Жалпыұлттық және жергілікті маңызы бар қасиетті нысандар Шерқала тауы Орналасқан жері



бет14/19
Дата26.06.2018
өлшемі2,57 Mb.
#44231
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Зерттелуі: А.М.Қоғалбаева (1992 ж.) ал “Көшпелілердің мәдени мұрасының мәселелері бойынша ҚазҒЗИ”-нің экспедициясы (2007 ж.) зерттеген. Алғаш рет 07.01.1993 жылы облыс әкімінің №362 шешімімен мемлекеттік қорғауға алынған. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 28 шілдедегі №279 қаулысы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.

Қысқаша анықтамасы: Ол Маңғыстау өлкесінің XIX ғасырдағы салынған құрылыстарының ішінде ең ірісі, әрі сәулет жауһары болған мешіт. Жергілікті ауқатты - бай Ақбота Жеменейдің тапсырысымен салынған. Мешіттің жоспары 22 бөлмелі тік төртбұрышты құрылыс, іргетасы жоқ бірсатылы қабырғаның төменгі жақ қаландысы үстіне орнатылған, төбесінен 28 күмбез шығарылған. Мешіт қам кесектен тұрғызылған, қабырғасы сыртынан әктастармен қапталған, ішкі қабырғалар сыланған. Ғимарат ортасында 4 үлкен зал орналасқан, периметр бойымен арқалығы бар босағалар мен күмбезді шатыры бар бөлмелер қабырғадан шығып тұратын жалған бағаналы болып қатарласқан. Ортадағы залдардың күмбезі өзегі шаршы болған колонналарға (бағанға) сүйенген. Қасбеттердің бұрыштары мен қабырғаларда (екі-екіден) пилястрлер қаланған. Есік қуысы негізінен шығыс және батыс қасбеттерінде орын тепкен, қабырғаларында терезе саңылаулары бар. Қайта жөндеу жұмыстары (1991 ж.) жүргізілген қабырға, күмбездің құлаған жерлері қалпына келтіріліп, жалпақ тастардан цемент-құм сылағы негізінде дуал-қоршау тұрғызылған. Мешіттің іргесінде үш құдық бар, бұрынғы кезде біреуі тұщы, ал қалған екеуі кермек, мал суаруға жарамды болған. Қазіргі кезде екеуі ауыз суға жарамды, біреуі тіпті ащы.

Аңыз-әңгіме: Ол ел арасында діни білімді, имандылықты уағыздаушы адам ретінде белгілі болған. Көркембай мешіті 1928 жылға дейін білім ордасы ретінде пайдаланылып, онда ел балалары мұсылманшылықтан дәріс алған. Мешітте елге атағы белгілі ахундар, ишандар (Абдолла хазірет, Шәудір ишан, Қарақалпақ Мәткәрім, т.б.) сабақ берген. Бектұрлыұлы Көркембай ахун большевиктер тарапынан қуғынға ұшырап, ұстаздарын таратып, мешітін жауып, өзі Тәжікстан жеріне қоныс аударады. Қай жылы қайтыс болып және қайда жерленгені туралы толық мәлімет жоқ.

Дерек көзі:

  1. «Бейнеу» кітабы, Алматы 2002 ж.;

  2. Базарбай Әбдірахманов «Бекет атаның сұпылық жолы» кітабы, Алматы 2010 ж.;

  3. ҚазКСР мәдениет Министрлігі “Қазжобалауқалпынакелтіру” институты мұрағатының материалы 1990 ж.


Қыдырша ата кесенесі
Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Төлеп селосынан 86 км оңтүстік-шығыс бағытта, аласа жотада орналасқан.

Зерттелуі: 2008 жылы Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы мамандарымен зерттеліп, Маңғыстау облысының тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала есепке алу тізіміне енгізілген.

Қысқаша анықтамасы: Қорымда 35 нысан бар. Қорымның орталығында кесектен қоршалған тас қоршау орналасқан. Қоршаудың батыс қабырғасының ішінде мата байланған «сырық ағаш» орнатылған. Осы бөлікте кірпіш қоршаудың артында жазуы бар осы заманғы құлпытас орнатылған. Қоршаудың солтүстік-шығысында сағанатам орналасқан. Ескерткіш жоспар бойынша тікбұрышты, әкті-құмтастан ірге тассыз, цокольды белдікте қаланған, үш қабатты құрылымды және орта тұсында тас қаламасы бар. Есік қуысы оңтүстікке қараған. Шығысында №1 сағанатамға ұқсас тағы бір сағанатам бар, батыс қабырғада жазуы бар құлпытас орнатылған. Қорымның сол бөлігінде стелалы тас қоршау және үйлесімді құлпытас пен қойтас орнатылған.

Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет