Бiрақ таудың үстiндегi жау алдырмайды. Өйткенi олар таудың үстiнен құдық қазып, сол шыңыраудан су iшiп отыр екен. Сонда бiр қария “таудың етегiн тесiп үңгiр қазып, құдықтың үстiнен дәл шығып, су алған кезде жаулардың қауғасын кесiп отыру керек, сонда олар шөлден өлер болған соң өздерi берiледi” – дейдi. Осы ақылға тоқтап, үңгiр қазып, құдықтың жанынан дәл шығып, су алатын қауғаны кесiп отырғаннан кейiн шөлдей бастаған жау жасақтары өздерi берiлген екен.
Дерек көзі:
Бронислав Залесский «Қазақ сахарасына саяхат» Париж 1865, Алматы 1991 ж.;
Маңғыстау МТМҚ ММ материалдары.
Бозжыра тауы
Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Ақтау қаласынан 300 км қашықтықта орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |