Campylobacter және Helicobacter топтарының өкілі Campylobacter туыстастығы



бет1/12
Дата28.04.2022
өлшемі70,75 Kb.
#141193
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Campylobacter және Helicobacter топтарының өкілі
журнал кабылдау, англ, Жоба Султанова Сабина Т-21-01 психология, Базовый алгоритм СЛМР (1), Эссе стр.1, Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі-emirsaba.org 2

Campylobacter және Helicobacter топтарының өкілі
Campylobacter туыстастығы
1909ж қойлар xарасында инфекциялық түсік кезінде ыдыраған эмбрионынан табылған (C.fetus). Қазір 13 түрі анықталған - спираль тәрізді S- әріп секілді имектелген, “шағала қанатына” ұқсас бактериялар, орташа мөлшері - 0.5-5- 0.2-0.8 мкм, бір немесе көп рет оралған, ұзындығы 8 мкм. 48-72 сағат өсірген кезде пішіні кокка тәрізді. Қозғалғыш, оралып жылжиды, талшықтары бір немесе екі шетінде орналасады (талшықтың ұзындығы 2-3 есе бактерия денесінен ұзын). Спора түзбейді; хемоорганотрофтар, негізгі зат алмасу метаболизмі тыныстық. Көмірсуларды ыдыратпайды, қышқылды және нейтралді өнімдер бөлмейді. Адамға патогенді түрлері капнофилдер (СО2 10-15%) және микроаэрофилдер (О2 21%), ал кей түрлері, мысалы C.fetus анаэробты жағдайда тіршілік ете алады. Микроаэрофилді жағдайда тіршілік ету үшін кей түрлерге Н+ иондары мен фумараттар қажет (аэробты жағдай жасау керек). Грам(-), анилин бояуларын қиын қабылдағандықтан, Циль бойынша карбол фуксинімен боялады. Негізгі өкілі - C.fetus, туыстастықта адамға және жануарларға патогенді түрлері бар - кампилобактериоз ауруын тудырады. Кампилобактерияларды негізінен несеп-жыныс мүшелерінен, ішектен және ауыз қуысынан тапқан. Медициналық маңызы бар түрі - C.jejunі, жақын уақытта анықталған.
Campylobacter jejunі тобы (C.jejunі, C.colі, C.larі). Лабораторияда бөлу қорытындысының эффективтілігі - температура, ортаның газдық құрамы және қоректік заттың сапасы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет