№ 1 САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пән: Өзін-өзі тану
Сабақтың мақсаты
|
Білімділік: «өзін-өзі тану», «өзін-өзі қалыптастыру», «өзін-өзі жетілдірә» ұғымдарына анықтама беру. Өз-өздерінің өмірдегі рөлін түсінулеріне жол ашу.
|
Тәрбиелік: пәнге қызығушылығын тәрбиелеу, өз сөзі мен ісіне жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, өз-өзін жетілдіруге баулу.
|
Дамытушылық: логикалық ойлау жүйесін жетілдіру, тілдік дағдыларын дамыту, өз-өзін дамытуларына бағыт-бағдар беру
|
Сабақ тақырыбы: Өзін-өзі тану жолында
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ түрі: кіріспе сабақ, жаңа материалды меңгерту сабағы, зерттеу сабағы
Сабақтың жабдықталуы
Көрнекі құралдар: Дәйексөздер, фигуралар, психогеометриялық тест
Тарапта материалдар: «Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді» карточкасы
Қолданылған әдебиет: негізгі: Ұ. М. Әбдіғапарова, С.С. Нұркеева «Өзін-өзі тану» колледж студенттеріне арналған оқу құралы, «Дәуір»
Қосымша: 1. «Өзін-өзі тану» Оқу құралы. 10 с, А.Бөбек, 2010
2. «Өзін-өзі тану» Оқу құралы. 11 с, Бөбек, 2010
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері
|
Жұмыс түрі
|
Орындалу уақыты
|
1.Ұйымдастыру кезеңі
2. Тыныштық сәті
«Нұрға бөлену»
3. Үй тапсырмасын тексеру
3. Дәйексөз
Адамдардың мінез-құлқын тану үшін ақыл керек, ал өз-өзіңді тану үшін даналық керек.
(Джон Хайдер)
4. Әңгімелесу (сұхбат)
- Сіздер өз-өзіңді өзгерту дегенді қалай түсінесіңдер?
- Өз-өзіңді танудың адам өміріндегі рөлі қандай?
- Өзін-өзі тану пәні біздің қоғамда қажет деп есептейсіздер ме?
5. Шығармашылық жұмыс
1-жаттығу. «Өзін-өзі қалыптастыру жолы»
«Қандай да бір әдетті қалыптастыру үшін тура 21 күн керек. Бұрнғы әдеттен арылу мүмкін емес, оны тек жаңа жақсы әдетке ауыстыруға болады»
2 -жаттығу «Психогеометриялық
тест»
3- жаттығу. «Өмір және өзін-өзі анықтау кестесін толтыру.
Менің өмірімдегі оқиғалар
|
Бұл маған байланысты
|
Бұл өзгелерге байланысты
|
|
|
|
|
|
|
4-жаттығу. «Тұлғалық өсу бағдарламасы»
6. Топпен ән айту.
Мен қазақпын мың өліп мың тірілген
Жүрегінмен таныстым мың тіліммен
Жырлаганда журегим күн тұталып
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген
Руым көп солардың ақ тарғындай
Мінезім бар таулардың кақпарындай
Жырым бар бабалар хаттарындай
Әжімім бар бейнеттін таптарындай
Қашан қазақ атандым мен азандап
Әлі күнге дейін білмейсін ей адамзат
Адамзат есіміне береді бала жасын
Құлпытасты жұлқыған кей азамат
Қару жолда, малы терде, бала белде, уайым төрі, теңіз қойы бара берме ооооо
Жігер керек, жыр керек, жалау керек, қайрат түбі боп төгіл қара елге ооооо. Па шіркін
Қайырмасы:
Бұл кім десен? Мен қазақпын, мың өліп мың тірілген
Көк байрак туым бар, елім бар, жерім бар оооооо
Бұл кім десен? Мен қазақпын, мың өліп мың тірілген
Көк байрак туым бар, елім бар, жерім бар оооооо
Па шіркін Япырмай!!!
Мен қазақпын мың өліп мың тірілген
Жүрегінмен таныстым мың тіліммен
Жырлаганда журегим күн тұталып
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген
Мен қазақпын қырғыз ұлы туысқан
Бірге тартқан тарланның құйысқаннын
Арамызда қара көз бір қыз бәлкім
Бөліп берген егізге уыс нанның
Турік пен Қазақпын бир бейік келістіммен
Еуропада, Азияда емеспін мен,
Аралықпын жетінші материк
Кей бір барыс жақ адаммен терыстым мен
Мен ҚАЗАҚПЫН - Байтақ Елім
Қайта тудым өмірге қайта келдім!
Мен мындағы төр едім мәңгі
7. Үй тапсырмасы:
Нұркеева «Өзін-өзі тану» колледж студенттеріне арналған оқу құралы, «Дәуір» 7-16 б
8. Соңғы тыныштық сәті
«Нұрға бөлену»
|
Сәлемдесу. Топты түгендеп шығу
Оқушылар жайланып отырған соң релаксациялық музыка қосылады және мәтіні оқылады.
әр студенттің үй жұмысын тексеріп шығу, үй жұмысын орындау барысында туындаған қиыншылықтарды талқылау
Сабақтың дәйексөзін талқылау
Топтық іс-әрекет, пікір алмасу, тақырып бойынша видео көрсету
Карточкадағы тұжырымды бір топ жақтайды, бір топ даттайды
Студенттер берілген фигуралардың бірін таңдауы тиіс. Сосын таңдаған фигурасы бойынша мінездеме беріледі.
Өздік жұмыс. Кестені толтыру
әр студент өзінің тұлғалық өсу бағдарламасын жасайды.
Топ болып ән айтады
Сабақты қорытындылып, үйге тапсырма беру
Оқушылар ыңғайланып отырады, баяу әуен қосылған соң мұғалімнің нұсқаулықтарын орындайды.
|
3 мин
5 мин
15 мин
5 мин
20 мин
10 мин
10 мин
5 мин
10 мин
5 мин
мин
5 мин
|
Оқытушы: ________________
Мәселенің түп негізі (аңыз)
Ертеде бір сопы өзінің өмірбаянында: «Мен жас кезімде өзімнің дұға-тілектерімнің барлығында әлемді өзгертуді сөз ететінмін. Сонда мен:
Маған Әлемді өзгертуге күш бере гөр, - деп дұға тілейтінмін. Маған барлығы дұрыс емес сияқты көрінетін.
Одан мен ер жеткенде былай дұға жасайтын болдым:
Бұл көп ғой дим; өмір сүріп өтіп жатыр. Өмірімнің жартысы өтті. Ал мен болсам бір де бір адамды әліөзгерте алмадым. Сондықтан, О, құдайым, менің отбасымды өзгерте гөр!
Уақыт өтіп қартайған шағымда отбасымды өзгерту де көр екенін ұқтым. Сонда мен егер де мен өз-өзімді өзгерте алсам бұл үлкен жетістік болатытын түсіндім. Содан енді:
О, Алла Тағала маған былай деп тіл қатты:
Енді сенде уақыт қалмады. Осыдан бастауың керек еді. Сенің мәселеңнің түп негізі осы болатын, – деді.»
Талқылау сұрақтары:
Сіздер өз-өзіңді өзгерту дегенді қалай түсінесіңдер?
Өзін-өзі танудың адам өміріндегі рөлі қандай?
Келесі дәйексөздерді оқып шығып, мағынасын түсіндіріңіз.
Өз-өзіңді таны. (Сократ)
Біз кім екенімізді білеміз, бірақ кім бола алатынымызды білмейміз. (Уильям Шекспир)
Идеалды адам жоқ, себебі адам қалыптасып бітпейді. (Карл Ясперс)
Өз қалпыңды сақтап қалу – жетістікке жетудің бірден-бір жолы. (Фредерик де Стендаль)
Өз-өзін тану даналықтың бірінші белгісі. (К. Маркс)
Тұлғалық өсу бағдарламасы:
Мақсат: _______________________________________________
А) Бұл мақсат мен үшін маңызды себебі___________________________
Б) Бұл мақсат қол жетімді және шынайы себебі _____________________
В) Мен бұл мақсатқа жетуге дайынмын себебі ______________________
Г) Мен бұл мақсатқа _____________уақытта қол жеткіземін
Д) Мені бұл мақсат алға жетелейді, себебі бұл мақсатқа жеткен соң мен ___
____________________________________________________
Мен өз жетістіктерімді төмендегідей өлшей аламын:
Менің өткен жетістіктерім ____________________________________
Менің қайнаркөздерім
А) Қойылған мақсатқа жету үшін менде __________________________бар.
Б) Қойылған мақсатқа жету үшін менде ___________________________ жоқ
В) Бірақ мен _______________________сияқты ресурстарды таба аламын.
Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
Суретте бейнеленген 5 фигураға қараңыз: квадрат, үшбұрыш, тік төртбұрыш, шеңбер, ирек. Осылардың ішінен сізді «бұл – Мен!» дегізетіндей біреуін таңдаңыз. Өзіңіздің формаңызды сезініңіз. Таңдау қиын болса, сізге бірінші болып «қараған», көзіңізге бірінші іліккен форманы алыңыз. Оны №1 деп белгілеп жазып алыңыз. Одан кейін қалған фигураларды қалауыңызша нөмірлік ретімен жазыңыз
Сонымен, сіздің бірінші деп белгілеген фигураңыз – Сіздің негізгі фигураңыз, немесе субъективтік формаңыз. Ол сіздің негізгі үстемдік ететін мінез-құлқыңыздағы ерекшеліктерді, тәртібіңізді анықтауға мүмкіндік береді. Ал қалғандары – Сіздің мінезіңізге қосымша әр беретін бөліктер болып табылады. Ал соңғы фигура сіздің қарым-қатынас жасауда қиыншылық көретін адамның формасы. Егер сізді ешбір фигура тұтас қанағаттандырмайтын сияқты болса, онда сізді екі не үш формадан тұратын комбинациясы сипаттай алады.
Квадрат: Қайраткер, еңбекшіл форма.
Оның өмір сүру ортасы өзіндік «Меніне» үйлесімді.
Жағымды жақтары – ұйымшыл, дәл, қатаң тәртіпті, ережені ұстану, аналитикалық ойлау қабілеті, ұсақ заттарға зейінділік, фактіге жүгіну, жазба сөйлеуге құштарлық, ұқыптылық, тазалық, сақтық, салқынқандылық, үнемшілдік, тұрақтылық, талапшыл, шешімінен қайтпау, шыдамдылық, еңбекқорлық, кәсіби эрудиция;
Жағымсыз жақтары: тақуа, өте ұсақшыл, өте сақ, «ақылгөй», ерегеспе, консерватор, (жаңалыққа қарсылық көрсетуші), шешімді қабылдауды созу, сараңдау, саясаткерлігі төмен, таныстары мен достары аз адам.
Үшбұрыш: Бұл лидерліктің символы, мақсатына бағытталу, дегеніне жету.
Жағымды жағы: лидер, билікке ұмтылыс, қайткен күнде жеңіске жету, проблеманың өзегіне үңілу, өзіне деген сенімділік, шешімге тез келе алу, сезімталдық, батылдық, өте белсенділік,тәуекелшілдік, жоғары еңбекқорлық, көңіл көтерудегі еркіндік, күшті саясатшы, тапқырлық, қарым-қатынаста көпшіл;
Жағымсыз жақтары: ең сенімді достары мен жақындары аз, қызбалық, атақ-даңққа бағыттылық, шыдамсыздық, өзінің мақсатына жеткенше басқаға көңіл аудармау, өз дегенінен қайтпау, қу, айлакер, өз дегеніне жетуде неге де бара алады, өзімшіл, мәртебе, мансапқа бағытталған, ұстамсыз, шыдамсыз.
Төртбұрыш: Өтпелі қалыптың символы. Өзгеру, басқа деңгейге ену, уақытша жағдай. Өзін-өзі түсіне бермеу, проблемадан қорқу…
Жағымды жағы: білуге құштарлық, барлық жаңаға жаны құмар, батыл, бейбітшіл, дау-дамайдан қашқақтайды;
Жағымсыз жағы: өзін төмен бағалау, өзгермелілік, тұрақсыздық, пікірін жиі өзгерткіштік, қозғыштық, өзіне сенбеу, аңқаулық, сенгіштік, қызбалық, көңіл-күйінің тез де жиі алмасуы, ұмытшақтық, заттарын жоғалтуға бейімділігі, ұқыпты емес, тиянақсыз, жаңа достар, өзгенің мінез-құлқына, қылығына еліктеу («рөлдерді өзіне өлшеу»), тез салқын тиіп ауырғыш, жарақаттанғыш, жол апатына түскіш. Төртбұрыштылық – бар болғаны стадия, өтпелі кезеңекенін ескер!
Шеңбер: Мифологиялық тұрғыдан үйлесімділік (гармония) символы.
Құнды қасиеттері: адамдар, олардың жайы, жақсы қарым-қатынас орнату, қарым-қатынасты қажетсінуі өте жоғары, «желім» – отбасын, ұжымды біріктіргіш, ашық, өзгелерге қамқоршы, қолы ашық – мырза, өзгені түсіну, жақсы интуиция, байсалдылық, сенгіштік, өзгелерді иландыра алу, әділетсіздікке қарсы тұруда батылдық танытады, қоғамдық жұмысқа бейімділік, күн тізбегін еркін құрады, таныстары мен достары көп. Шеңбер – жақсы психолог!
Жағымсыз жағы: көбіне өзін кінәлі сезінушілік, меланхолияға берілгіштік, айналадағылардың пікіріне бағытталу, шешімге келе алмаушылық, саясаткерлігі төмен, көпсөзділік, әсерленгіш, сезімтал.
Ирек: Креативтілік, шығармашылық символы. Өзі де басқа фигуралар секілді жабық емес, ерекше формада.
Жағымды жағы: «оңжарты шарлы» – ойшыл, өзгеден ерекше, айрықша ойлау, шешім қабылдау, ортаның сүйіктісі, тапқыр, өзгерістерді қажетсінуі, креативтілік, білім құмарлық, жоғары интуиция, өзінің идеяларымен қанаттануы, арманшыл, болашаққа бағытталу, жаңалықтың барлығына деген оң көзқарас, қиялшыл, энтузиазм, еркіндік;
Жағымсыз жағы: өмірге аз бейімділік, импульсивтілік, көңіл-күйінің өзгермелілігі, мінезінің құбылмалылығы, ұстамсыздығы, экспрессивті (шындықты көзге айта салу), даражұмыс істеуді ұнатуы, қағаз бастылықты ұнатпауы, айналысып жүрген ісі жаңа болудан қалса, аяғына дейін жеткізбей тастай салады, финанс жағынан салақтық.
Достарыңызбен бөлісу: |