Нұсқау: «Дүниеде жоқ жануардың суретін салып жəне ол жануардың атын дүниеде кездеспеген жаңа атаумен ата».
Талапқа сəйкес қағаз бетіндегі сурет көлденеңнен ортасына орналасуы керек.
Егер сурет қағаздың жоғарғы бұрышына жақын орналасқан болса, онда ол адам кез келген ортада өзін-өзі əрдайым жоғары бағалайды.
Сурет қағаздың төменгі бөлігінде орналасса, өз-өзіне сенбеуі жəне төмен бағалайтындығын білдіреді:
Жануардың бас бөлігінің орналасуы.
Бастың көлемі фигураға қатысты болуы - өзіңе жəне айналадағыларға мұқият түрде назар аударады жəне əділ бағалайды.
Бастың оңға қарай бұрылуы – шынайы тұрақтылықпен жоспарлардың жүзеге асуы. Адам өз жоспарларын іске асыруға белсенді кіріседі.
Бастың солға қарай бұрылуы – өз көңіл-күйінің іштей жақсы болуға əрекеттенетін адам. Іс-əрекеттің ең маңыздысы өзіндік сана- сын танып-білуге бағытталады. Бойын қорқыныш сезімі жие билеп алады.
Тек бас үлкен етіп салынса, ол – тұлғаның өз мүддесіне баса назар аударатындығын, қандай да бір объектіге деген позициясын өзгерте алмауын білдіреді.
ІІІ. Басында орналасқан əр түрлі қосымша немесе сезім мүшелеріне сəйкес бөлшектерге сипаттама:
Жануардың көзі үлкен болса, ол қорқыныш белгісіне тəн көрінеді. Кірпіктердің бар-жоғына назар аударыңыз. Əйелдер үшін олардың бар болуы –истеройдты-демонстративті мінез-құлықты білдірсе, ал
ерлер үшін – мінездің əйелге тəн белгілері байқалады.
Құлақтар – қоршаған адамдардың маңыздылық мəліметтеріне тікелей қызығушылық білдіру.
Ауыздың суреті кішкене ашық тілмен салынса, бірақ ерні жоқ болса, сөзшеңдік, тілге деген белсенділікті білдіреді.
Ерінмен біріккен ауыз – сезімталдық, кейде сөйлеу белсенділігі. Тілсіз, ерінсіз ашық ауыз – қорқыныш пен күдіктену сезімі.
Тісті ауыз – вербалды агрессия, көп жағдайда қорғаныс. Дөңгелек түрдегі ауыз – балалар мен жеткіншектер үшін – қорқу,
мазасыздық.
Басында орналасқан қосымша бөлшектер.
Мүйіздер – қорғаныс – агрессия (агрессияның басқа белгілерімен бірігуін анықтау, тырнақпен, қылмен, инелермен) - бұл агрессия мінезі, жауабы қорғанысқа бағытталады.
Қауырсындар - өзін əсемдеу, өзін ақтауға ұмтылу жəне демонстрациялылық.
Жая, шуда, түк (жүн) – сезімталдық, өз жұмысына нақтылау, ал кейде өз əлеуметтік рө ліне бағдарланушылық.
Тірек бөлімі.
Аяқтың түгелімен немесе жартылай болмауы, ерекше білінетін пайымдаушылық, негізсіз қорытынды жасауға бейім болу- ын білдіреді.
Аяқтарды біріктіріліп əлсіз, ұқыпсыз салынуы - өз пайым- дауларын, қорытындыларын, шешімдерін қатаң бақылау, аяқтардың немесе тіректердің кез келген элементтер түрлерінің бір тектілігі, бір бағыттылығы, сонымен қатар қайталануы – пайымдаудаларының өзіне ыңғайлы етіп шешім қабылдағыштығын білдіреді.
Аяқ түрлерінің немесе тірек бөлімінің кез келген элементтерінің орналасуындағы əртүрлілік – пайымдау ерекшелігі, өз бетінше, кейде шығармашылық бастамасының немесе өзгеше көзқарастың болуы.
Жануарлар бейнесінің жоғарғы жағындағы бөліктер (қанаттар, қысқыштар, қауырсындар, бантиктер, гүлдер) – энергия, адамзат білімінің əртүрлі аймақтарын қамту, өзіне сенімділік, білуге құмарлық, көптеген шараларға қатысу, өзіне күн астынан орын жау- лап алу батылдығын сипаттайды.
Құйрықтар бірнеше, əсіресе, үлкен, тармақталған, ұзын құйрықтарға ерекше назар аударыңыз, бұл жеке əрекеттеріне, істеріне, шешімдеріне, қорытындыларына, ойларына аса сенімділігін білдіреді.
Құйрықтың жоғары бағытталуы - өзінің əрекетіне, істеріне, шешімдеріне сенімді, оң жəне сергектік қатынасы.
Құйрықтың төмен бағытталуы - өзіне наразы болу, жасаған ісіне өкіну, мұңаю, өкініш жəне т.б.
Құйрық оңға бағытталса - өз əрекеттеріне, мінез-құлқына на- разы болу.
Құйрық солға бағытталса - өз ойларына, жіберген қателеріне, шешім қабылдай алмаушылығына наразы болу.
Фигура контуры.
Бейненің сырт келбетінде өзге элементтердің болуы (шабақтардың, қабыршақтардың, инелердің). Олар əсіресе тігінен салынса – айналадағылардан агрессивті қорғанысты білдіреді.
Орнатылған қылқандар, жабылған жерлер, сызықтардың екі еселенуі – күдіктену, қорғану.
Жануардың үстіндегі контур болуы – жоғарыдағыларға жəне тыйым салушыларға қатынасы.
Төменгі контурі – төменде тұрғандарға қатынасы, құрдастарының, бағынушылары жағынан кінəлау, айыптардан қорқу, мазақтаудан, мойындамаудан қорғану талабы.
Жан-жағындағы қорғаныс заттары – қалыпты сезіну, кез кел- ген ситуацияда қорғануға даяр болу. Қорғану элементтері дене ішінде оң жақта орналасқан – іс-əрекет процесінде айналадағылардан қорғану.
Сол жақтағы элементтер - өз пікірін, позициясын, наным- сенімдерін қорғау.
Жануарды адамға сəйкестендіруі (тік жүру, адам киіміне киіндіруі, тұмсықтың адам кескініне ұқсастығы) – эмоционал- ды тұрғыда жетілмегендіктің белгісі, ойлау инфантилизмі – бұл адамның мінезімен байланысты ертегілерді жақсы көруі, яғни мінезінде балалық сезімнің болуы.