Жалпыұлттық және жергілікті маңызы бар қасиетті нысандар Шерқала тауы Орналасқан жері



бет2/19
Дата26.06.2018
өлшемі2,57 Mb.
#44231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Қысқаша анықтамасы: Бозжыра жері – облыс орталығы Ақтау қаласынан 300 км қашықтықта орналасқан, Қарақия ауданына қарасты Үстірт платосының батыс шыңдары бөлігі, Табиғат-Ананың өз қиялына ерік беріп, ақ түстерден ғажайып ландшафт жасаған Үстірт жазығы шыңдарының бір бөлігі. Биіктігі – 250 м.

Аңыз-әңгіме: Сан мыңдаған жылдар бойы бұл аймақ мұхит түбі құбылысында болған. Алайда, тереңдегі Жер әрекетінің дамуымен мұхит кесінділері кей кезеңдерде уақытша болса да кейін шегінетін болған. Шегінген мұхит гигант толқындарымен жұмсақ әктас жарықшақтарын шайып, ақ-борлы таң қаларлық тау қалдықтары мен сайларды құрастырған. Жел мен жауын тасқындары қорытындылай қалыптастырған табиғаттың бұл әсем көрінісі бүгінгі таңда өлкемізге енді ғана келіп бастаған туристерді таң қалдырып отыр. Шағын Бозжыра жазығы үш жағынан табиғат қиялының амфитеатрымен қоршалған. Бұл жерде сайлар, құздар, тау-мұнаралар, тау-қамалдар - бәрі аппақ. Бозжыраның тау шоқыларын айналып қараған кезде, құдды-бір өзінің ажарын құбылтып тұрғандай көрінеді. Назданған шоқылар мұнарланған қиян далаға қарап, Маңғыстаудың ұлы нышаны - алып тас үйдің тыныштығын күзетіп тұрған үнсіз қарауыл секілді.

Дерек көзі: Маңғыстау МТМҚ ММ мұрағат материалдары.


Айрақты тауындағы петроглифтер
Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосынан 18 км солтүстік бағытта орналасқан.

Зерттелуі: А.Г.Медоев ХХ ғасырдың 60-шы жылдары зерттеген. Айрақты тауындағы жартастағы бейнелерді зерттеген ғалым А.Г.Медоев өзінің 1979 жылы Алматы қаласындағы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Жартастағы бейнелер» еңбегінде толық мәліметтер бар.

Қысқаша анықтамасы: Бұл өлкені Каспий мен Арал теңіздерінің ортасынан және Жайық өзенінің арнасынан жалғыз ғана Мұғалджар тауының сілемдері қиып өтеді. Үстірттен бастап Орал тауының солтүстік батысына дейінгі кең жазықтың біраз бөлігін қақ жарып созылып жатыр. Бұл таудың Үстіртке біршама жақын жатқан тұсын Жамантау деп атайды. Тау сілемденің ең аумақты тұсы Қаратау деп аталса, оның ең биік шыңын Айрақты деп атайды. Сурет, дастархан тәріздес бейнелер Айрақты тауының шығыс жақ етегінде орналасқан жұмсақ бор жынысты тастардың шығыс және оңтүстік-шығыс жағында салынған. Тастарда үй жануарлары (түйе, жылқы), тау теке, атты адамдар, белгілер бейнеленген. Таудың абсалютті биіктігі 148 метрге жетеді.

Аңыз-әңгіме: Шағын тау шоқылары тізбегі жергілікті тұрғындар арасында Айрақты деген атпен белгілі. Айрақты таулары мұнаралы төбелері, бағаналары мен бекіністі қабырғалары бар ертегідегі қамалдарға ұқсайды. Таулардың бірінен шығатын жартылай қолға үйретілген аттармен жүріліп қалған даланың бұралаң соқпақ жолы шағын алаңқайға алып барады. Осы жерден алыстағы Ақтау таулары, барлық айрақтылық қорғандар ажарын кең көлемді көріністен тамашалауға болады. Ылғалды көктемде жазық жерде кішілеу келген жұпар иісті согдийлік қызғалдақтар қаулап өседі. Айрақты тауының баурайы маңында зерттеушілер «Дала симфониясы» деп атаған ақбор жынысты тастарда шимайланып қалдырылған суреттерді көруге болады.

Дерек көзі:

  1. Маңғыстау МТМҚ ММ мұрағаты 2008 ж. материалдары;

  2. Бронислав Залесский «Қазақ сахарасына саяхат» Париж 1865, Алматы 1991 ж.


Саура сайы
Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласынан 80 км солтүстік-батыс бағытта орналасқан.

Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет