Баланың жасына, жанұясының шынайы құрамы, баланы жақсы түсіну үшін ол туралы алдын ала мəліметті біліп алуыңыз керек.
Суреттің жалпы аумағына, жанұя мүшелерінің санына (шынайы суреттелуі) ығыстыру – кері (теріс) сезім.
Фигура өлшемдері: фигура неғұрлым үлкен болса, соғұрлым бала үшін маңызды. Егер бала өзін суреттемесе, онда өзін жанұя мүшесі ретінде есептемейді.
Отбасы мүшелер арасындағы арақашықтық бір-біріне неғұрлым жақын болса, соғұрлым байланыс күшті болғаны. Фигуралар арасы- на заттардың болуы, жанұя мүшелері арасындағы кедергілер.
Егер жануарлар болса, онда оларға деген қызығушылықты білдіреді жəне солар арқылы жетіспейтін қарым-қатынастың орнын толтырады.
Бейненің түрі:
Ірі бас – көп біледі.
Үлкен құлақтар – мəлімет алуға ұмтылады. Қатып тұрған фигура- лар – қарым-қатынаста мінез-құлықтарының қатаңдығын білдіреді. Рельеф, пейзажды ескеруі – өзінің жиі болатын орнына қызығушылығы. Жанұя мүшелерінің біреуінің суретін үлкейтіп неме- се кішірейтіп салса, онда ол баланың сол адамға қатынасты қорғаныс механизмін білдіреді. Шынайы жанұямен неғұрлым сəйкес келмесе, онда соғұрлым балада бар ситуацияға қанағаттанбаушылығы көп бо-
лады.