Балабақшада қолданылатын сенсориканы дамытушы ойындар «Себеттегі қысқыштар»



Дата19.04.2020
өлшемі16,94 Kb.
#63035
Байланысты:
Монтессори 17.04

Атанбай Гулнар 17.04.20ж.

Балабақшада қолданылатын сенсориканы дамытушы ойындар

«Себеттегі қысқыштар»

Мақсаты:

қолдың ұсақ қимылдарын дамыту

Қажетті құралдар:

ағаш қысқыштар, шеткі жиегі қалың емес

ағаш себеттер.

Барысы: кәдімгі себеттің жақтауларына киім қысуға

арналған қысқыштар қыстырылады. Бұдан кейін балаға оларды үш саусақпен (қалам ұстайтын саусақтарымен) қайтадан шешіп алып, себетке салу ұсынылады. Бар жаттығу осы. Бұл өте қарапайым болып көрінуі мүмкін, алайда кішкене балаға затты сезіну және онымен механикалық іс-әрекет істеуі маңызды. Аталған саусақтарды дамыту баланың тез жазып үйренуіне түрткі болады.

Егер тапсырманы қиындату керек болса, жылдам орындау нұсқауын беруге болады. Балаларды екіден жұптастырып қысқыштарды алдымен қыстырып соңынан шешкізіп ойнатуға болад



«Моншақтарды пинцетпен ауыстыру»

Мақсаты: ұсақ қимыл қозғалыстарын дамыту. Қол саусақтарының қимылдарын жетілдіру. Үйлестік.

Қажетті құралдар: кішкене ыдыста ұяшықтары бар тұғырнама, пинцет және моншақтар салынған ыдыс. Ыдыстағы моншақ саны ұяшықтағы моншақ санына тең болуы керек. Барлық бұйымдар түстері бойынша бір-біріне сәйкес.

Барысы: бала бұйымдар бар ыдысты алдына қояды. Пинцетті оң қолына алып, ыдыстағы моншақтарды тұғырнаманың ұяшықтарына ауыстырады. Ұяшықтар толтырылғаннан кейін керісінше моншақтарды пинцетпен ыдысқа ауыстырады. Бұл жаттығу қол қимылдарының үйлесуін жақсы жетілдіреді, бала кейін ұысақ әріптерді жазады. Жаттығу баланың зейінінің шоғырлануын және ішкі тыныштықты талап етеді. Бала жаттығу үстінде моншақты түсіріп алса, ол қате деп есептелмейді. Жіберген қатесін бала өз бетінше түзете алады.

 «Саяхатшы ойыншық»

«Саяхатшы ойыншық»

Ойын барысы.
Бала өзіне ұнайтын ойыншықты алып ортаға шығады. Айналасына әр түрлі түстегі пішіндердің қоямыз.
Тапсырма
Балаға кеңістікте қайдай бағытта қалай жүру керек екенін айтып отырамыз. Саяхат барысында кездескен пішіндерді атау керек.
Мысалы .
Алмастың ойыншығы / қояны/ орманды аралауға шығыпты.Бір кезде адасып қалады. Үйге бару үшін бірлесе тапсырманы орындайық


1. Алмас қояныңмен бірге алдыға қарай 3 қадам жүресің.. Қандай пішінді кездестірдіңдер?
2. Оңға жүрсең алдыңнан бақшада өсіп тұрған көкөністерді кездестіресің.Қоян сәбізді ұнатады. Сәбіздерді сопақша ыдыстарға жинап алайық.
3. Солға жүрсең ойыншығыңа арналған әдемі үйшік тұр. Шатыры қандай пішінге ұқсайды?


Күтілетін нәтиже: Бала пішінді ғана емес кеңістік туралы ұғымын да толықтырады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет