Бұғана сынығы ДАЙЫНДАҒАН: Бухаева Ж.Д Бұғана (clavіcula) — иық белдеуін құрайтын сүйектің бірі. Адамда Бұғананың (ұзындығы 12 — 15 см) бір ұшы жауырын басымен жалғасады, оның сүйек болып қалыптасуы 16 — 20 жас аралығына келеді. Ал толықтай адам денесімен бітісіп кетуі 20 — 25 жаста аяқталады. Бұғана жануарлардың эволюциялық даму сатысында алғаш рет сүйекті балықтарда пайда болады. Тұяқты сүт қоректілерде және ет қоректі жануарларда Бұғана шала дамиды не мүлдем болмайды. Қазақ малдың 1-кеуде қабырғасын Бұғана немесе Бұғана қабырға деп атайды. Бұғана сынығы Анықтамасы: Бұғана сүйегінің құрылымы ашық немесе жабық түрде бүтіндігінің бұзылуы.
Тікелей емес механизм: жазылған иық немесе шынтақ буынымен қолды тіреп құлау.
Тікелей механизмі: бұғана аймағын затпен соғу немесе құлау арқылы соғу.
Жіктемесі
Жабық бұғана сынығы: - сүйек жарықшақтарының ығысуынсыз; - сүйек жарықшақтарының ығысуымен – асқынбаған жəне асқынған (бұғана асты қан тамырының зақымдалуы плевра ішіне қан кетулер немесе күштенген гематоманың түзілуімен жүреді)
Ашық бұғана сызығы
– асқынбаған жəне асқынған (сыртқы немесе плевра ішіне қан құйылумен жүретін бұғана қан тамырларының зақымдануы
Қауіп-қатер факторлары
- жарақат шогы;
- геморрагиялық шок;
- май эмболиясының дамуы;
- сыртқы профузды жəне плевра ішілік қан ағудың пайда болуы, бұғана астылық қан тамырларыдың қосарланған зақымдануы кезінде;
- иық тармағы өрімінің бұғана жарықшақтарымен зақымдалуы келесі, қолдардың иннервациясы мен қоректенуінің бұзылуы.
Жіктемесі Жіктелуі: 1. төстік ( проксимальды ) ұшы 2. диафиз - ортанғы 1/3 бөлігі 3. акромиальды ( дистальды ) ұшы · тұмсықты – бұғаналы байламның жыртылуынсыз ( сынықшалардың тайқуынсыз) · тұмсықты – бұғаналы байламның жыртылуымен ( сынықшалардың тайқуымен ) Жарақат механизмі көбінесе, тура емес – йықтың сыртқы бетіне немесе әкетілген қолына құлау, бүйірінен тез арада йық буындарын қысу ( қатты күшпен түсірілген жүктеме акромиальды өсінді арқылы S тәрізді йілген бұғанаға тарайды, ол йілген аймақтың сынуына әкеледі ). Сирек кездесетін тура әсер ету механизмінде ( бұғана аймағына қатты соққы ) қиғаш, қиғаштау көлденең сынулар дамиды. Бұғана сынығы кезінде медбикенің мақсаттары 1) жарақат шоғының дамуын ескерту, әсіресе бірлескен жарақаттарды; 3) иық өрімі бұтақтары және бұғана бөліктерінің қан тамырларының зақымдарын ескерту; 4) жарақатты инфекция дамуын ескерту; 5) зардап шегушілерді асқыну болмаса жарақат пунктіне, асқынулар болса, зардап шегушіні стационардың травматологиялық профиліне жіберу Диагностикасы - бұғана аймағында орталық жарықшақтардың əсерінен сүйек осі деформациясы анықталады; - пальпаторлы бұғана сүйегінің ығысқан бұрышты жарықшақтары, сүйектің үздіксіз бұзылыстары анықталады; - патологиялық қозғыштығы жəне жарықшақтардың крепитациясы анықталады. - тіндердің ісінуін, қан құйылуларды, қол қызметінің бұзылуы жəне мəжбүрлі жағдайда болуын анықтау; - деформация анықтау үшін иық үсті мен бұғана жиегін қарау, бұғана сүйегінің өткір жарықшағынан тері жабындысының перфорациясы, жараны анықтау; - пальпацияда локалды ауырған орнын жəне тіндер ісінуін сүйек деформациясы, жарықшақтың сықырын, патологиялық қозғалғыштығын анықтау; - қысымды немесе бұғана жарықшақтарына бұғана асты артерия жаралануын анықтау үшін қолдық жəне иық артериясы пульсациясын зерттеу арқылы жүргізіледі; - қолдың сезімталдығын зақымдалған жақтан анықтайды. Емдеу тактикасы - Шұғыл көмек көрсетудің тактикасы:
- - сынық аймағын 10-20 мл 1% новокаинмен жансыздандыру;
- - иық үстін артқа жəне қолды көтерген қалыпта бұғана репозициясы;
- - Дезо таңғышын мақталы – дəкелі немесе орамалды таңғыш қою;
- - зардап шегушіні жалпы жағдайына байланысты отырған немесе горизантальды қалыпта асқынулар болмағанда жарақат пунктіне, асқыну болғанда – стационарға травматология бөліміне жеткізу;
- - психомоторлы қозу кезінде седативті препараттар қолданылады;
- - тұрақсыз ауыру кезінде – наркотикалық анальгетиктер қолданылады;
- - сүйек жарықшақтарының əсерінен тері жабындысының перфорациясы кезінде асептикалық таңғыш салынады, содан кейін аяқты фиксациялайды;
- - бұғана асты артериясынан профузды қан кетуде жараның жоғарғы жəне төменгі бөлігінен саусақпен басып, жара бетіне асептикалық таңғыш салынады, иық үстіне дəке валигі жұмсақ қысып тұратын 8-дік тəрізді таңғыш салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |