«Жұдырық» жаттығуы.
Мақсаты: Өзін-өзі тану қабілетін, қарым-қатынасты дамыту.
Нұсқау: Қазір барлығымыз бір тапсырманы орындайық. Көршілер бір-бірімізге қарама-қарсы отырып, біреуіміз жұдырық түйіп, екіншіміз жұмылған жұдырықты ашуымыз керек. Жұдырық түйген кісі аштырмау керек. Ал екінші кісі ашуға тырысыңыз. Енді осыны қарама-қарсы қайталау керек.
Талдау: Қандай сезімде, қандай күйде болдыңыз?
Қорытынды: Біз әбден күш көрсеткенге, адам жанын қинауға құмармыз. Жай сөйлесек, «жылы-жылы сөйлесе жылан інінен шығады», біз күштемей-ақ қолыңызды аша салыңызшы деп айтуымызға да болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |