Бүйректің ҚҰрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктері



Дата07.02.2022
өлшемі2,79 Mb.
#85734
түріҚұрамы
Байланысты:
БҮЙРЕКТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

БҮЙРЕКТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Орындаған:Сатархан Қ.

Қабылдаған:Әбдіқадір А.М.

ЖОСПАР:

  • Бүйректің құрылысы
  • Бүйректің қызметі
  • Нсептің түзілуі
  • Несептің құрамы
  • Бала бүйрегінің құрылыс ерекшелігі
  • Бала бүйрегінің қызмет ерекшелігі
  • Қортынды

Бүйректің құрылысы

  • Сыртқа шығару мүшелерінің ішінде бүйрек ерекше орын алады. Адамның бүйрегі жүп мүше. Ол бел омыртқаларының екі бүйірінде, қабырғалардан төмен орналасқан. Оң бүйректің орналасуы сол жақ бүйректен сәл жоғарырақ. Екеуінің құрылысы бірдей. Бір бүйректің массасы 120-150 г. Сырты дәнекер ұлпасымен қоршалған. Бүйректі қалың бүйрек майы қаптап тұрады. Бүйрек сыртқы қызғылт қоңыр түсті қ ы р т ы с қабаты және ішкі ортаңғы ақшыл м и л ы қабаты болады. Бүйректің сыртқы жиегі дөңестеу, ішкі жиегі ойыстау келеді.Бүйректің қыртыс қабаты нефрондардан, яғни бүйрек денешіктерінен құралған. Бір бүйректегі нефрондар саны 1-1,2 млн. Олардың әрқайсының сырты Боумен капсуласымен қоршалған.Капсуланың өзі екі қуыс қабаттан тұрады.
  • Ішкі қабаты Мальпиги шумағын қоршап жатады, ал сыртқы қабаты капсула ө з е г і н е айналады. Қыртыс қабатының бойындағы өзектер а л ғ а ш қ ы и і р і м каналдарына айналады. Олар бүйректің ішкі ми қабатына еніп, иірімдері жазылып, Генле иініне айналады да қайтадан қыртыс қабатына оралып.
  • Екінші деңгейлі иірім каналға айналып несеп ж и н а ғ ы ш түтікке жалғасады. Жинағыш түтіктің ұзындығы 22 мм. Екінші деңгейдегі нефрон иірімдері артерия тамырлар шумағымен жанасып, екеуі құрамындағы заттармен алмасады. Мұны юкстагломерулалық комплекс деп атайды.

Бүйректің қызметі

  • Бүйректің қызметі қан плазмасын зиянды, қажетсіз заттардан тазартудан басталады.
  • Натрий, калий, кальций иондары сияқты тіршілікке қажетті заттар көп мөлшерде болса, гомеостаз қалыпты деңгейінен өзгере бастайды. Сондықтан олардың концентрациясын бір қалыпта ұстап тұру үшін де бүйректің маңызы зор.
  • Демек бүйрек электролиттік және қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті үйлестіріп, реттеп отырады. Оның бұл қызметі нефрон мембранасының заттарды сұрыптап өткізу қасиетімен байланысты орындалады.
  • Бүйрек үлпасында ренин және эритропоэтин ферменттері өндіріледі. Ренин артерия қысымын және қан тамырларындағы қанның мөлшерін реттеуге қатысады. Ал эритропоэтин эритроциттердің өндірілуіне әсер етеді.

Несептің түзілуі

  • Несеп нефронда түзіледі. Ол екі кезеңнен тұрады.
  • Бірінші кезенде алғашқы несеп түзіледі;
  • Екінші кезеңде соңғы несеп түзіледі.
  • Нефрон капсуласындағы тамырлар шумағыңда қан қысымы жоғары, сондықтан қанның сұйық бөлігі капсула ішіне сүзіледі. Мұның нәтижесінде алғашқы несеп пайда болады.Несептің түзілуі күрделі үш қызметтің нәтижесі: 1. Нефронның капилляр шумағындағы сүзілу (фильтрация). 2. Иірімді каналдардағы кері сүзілу (реабсорбция). 3. Екінші деңгейлі иірім каналдардың эпителий клеткаларының белсеңді секрециялық қызметі.

Несептің құрамы

  • Алғашқы несептің құрамы қан плазмасымен бірдей, бірақ оның құрамында белок пен қан клеткалары болмайды.
  • Екінші кезеңде алғашқы несептің құрамындағы су, глюкоза, амин қышқылдары, натрий, калий иондары т. б. организмге қажетті заттар қайтадан қанға кері сіңеді, ал мочевина, несеп қышқылы, сульфаттар сияқты зиянды және тіршілікке қажетсіз заттар Генле иінінен кейінгі екінші деңгейлі иірім каналдарда қалып, нағыз несептің құрамына кіреді. Соңғы несеп нефронның жинағыш жолдарымен ағып, бүйректің бүртіктеріне, одан тостағаншасына, одан бүйрек түбегіне, содан соң үзындығы 30 см-дей несеп ағар арқылы қуыққа барады.

Бала бүйрегінің құрылыс ерекшелігі

  • Нәрестенің бүйрегінің массасы 11-12 г, 1 жаста – 36-37 г, 5 жаста – 55-56 г. Бүйрек ұлпаларының өсу қарқыны алғашқы 3 жыл ішінде, жыныстық жетілу кезеңінде және 20-30 жас аралығында жоғары болып, өсіп жетіледі.
  • Нәрестенің бүйрегінің сыртқы беті бөліктеніп тұрады. Ол бөліктер 2 жасқа қарай тегістеле бастайды да, 5 жаста жойылып, түгел тегіс болады. Бүйректің қыртыс қабатының қалыңдығы нәрестелерде 2 мм, ал оның ішкі ми қабаты 8 мм болады.
  • Нәрестелердің нефрондарының иірілуі аздау. 1 жаста иірімді өзектердің өсу қарқыны күшті, ал 3-4 жаста олардың саңлауларының диаметрі кеңейеді, қабырғасындағы клеткалардың құрылысы мен қызметі жақсы жетіледі.

Бала бүйрегінің қызмет ерекшелігі

  • Нәрестенің алғашқы 3-4 күнінде несеп өте аз шығады, ал бір аптадан кейін несеп көбейеді. 6 айда баланың несебінің мөлшері екі есе артады. 9 айда несептің құрамы тұрақтала бастайды. Мысалы, несептің құрамындағы хлордың мөлшері ересек адамдардағыдай болады, бірақ мочевина мөлшері аздау, өйткені бүл кезде баланың негізгі тамағы әлі де болса, сүт болады да, басқа жануар текті тамақтардың мөлшері аз болады.
  • 1 жастағы балалар бүйрегінің гломерулалық сүзілу деңгейі өте баяу жүреді, кері сүзілу мен нефрон түтікшелерінде заттардың концентрациясының артуы, яғни қоюлануы жеткіліксіз. Несептің мөлшері 700 мл ғана болады. 4-5 жаста оның мөлшері 1000 мл-ге дейін кобейеді, ал 10 жаста тәулігіне 1500 мл несеп сыртқа шығады.

Қорытынды

  • Баланың алғашқы жылдарында бүйректің қызметін реттейтін вазопрессин мен адреналин гормондарының мөлшер деңгейі аздау болғандықтан, бүйректің эпителий клеткаларының және қан тамырларының қабырғасындағы рецепторлардың сезімталдығы төмен болады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет