Тақырыбы: Індет ошағы



бет1/3
Дата12.03.2023
өлшемі1,43 Mb.
#172012
  1   2   3
Байланысты:
Презентация Microsoft PowerPoint
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Індеттану кітап, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед

Тақырыбы: Індет ошағы


А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
В.Двучеренский атындағы ауылшаруашылық институты
Ветеринариялық медицина кафедрасы
Орындаған: Сабитов Бахыт
ВМ 19- 421- 10
Тексерген: Ергазина.А.М phD, аға оқытушы
Қостанай- 2023

Індет ошағы

  • Індет ошағы деп індет процесі өтетін, оның негізгі үш қозғаушы күштері: инфекция қоздырушысының бастауы, берілу тетігі және бейім жануарлардың өзара бір-біріне әсер ететін кеңістігі аталады. Екінші сөзбен айтқанда індет ошағы ауру қоздырушысы орын тепкен және нақтылы қалыптасқан жағдайда ауру қоздырушысының сау жануарларға берілу қаупі сақталған аймақ.

Құс тұмауының ошағы

Ошақтың басталуы

  • Індет ошағы ретінде ауру не микроб алып жүруші жануар тұрған қора есептелінеді. Егер ол жануар қорада ғана қамалмай, бос жіберілетін аулаға шығатын болса, қорамен бірге сол аула да індет ошағы болып табылады. Ал енді ол жануар аулаға шыққанымен шектелмей, жайылымда жайылатын болса, ол жайылым да індет ошағының құрама бөлшегі болып табылады. Инфекция қоздырушысының бастауы болған жануар аталған жағдайлармен шектелмей алыс қашықтыққа, мысалы, алыстағы жайлауға айдалынатын болса, індет ошағы одан арман кеңіп, оған сол жануар жүріп өткен ластанған аймақтың барлығы қосылады.

Таралуы

  • Аэрогендік жолмен ғана тарайтын аурулар кезіне індет ошағы ауру мал тұрған қорамен шектеледі. Ал трансмиссивтік инфекциялар кезінде оған қоздырушыны тасымалдаушылар белсенді әрекет ете алатын аймақ жатады. Малды қолда ұстағанда аурудың таралуы шектеледі де, жайылымда жайған кезде аурудың кең таралуына мүмкіндік жасалады. Аурудың індет ошағынан тысқары таралуы жаңа індет ошақтарының пайда болуына әкеліп соғады. Бұған байланысты бастапқы және туынды індет ошағы деген ұғымдар қалыптасқан. "Індет ошағы" ұғымын инфекция ошағымен шатастырмау керек. Індет ошағы кеңістікке тән ұғым болса, инфекция ошағы организмде болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет