Жалпыұлттық және жергілікті маңызы бар қасиетті нысандар Шерқала тауы Орналасқан жері



бет4/19
Дата26.06.2018
өлшемі2,57 Mb.
#44231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Зерттелуі: Еділ-Орал археологиялық экспедициясымен 1982 жылы анықталып, қосымша зерттеулер 2009 жылы жүргізілген. Алғаш рет 07.05.1993 жылы облыс әкімінің №487 шешімімен мемлекеттік қорғауға алынған. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 28 шілдедегі №279 қаулысы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.

Қысқаша анықтамасы: Бекіністік қамал екі нысаннан құралады. №1-нысан, қамал қабырғасы, 200 м ұзындықтағы мүйістің шетін жағалай орналасқан. Жоспарда қабырға сызығы сәл қисайған. Қабырғалардың қалыңдығы 1,2-1,5м. Қабырғалар биік емес, 1,5 м, өте биік нүктелері 2-2,3 м. Құрылысы 2 қабатты табиғи таспен және Маңғыстау облысының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы топырақпен толтыра қалау әдісімен тұрғызылған. Кей жерлерде төменгі қаландылардың деңгейінде тік қойылып жалпақ тастар орнатылған. Қабырғалар алаңдық жағынан жартылай дөңгелектенген, диаметрі 3,5-4 м, 3-5 м қабырға сызығынан шығыңқы келген 5 мұнарамен нығайтылған. Мұнараның ішкі бөлме қуысы бар. Кей жерлерде мұнаралар мен қабырғаларда биіктігі 40-50 см жақтаулар байқалады. Қабырғаның солтүстік-батыс бөлігінде шамамен ені 2 м болатын өткел бар. Қабырға мен мұнаралардың алдында алаңдық жағында жүзіп барған ені 2 м, тереңдігі 50 см болатын есік қуысын жағалай ор жатыр. Ені 3 м, биіктігі 30-50 см ордың алдында қатты сырғыған топырақ жал болып үйілген үйінді және мұнаралар мен есік қуысына қарсы доғаланған тас қаландылар бар. Бұл мүмкін маңдай үстінің құлаған қалдықтары болуы мүмкін. Мүйістің солтүстік жағында арнайы төмен түсетін соқпақ анықталды. Қамалдың аймағында жалғыздан кремний сынықтары кездеседі. Қамал қабырғаларының құрылысы мен сақталуы кейінгі орта ғасырларға меңзейді. 2- нысан- мүйістелген шошақтың бітер жеріндегі үйілген көлемді үйінді сипатында. Үйіндінің ұзындығы 48 м, ені 10-12 м, орташа биіктігі шамамен 2 м. Жоспарда қиғаш (зигзаг) пішінде келген. Мүйіс аумағындағы біршама жер үйіндімен қалқаланған. Осы маңда қолдан жасалған қыш ыдыс сынығы, мыс рудасының және сирек кездесетін пышақ тәрізді кремний тасының сынықтары кездеседі. Бұл материалдар қола дәуірімен мерзімделеді. Ескерткіш (1986 ж.) құжатталған.

Аңыз-әңгіме: Туризм мен демалыстың ғажайып орындарының бірі –Тамшалының тамаша табиғаты болып табылады. Тамшалының басты кереметі – сайдың қабырғасымен жартылай дөңгелек түрінде қалыптасқан шағын үңгірдің төбесіндегі сулы сазды қабатының ашық қалуы. Тұщы су жартасты кемерден тамшылап, үш метр биіктіктен ағады. Аққан тамшылар құдды бір жаңбыр жауып тұрған тәрізді тырсылдайды. Тамшалы сайы жыл бойы тіршілікке толы! Қыстыгүні су ағыстарын мұз басса да, төмен қарай қарқынды ағуларын тоқтатпайды. Міне, осы сәтте судан табиғи ағза жасалғандай тамаша көріністер пайда болады. Мұз бағаналары тілімденіп, қуыстар арқылы төмен қарай құлдырайтын жан-жақты су ағыстарының сарқырауы мен тамшылар сылдыры түрлі дыбыстарға ұласады. Осынау табиғаттың төл туындысында таза ауамен тыныстап, мөлдір де моншақтай тамшылардың күміс сыңғыры бойыңды сергітіп, жыныңды жадыратады. Тұғырдан төмен қарай тамшы сорғалап, моншақ тамшылары табан тасқа соғыла сазды әуенмен әдемі әсерге бөлейді.

Дерек көзі:

  1. Маңғыстау МТМҚ ММ-нің 2009 жыл А.Астафьев материалдары;

  2. Маңғыстау экотуризм журналы.


Ұлыкіндікті кешені
Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек селосынан 35 км солтүстік бағытта, Шопан-ата қорымынан 4 км жерде орналасқан.

Зерттелуі: 1998 жылы анықталды. 2005 жылы археолог А.Астафьевтің жетекшілігімен Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорық қызметкерлері археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Қысқаша анықтамасы: Шопан-ата қорымына жақын Ұлы кіндікті жерінде ерекше археологиялық нысана орналасқан. 2005 жылы археологтар осы жердегі қола дәуіріне жататын екі діни-қабірлеу кешені орындарына археологиялық зерттеу жұмыстарын өткізді. Бұл ескерткіштің шартты дәуірі б.д.д. 2 мыңжылд. ортасы деп белгіленеді. Бірінші қабірдің диаметрі 6 м болатын дөңгелек пішіндегі тас қоршауы болған көрінеді, тастары шашылып, бүгінгі таңда құрылысы бұзылған. Тас қоршаудың ішіне ерекше қабір орналасқан. Барлығы 12 тасты тігінен қойып тұрғызған қабірдің пішіні жұмыртқаға өте ұқсас болып келеді. Қабірдің беті плиталармен жабылған. Уақыттың өтуімен бұл плиталар сынып, төменге құлаған. Қабір түбінде қартайған адамның қаңқасы сақталған. Дене бір қырынан жатқызылып, басы шығысқа қаратылып, тізелері бүктіріліп жерленген. Мүрденің артқы жағынан ішіне ұсақ жануардың қабырғалары салынған кішкене құмыра ыдыс табылды.

Екінші қойылымның қабір құрылысы және жерлеу дәстүрі күрделілеу. Қабір дөңгелек пішінді, ірі фундамент тастары сақталғандығынан бұл күмбезді құрылыс болғаны түсінікті болды. Бұл қабірде де жасы үлкен адам жерленген, қаңқа әйел адамға тиісті деп болжанады. Дененің басы шығысқа бағытталып, қырынан жатқызылған. Моланың қабырғалары тастан қаланған, төменгі бөлігі жұмыртқа тәрізді болған, жоғарғы бетіне күмбез тіктелген. Жерленген дененің үстінен сексеуіл бұтақ-шыбықтарынан тор жасалынған. Бұл ағаш тордың үстіне құмыра ыдыс қойылған. Қоршауының диаметрі 10 м болған, биіктігі 1,5 м етіп тастан қаланған қабырғамен қоршалған. Сондай-ақ бұл тас қоршауды ені 3 м , тереңдігі 1 м ор белбеу сияқты қоршаған. Қабірлеу рәсімі кезінде тас қоршау мен күмбез арасына алау жағылған.



Аңыз-әңгіме: Ұлы кіндікті кешенінің жерлеу дәстүрі Ұлы даланы мекендеген ежелгі көшпелі халықтың әлем және өмір жаратылысы туралы діни түсініктерімен тығыз байланысты. Дүние жүзі халықтарының ежелгі аңыз-эпостарында Космостық мұхитта жүзіп, Ғаламшар алауымен жылытатын әлем жұмыртқасы біздерге белгілі. Әлем жаратылысы – жұмыртқаның төменгі - жоғарғы бөліктері - аспан-жер, сары уызы - күн деген ұғым халықтар мифологиясында кеңінен тараған. Әлемдік жұмыртқа жарылмастан бұрын оның ішінде Аспан-әке, Жер-ана бір-бірімен жақын болып, олардың бір-бірімен айрылысуы адамзаттың пайда болуына әкелген. Міне, осы негізде дүние жүзі халықтары мифологиясы адамзаттың туылуын жермен байланыстырады, алғашқы адамдар балшықтан немесе жерден жаратылды деген ұғымға саяды. Мүмкін осындай дүниетанымдар пайда болған тас заманының соңғы дәуірлерінде қайтыс болған адамдарды қырынан, тізелерін бүктіріп жерлеген, әлі туылмаған сәбидей, яғни ана құрсағында жатқандай етіп жерлеген.

Ұлы кіндікті діни-қабірлеу кешені енді пайда болып келе жатырған көшпелі қоғамның тікелей мұрагері қазақ халқының рухани мәдениеті дамуының үлгісі болып табылады.



Дерек көзі: Маңғыстау МТМҚ ММ мұрағат материалдары.
Маната кесенесі





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет