«жедел цистит кезіндегі фитотерапия эффективтілігі»



Дата25.01.2022
өлшемі82,92 Kb.
#114589
Байланысты:
цистит анамед


Тақырыбы:



«ЖЕДЕЛ ЦИСТИТ КЕЗІНДЕГІ ФИТОТЕРАПИЯ ЭФФЕКТИВТІЛІГІ»

Авторлары: 711-1 топ

Бахыт Алиакбар, Біләл Ғабит, Ибатолла Бибарыс, Жолдыбаев Аян, Мұсабаева Айым, Оспанов Бақдаулет
Ғылыми жетекшісі: Кушербаева Е. Ш.

ЖЕДЕЛ ЦИСТИТ КЕЗІНДЕГІ ФИТОТЕРАПИЯ ЭФФЕКТИВТІЛІГІ

"Цистон" және "Канефрон" таблеткаларын қолдана отырып, жіті циститпен ауыратын науқастарды кешенді емдеу нәтижелерін зерттеу жүргізілді. Зерттеу барысында фитопрепараттарды пайдалану кезінде емдеу тиімділігінің едәуір артуы, рецидивсіз кезең мерзімдерінің ұлғаюы, алыс кезеңде инфекцияның қайталану санының азаюы анықталды.

Жедел цистит – бұл кең таралған ауру және көбінесе әйелдерде кездеседі. Қазақстанда жылына жіті циститтің 500-600 мың жағдайы орын алады. Бір жыл ішінде аурудың қайталануы әйелдердің 50%-ында дамиды. Антибактериалды терапияның дәстүрлі курстары әрқашан күтілетін нәтиже бермейді.


Осы тұрғыдан алғанда, циститті кешенді емдеуде шөптік препараттарды, атап айтқанда, Канефрон құрамында - Толғақшөп шөбі 18мг, дәрілік сүйментамыр тамыры 18 мг, Гүлшетен жапырақтары 18 мг (аталған компоненттер диуретикалық, спазмолитикалық, қабынуға қарсы, бактерияға қарсы және қан айналымын көтермелейтін әсерге ие. Цистон құрамында – сабақталған қосжеміс жапырақтарының сығындысы 65 мг, тілшік тас жарған тамырларының сығындысы 49 мг, жүрекше жапырақты риян тамырларының сығындысы 16 мг, сәлемшөп тамырларының сығындысы 16 мг, кедір-бұдыр сабангүл тұқымдарының сығындысы 16 мг, гүлжапырақ оносма сабағының сығындысы 16 мг, күлгін верония шөбінің сығындысы 16 мг біріктірілген өсімдік препараты Цистон ішектің литогендік заттармен шамадан тыс қанығуына кедергі жасайды, ішектен оксамидтердің (тастың түзілуін жылдамдататын заттар) сіңуін азайтады және кристаллоидты-коллоидтық тепе-теңдікті қалпына келтіреді. Цистон тастардың, кристалдардың түзілуін басады, тас түзетін заттардың: қымыздық қышқылының, кальций гидроксипролинінің және басқалардың мөлшерін азайтады, және олардың ыдырауына және ұсақталған түрінде шығарылуына мүмкіндік береді.

Зерттеудің мақсаты – жедел циститпен ауыратын науқастарды емдеудің кешенді технологиясындағы Цистон мен Канефрон таблеткаларының базистік терапияға қосымша тағайындалғандағы клиникалық тиімділігін анықтау.

Біздің зерттеуімізде жедел циститпен ауыратын 150 науқастың 16-дан 45 жасқа дейінгі 137 (91 %) әйел және 13 (9 %) ер адам болған. Жедел цистит науқастарының орташа жасы – 33,7 ± 1,7 жасты құрады. Амбулаториялық емделуде – 150 (100%) адам болды. Аурудың тарихы бірнеше сағаттан 7-8 күнге дейін болды. 141 (94 %) жедел цистит науқастарында бұл эпизод өмірінде бірінші рет орын алды, 9 (6%) анамнезінде бір жыл бұрын дизурияның бір эпизоды байқалды. Науқастарды жалпы іріктеу келесі критерийлер бойынша жүргізілді: жасы 16-дан 45 жасқа дейін; циститтің клиникалық көріністерінің және аурудың тиісті анамнезінің болуы; обструктивті уропатиялардың және зәр шығарудың нейрогендік бұзылуларының болмауы; антибиотиктерге аллергиялық реакциялардың болмауы; науқастың ақпараттандырылған келісімі.


Қосымша ұсынылымдар:

  1. Базисті терапия бойынша қолданылатын антибиотиктерге резистенттілік және жеке ағзалық сезімталдық болған жағдайда альтернативті терапия ретінде тек шөптекті фитотерапия жүргізуге ұсынылады.

  2. Аталған препараттарды жүкті және емізетін әйелдерге ешқандай шектеусіз тағайындауға болады, себебі антибиотиктерге қарағанда фетотоксикалық әсері және қарсы көрсетілімдері жоқ.

  3. 2-15 жастағы балаларға да таңдау препараты ретінде бауырға токсикалық әсерінен қорықпай тағайындауға болады.

  4. Басқа препараттардың таңдамалулық әсерін ескере отырып, Цистон мен Канефрон шөптекті препараттарын жыныс-зәр шығару жолдарының жалпы инфекцияларында, бүйрек қызметіне жалпы емдік әсері болатынын да ұмытпау қажет.

  5. Академик В.И. Кулаков атындағы акушер-гинекология және перинатология ғылыми орталығының жетекші дәрігерлері Серов В.Н., Баранов И.И., Протопопова Н.В., Ткаченко Л.В., Кукарская И.И. жүргізген зерттеуге сәйкес, жүкті әйелдерде алғаш рет цистит диагнозы қойылған 550 әйелдердің 480-іне Канефрон тағайындалған. Оның ішінде тек 64 науқас басқа дәрілермен араластырмай тек Канефрон қабылдаған. Осы науқастардың тек 6-ында ғана рецидив қайталанған. Яғни бұдан шығатын қорытынды, ем эффективтілігінің 90 пайыздан астам екендігін көрсетеді.


Пайдаланылған әдебиеттер:


1) Перепанова Т.С., Хазан П.Л. Растительный препарат Канефрон® Н в лечении и профилактике инфекций мочевых путей // Врачебное сословие. 2005. № 5. С. 44–46.

2) Синякова Л. А., Косова И. В. Зәр шығару жолдарының инфекциясының қайталануының алдын алу // Урология. 2009 (2). Б.22-25.

3) https://drugs.medelement.com/drug/цистон-таблетки-инструкция/392542061477650967?instruction_lang=KZ

4) https://drugs.medelement.com/drug/канефрон-н-таблетки-инструкция/305238071477650961?instruction_lang=KZ

5) Кукес В. Г. Клиникалық фармакология негіздерімен Фитотерапия / В. Г. Кукес. – М.: Медицина, 1999. – 192 б.

6) Переверзев А. С. Урологиядағы инфекциялар мен қабыну / А. С. Переверзев, М. И. Коган-М.: АБВ-пресс, 2007 – 244 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет