Campylobacter және Helicobacter топтарының өкілі Campylobacter туыстастығы



бет5/12
Дата28.04.2022
өлшемі70,75 Kb.
#141193
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Campylobacter және Helicobacter топтарының өкілі
журнал кабылдау, англ, Жоба Султанова Сабина Т-21-01 психология, Базовый алгоритм СЛМР (1), Эссе стр.1, Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі-emirsaba.org 2
Клиникалық көріністері.
Негізгі көрінісі - энтероколит; инкубациялық кезеңі - 2-5 тәулік, 10 тәулікке дейін болуы мүмкін. Көптеген науқастарда жедел колит симптомдары дамиды; ректороманоскопия қорытындысы - шырышты қабаттың ісінуі, гиперемиясы, қабырғасы жұқарған. Гомосексуалистер арасында кампилобактериозды проктит дамиды.
Өте ауыр жағдайларда дегидратация белгілері мен іштің қатты ауруы байқалады - жедел перитонит. Сирек жедел кампилобактерлі менингит болуы мүмкін. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша, Campylobacter jejunі Гийена-Барре синдромын тудыратыны анықталған - жедел бірінші реттік идиопатиялық полирадикулоневрит - аутоиммунды реакциялар - моторлы ганглийлердің нейрондары кампилобактерлердің ЛПС олигоқанттарымен қиылыса байланысады. Келесі асқынуы - реактивті артрит 2% науқастарда аурудың басталуынан 1-2 аптадан соң дамиды.
Лабораториялық диагностикасында науқас нәжісінен қоздырғышты табу; есте сақтау керек - қоздырғыштың колонияларын алу үшін сапалы қоректік орта қажет - жана дайындалған қоректі ортада колониялар жайылып өседі.
Жедел идентификациясын жүргізу үшін микроскопия жасалынады - нәзік грам(-) спираль тәрізді немесе S-имектелген бактериялар. Фазды-контрасты микроскопия колданып, нәжісті сұйық қоректік ортадан суспензия жасап көруге болады.
Кампилобактерлердің идентификациясы серологиялық әдіспен жүргізіледі, мысалы, агглютинация реакциясы немесе комплемент байланыстырушы реакция, агглютинациясы тура емес реакция, иммуноферментті анализ (ИФА).
Емі.
Көптеген жағдайда диагнозы дәлелдеген кезде, науқас өзінен өзі сауығып кетеді. Антибиотиктерді тек ауыр жағдайда ғана қолданады. Кампилобактерлер аминогликозидтерге, эритромицинге, тетрациклинге, левомицетинге және фуразолидонга сезімтал, ал пенициллинге, цефалотинге, бисептолға төзімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет