Жалпыұлттық және жергілікті маңызы бар қасиетті нысандар Шерқала тауы Орналасқан жері



бет8/19
Дата26.06.2018
өлшемі2,57 Mb.
#44231
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жаңаөзен қаласынан 85-90 км оңтүстік бағытта орналасқан.

Зерттелуі: 2002 жылы Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы мамандарымен зерттеліп, Маңғыстау облысы бойынша тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын ала есепке алу тізіміне енгізілген.

Қысқаша анықтамасы: Қорымда 200-ге жуық әр типті объектілер орналасқан. Ескерткіштер жоспарда домалақтау және тік бұрышты, өңделмеген тастан қаланған тас белгілер ие көлденең жатқызылған тастан қаланған тас қоршаулар, қойтастар, сандықтастар және жалғызды құлпытастар орналасқан. Қорымның батыс бөлігінде түркімендік қабірүсті құрылыстары шоғырланған, шығыс жақ бөлігінде сандықтас және қойтас түріндегі ескерткіштер орналасқан. Қорым орталығында зиярат етушілер жиі келетін әулие Темір баба қабірі орналасқан. Қабір басына кесене салынған.

Аңыз-әңгіме: Темір баба – мықты жауынгер, батыл, әруақты адам болған. Ел аузындағы аңыздың басқа нұсқасында Темір баба мен қасиетті Шопан ата кездесіп, әруақ салыстырған делінеді. Әруақ салыстыру нәтижесінде Кендірлі аралы пайда болған. Теңіз жағасында аяғын суға малып отырған Темір баба жер түбінен – Хорезмнен келе жатқан Шопан атаның аяғының дыбысын естіп отырыпты. Шопан ата қасына келіп, өз жөнін айтып, Темір бабадан жөн сұрапты. Осы кезде Темір бабамен құдірет салыстырғысы келетінін айтады. “Құдіретіңді, әуелі, өзің көрсет”,- депті Темір баба. Шопан ата тау етегінде жайылып жүрген бір үйір қара құйрықты шөрелеп шақырған екен. Үйір алдында тұрған теке келіп, етегін жалап, жата кетеді. Шопан-ата пышақсыз бауыздап, жіліктеп, мүшелеп, жайратып тастапты.Осыдан кейін етін терісіне қайта салып, алақанымен бір сипап өткенде, теке сілкініп, үйіріне қарай жөнеледі. Кезек Темір бабаға келіп, ол балағын тізесіне дейін түріп, көк теңізге қойып кетеді. Теңіз қарсы айырылып, Темір бабаны басқан жері қара жер болып қалыпты. Шопан ата неғып тұр екен деп артына бұрылса, ол сәлдесін шешіп, “әулиелігіңізге сендім, бұдан әрі жүре берсең кәпірлер келетін жол саларсың”, - деп қайтарыпты. Қара түбек содан қалыпты. Осы қара түбектің пайда болуы туралы халық ауызындағы аңыздың тағы бір нұсқасы былай баяндалады. Теңіз жағалай жүріп, баласы суға кетіп, құтқара алмаған Темір баба теңіз бетін үш рет “Өмір бойы осылай сапырылып жат!”, - деп қамшылапты. Темір бабаның қамшысының тиген жері қара жер болып қалыпты. Содан бері теңіздің (аралдың) Форт-Шевченко беті тынымсыз сапырылысып, ал керісінше, Бекдашы беті тыныш жатады екен.

Дерек көзі:

  1. Серікбол Қондыбай «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» кітабы 2007 ж.;

  2. Маңғыстау МТМҚ ММ мұрағат қорының 2004 ж. материалдары. М.Д.Қалменов.


Күйеу там кесенесі
Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Сенек селосынан 40 км солтүстік-батыс бағытта, Шопан-ата қорымынан батыс жағындағы төбе жал үстінде орналасқан.

Зерттелуі: Ескерткішті Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы ММ 2004 ж. зерттеген. Маңғыстау облысы бойынша тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын ала есепке алу тізіміне енгізілген.

Қысқаша анықтамасы: Күйеу там ескерткіші төртбұрышты сағанатам түрінде қаланған. Мұнда қабырға беттерінде түрлі жан-жануардың бейнесі, адам қолының таңба ізі, алақан, қылыш пен қанжар суреттері салынған. Жазба мұраларын зерттеуші Мұрат Ақмырзаев сағанатамның сыртқы қабырғасындағы жазуды былай оқыды: «Бұл жазбаны салған молда Меңдібай Естекұлы», ішінде орнатылған қойтас бетіндегі араб жазуын тарихшы-өлкетанушы Нұрлан Құлбаев: «Бисми Әли» деп оқыды.

Аңыз-әңгіме: Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр бойынша үйге түскен жаңа келін қайын жұртының үлкендеріне көрген жерінде бүгіліп сәлем етеді. Баяғы бағзы замандарда күйеу жігітте қайын жұртына сәлем ететін болған. Қазақ халқында жігіттің үш жұрты: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты бар екені белгілі. Соның ішінде қайын жұрты – міншіл деген сөз бар. Алайда ер азаматқа деген құрмет пен қадір басым түсіп, ол салт жойылып, бүгінгі таңда өзгеріске ұшырайды: ендігі жерде қайын жұртына барған күйеу жігіт төрге шықпай босағада бір тізерлеп отыратын болған. Қазақта «Пайғамбарда күйеу баласын сыйлаған» деген нақыл сөз бар. Бұл күйеу балаға деген құрметтің бір белгісі және де туыстық қарым-қатынастың әдемі үлгісі болып табылады. Қайын жұртының әр шаңырағы әрдайым күйеудің сыбағасы деп төс сақтайды. Күйеуге тартылған табақта төс болмаса, күйеу төсін даулап жеңгелерімен қалжыңдасып жатады. Тартылған төсті міндетті түрде күйеудің өзі ұстап, табақтас қыз-келіншектермен бөліседі. Жылдар өте жасы үлкейген күйеулер әзілдеп «Мен бұл үйге күйеу емеспін, жиенмін» деп жатады. Түсінген адамға бұл «Мен ұзақ жыл күйеу болып осы үйдің шаруасына еңбегім сіңді. Қайын жұртыма қадірім өтті. Осы шаңырақтың бір мүшесіндей болып кеттім. Сондықтанда менің күйеулігім жиендігім секілді. Жиен сияқты еркінмін, еркемін» деген ұғымды білдіреді. Қайын жұрты да кейде мүндай күйеулерін жұрт көзінше еркелетіп «жиен» деп атайды. Бұл сөз қыздарымен ұзақ жыл отасып, ұл-қыз тәрбиелеп өсірген, өздеріне әбден сыралғы, адал пейілді күйеулеріне көрсетілген ерекше құрмет іспетті естіледі.

Бұл аталған тамның ішінде Шопан атаның күйеу баласы жерленген. Зиярат етушілер бірінші күйеу тамға келіп аялдайды, бұл дәстүрдің мағынасы күйеу балаға деген үлкен құрметтен бастау алған. Содан кейін ғана төмендегі Шопан ата қорымы және жерасты мешітіне барады.



Дерек көзі:

  1. Маңғыстау МТМҚ ММ мұрағат материалдары;

  2. С.Қажыкен «Қайын жұртыңды қадір тұт» «Ана тілі» газеті.



Кенті баба кесенесі
Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Таушық селосынан 40 км солтүстік-батыс бағытта орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет