Жалпыұлттық және жергілікті маңызы бар қасиетті нысандар Шерқала тауы Орналасқан жері



бет7/19
Дата26.06.2018
өлшемі2,57 Mb.
#44231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласынан 25 км шығыс бағытта орналасқан.

Зерттелуі: Алғаш рет 25.03.1982 жылы Халық депутаттарының Маңғышлақ облыстық кеңесі атқару комитетінің №121 шешімі бойынша мемлекеттік қорғауға алынған. Шатқалда (1851 ж. мамыр айында) Т.Г.Шевченко болған және зираттың бір көрінісінің суретін салған. Осыған орай шатқал жарларының бірінде ескерткіш тақта орнатылған.

Қысқаша анықтамасы: Қаңға баба шатқалы бұрынғы заманда «Маңқышлақ кемежайларынан» Хорезмге, Хиуаға баратын керуен жолындағы маңызды орыны болған. Ол көптеген саяхатшылардың және зерттеушілердің назарын өзіне аударған. Ескерткіштер кешені ежелгі қоныс үшін ыңғайлы, көрнекті өңірде – біртіндеп кең алқапқа ауысатын Үстірттің оңтүстік жақ баурайында орналасқан. Кешеннің басым бөлігін (орталық және шығыс жағын) көне түркімен ескерткіштері – негізінен тас белгілер, «қойтас» түріндегі қабіртастар; жәшік-сандықтас; ішінде орнатылған қабіртасы бар тақта тастардан жасалған қоршаулар; сонымен қатар шырақ ойығы бар тас белгілер орналасқан. Зиратта ескерткіштердің сирек пішіндері кездеседі. Олардың қатарына ең біріншіден қой мүйіздерінің және омыртқаның бедерлі бейнесіне ие, бірақ кәдімгі мәнерленген «қойтас» композициялық кестесін сақтайтын «қошқартас» түріндегі мүсіндік мәнерлі қабіртастарды жатқызуға болады. Зираттың батыс бөлігін 18-20 ғғ жататын қазақ ескерткіштері алып жатыр.

Аңыз-әңгіме: Қаңға баба ескерткіштерінің кешені күрделі және Үстірт жарының астындағы батыс жағындағы сайдың маңында, жыныстық қабаттар арасынан ағып тұрған таза су жақта орналасқан ежелгі тұт ағашының шоқ орманынан, төменде тұрған қорымнан (зират көлемі 1,25 м) және Махтум баба мешіті, шығыс бағытында Қаракөз күмбезтамы, сонымен қатар қорымнан жоғарырақ, шығысқа қарай шеткері сайда орналасқан кейінірек уақытта салынған ауыл (мектеп-интернат) ғимараттарының қалдықтарынан тұрады. Қабірүсті ескерткіштерінің кішігірім бөлек топтары мешіттен батысқа қарай, дөң төбелерімен баурайларында шашылып жатыр. Жалпы ескерткіш Шақпақ ата, Бекет ата (Оғланды), Үлкен Жабысқы, Сұлтан үпі және т.б. сияқты көрнекті ескерткіштер қатарына кіретін сирек сәулеттік-ландшафты кешен болып табылады. Қаңға баба кешенінің қалыптасуы осы өңірдің ыңғайлылығымен және су көздерінің болуымен байланысты болған – оғыз-қыпшақ кезеңінде (11-13 ғғ.) мұнда Маңғыстаудың көшпелі халқының әулиелі танылған, су бұлақтарға және тұт ағаштарына тағзым етуге негізделген ғибадатханасы болуы әбден мүмкін. Тұт ағашының ғұрпы өткен замандарда Арал-Каспий өңірінің халықтарында кең тараған және исламға дейінгі терең тамырларға ие. Этнограф Г.П.Снесарев бұл ғұрыпты Хорезм тұрғындары арасында тараған ағашқа тағзым етумен байланысты басқа ежелгі нанымдар контекстінде: «Жемістігі мол тұт ағашына қатысты нанымдар да аз емес (жиде ағашымен салыстыра қарағанда). Көптеген кәрі тұт ағаштары «әулиелі» ретінде құрметтеледі. Хиуа маңын мекендеуші халық арасында тұт ағашын шабуға қатысты көнеден келе жатқан тиымдар туралы да әңгімені әлі күнге айтады; соның ішінде, қураған бұтақты қасиетті сөздер айтып кесу шарт болған....». Қаңға баба өңірінің ертеректегі сипатталуына қарағанда мұнда қазақтар аса құрметтеген тұт ағашының үлкен шоғыр орманы болған. Шоғырланып сақталған тұт ағаштарының көбісі өте кәрі (диаметрі 1,5 м дейін) және жақсы жемістейді. Мұнда сонымен қатар өзен бойында жалбыз мол өседі. Осының бәрі керемет салқындық және хош иіс беріп тұрады.

Қорымнан 200 метр оңтүстік-батыста шамамен XIV-XV ғ.ғ-да салынған Махтум баба мешіті орналасқан. Мешіт жайлы қыпшақ-оғыз заманының керуен сарайының ғимараты кейінгі ғасырларда мектеп-медресе ретінде пайдаланып тұрғандығы туралы әңгімелер бар. Жоспарда мешіт үлкен және кіші бөлмелерден тұратын көп камералы құрылыс болып келген, камералары әр түрлі бір-бірімен қуыстар арқылы байланыстырыла шығарылған. Қабырғалары саз балшық араластырыла жартылай өңделген тастардан көлденеңінен және қиғаштала қаланған. Құрылыстың қиранды қалдықтарына қарап, бастапқы кезде күмбезді құрылыс болуы мүмкін деген жорамал бар.



Имам Хусейннің ұрпақтарынан шыққан қасиетті Махтум баба ол Маңғышлак жеріне, курекал түрікмендері өмір сүретін, бұрынғы Персия жерінен келді, көп ұзамай оған мюридтер келе бастады және олардың саны айтарлықтай көп болды; бұл кезде Қанға аймағында бірде-бір ағаш болмады. Бір күні мюридтер Махтум бабаға келіп, бау-бақшаға серуендеуге рұқсат сұрады. Оған жауап ретінде Махтум баба былай деді: «Бүгін ешқайда бармаңыздар; егер ертең жақын маңнан бақша таба алмасаңыз, онда сіздерді жіберуге рұқсатымды беремін». Мюридтер оған мойынсұнып қалады, келесі күні таңертең олар жақын маңдағы таудың барлығы көздің жауын алатын көптеген ағаштармен жабылғанын көреді.

Бұл ғажайып көрініске таң қалған олар, Махтум бабаға келіп, оның аяғына жығылып, күнәләрі үшін өкініштерін білдіреді. Бұдан кейін Махтум бабаның мюридтерінің саны көбейіп, бірнеше мыңға жетті. Махтум баба қайтыс болғаннан кейін бақшалар жойылып кетті; осы заманға дейін тек бірнеше тұт ағаштары ғана сақталып қалған.

Бір ғажайыптың күшімен Сұлтан-үпі жазығында тағы да бақшалар пайда болады. Бұл былай болды: бір кездері Хейрулла-Сопы тәубеге келіп, тақуалық ойға батып отырғанда, оған бірнеше адам бір жағынан, екінші жағынан тағыда адамдар келіп әңгімелесе бастады; қасиетті адамдар жайында әңгіме қозғалды, кейбіреулері Сұлтан-үпінің барлық қасиетті адамдарына артықшылық берді, басқалары Махтум бабаны пір тұтып, әсіресе бір сөзбен шөл дала тауларын бақшаға айналдырып жібергендігін алға тартты. Мұны естіген Хейрулла-сопы былай деді:

Егер Махтум баба бір сөзбен бақтар отырғызса, менде Сұлтан-үпінің кереметтерінің титтей ғана бөлігі болса соны көрсетейін. Тауға көтеріліп, жазыққа қарасаңыз, онда Сіз өзіңіз қалаған бақшаларды көресіз.

- Сен ақылыңнан адасыпсың! Не айтып тұрғаныңды өзің білмейсің, депті Махтум бабаның жақтастары.

Бұны естіген Хейрулла сопы ашуға булығып «хюве хак» (бұл ақиқат), cекіріп бір орнында шыр айналып, содан соң тауға жүгіріп,барып құлады, сол жердегілер артынан еріп үлкен кеңістіктегі жазықтың тамаша ағаштармен жабылғанын көреді. Құдайды дәріптеген мюридтер Хейрулла-сопының аяғына жығылып, оған адал серіктесіне айналды.



Дерек көзі:

  1. 1873 жылы Тбилиси (Тифлис) қаласында басылып шыққан «Предания адаевцев о святых секты ханафие, живших и умерших на Мангышлаке// Сборник сведений о кавказских горцах» 7-ші шығарылымында жазылған аңыз деректері;

  2. С.Е Әжіғали Архитектура кочевников. Феномен истории и культуры Евразии. – Алматы, 2002ж.;

  3. Маңғыстау МТМҚ ММ материалдары.



Есен ата жерленген жер

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Бекі селосынан 5 км оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан.

Зерттелуі: 2004 ж. К.Канисова жетекшілік етуімен Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы экспедициясы зерттеген. Алғаш рет 05.10.2004 жылы Маңғыстау облыс әкімиятының №197 қаулысымен мемлекеттік қорғауға алынған. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 28 шілдедегі №279 қаулысы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.

Қысқаша анықтамасы: Жетібай-Шетпе жолына жақын биіктеу келген ұзын төбеде орналасқан. Қорымның аумағына кіре-берісте дәстүрлі қағидаға сай дұғалық орын орналасқан. Ол тас қаландыларымен қоршалған. Ескерткіш тас үйінді түрінде, әрі тік орнатылған ағаш бақанымен ерекшеленген, ал басқасы - созылған ұзын шарбақ ретінде орналасқан. Аңыз бойынша, осы жерде киелі күштің иесі болған Есен ата жерленген.

Аңыз-әңгіме: Нақты деректер жоқ, халық аузындағы аңыз бойынша қорымның батыс беткейінде 5 км қашықтықтағы Есен ата жерасты мешітімен Қараман ата жерасты мешітін байланыстыратын жолы бар болған делінеді. Ел аузындағы аңыз бойынша «Есен де Қараман ата сияқты Шопан-атаның баласы екен» делінеді. Шамамен XII-XIII ғасырлардың тарихи тұлғалары болар деп тұспалданатын Есен-ата Маңғыстауда ислам дінін таратушы мистик-суфистер орденінің өкілі болар деген де пікір бар, бірақ нақты тарихи дәлелдер жоқ. Ә. Кекілбаевтың кітабында Шопан ата мен Бекет атаға қатысты «шаңырақтан лақтырылған аса таяқтың артынан Маңғыстауға келу» оқиғасы осы Есен атаға да қатысты айтылады. Есен атаның тағы "бір моласы" Балқанда. "Ата руының" түрікмендері Есен атаны өздерінің түп атасы деп таниды. Аңыз бойынша Есен (Эссен) атаның лақап есімі — "Гөзлі-ата". Осы атты қойған Қожа Ахмет Яссауи көрінеді; ол өзінің лақтырған аса таяғын Есеннің көріп, тауып алғаны үшін қойыпты. Гөзлі ата қазақ қызына үйленіп, одан үш бала көрген, олардың аттары — Нұр ата, Убақ ата, Омар ата. Үш бала ата руының үш бөлімшесіне өз есімдерін берген. Гөзлі атаның ұрпақтары жөніндегі хатқа түскен алғашқы дерек 16 ғасырдікі. Әбілтазы болса Оғызханның шөбересі, Тимурдың баласы Ата дегенді өз шығармасында келтіреді. Ата руының Гөзлі-ата құдығына таяу жердегі Туэр құдығы маңында мекендейтінін бірінші рет Н.Н.Муравьев жазып қалдырған болатын. Есен ата туралы қазақ аңызы ештеңе айтпайды, ол туралы аңыз бар шығар, бірақ қолымызға ондай материал түскен жоқ. Ал түрікмен аңыздарына негізделген тұжырымдарға арқа сүйер болсақ, Есен ата — түрікменнің "ата" деген руынан шыққан данышпан кісі, дұрысырақ айтсақ, Есен ата — "ата" руының түп атасы, әлгі ру өз тегін осы кісіден бастайды екен. "Ата" ру есімінің алғаш рет қағазға түсуі күні кеше ғана, оның аты 19 ғасырдың басындағы орыс деректерінде кездесе бастады. Ол кезде, яғни 1810-1820 жж. "аталықтар" ауылдар Оқ-Балқанның терісті жағындағы, яғни Маңғыстау жақ бағытындағы Ерсары өңірінде мекендеген екен. Ал біздің түрікменнің үлкенді-кішілі руларының ішінен тек осы "атаға" назар аударуымыздың бірнеше себебі бар. Аңыз бойынша, Омар — Гөзлі атаның баласы. Омар-атаның екінші моласы — теңіз жағасында, Бекдаш маңында. Аталған әулиелердің барлығы да "ата" руынан шыққандар және қалай да бір ретпен "Гөзлі атаның туысы не баласы, немересі болып шығып жатады". Мысалы, Кемел ата — ата руынан шыққан Кемалай деген кісі көрінеді, ал Күкірт ата (Куртыш-ата) — аңыз бойынша, Гөзлі атаның немересі. Балқан тауының терістік беткейіндегі, Омар атадан шығыстағы бір қорымды Қараәлем ата деп атайды. Оның екінші атауы — Қараймақ ата, аңыз бойынша, ол да ата руынан шыққан және Гөзлі атаның баласы (не немересі) көрінеді. Айладыр еліндегі әулиелердің басым көпшілігінің "ата руынан" шыққан кісілер болып есептелуі белгілі бір заңдылықты көрсетеді. Оларды шежіре бір руға меншіктеген, соған қарағанда, осы әулиелердің культінің қалыптасуына да бір діни-шығармашылық ортаның негіз болғаны айқын.

Дерек көзі:

  1. Серікбол Қондыбай «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» кітабы 2007 ж.;

  2. Маңғыстау МТМҚ ММ материалдары.


Темір баба кесенесі





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет