Бекіту сұрақтары мен тапсырмалар



Дата03.06.2020
өлшемі15,76 Kb.
#72167
Байланысты:
Психология


Бекіту сұрақтары мен тапсырмалар:


  1. Мектеп жасына дейінгі баланың кеңістікте бағдарлауды дамыту неге маңызды?

Балалар мектеп табалдырығын аттар алдында қозғалыс бағытын, өздері мен заттар арасындағы және заттардың бір-бірінің арасындағы қозғалыс бағытын оңай бағдарлай алуы тиіс. Жазық бетте бағдарлау дағдысын дамытудың маңызы зор. Бүкіл жұмыс «оңға-солға», «алға-артқа» және т.б. қарама-қарсы жұп түсініктерді айқындау негізінде құрылады. алалар кеңістік бағыттарды анықтауды дене тәрбиесі және музыка сабақтарында жетілдіре түседі. Оларға бір затты оң немесе сол қолына алуға, бұрылу немесе алға еңкеюге,артқа шалқаюға,оңға ,солға бұрылуға, жүру, жүгіру кезінде қозғалыс бағытын өзгертуге тапсырма беріледі.


Балаларға «Оңға бұрыл », «Оң қолында сол құлағыңның ұшына тигіз» деген қозғалыс бағытына қатысты түрлі тапсырмалар ұнайды.


  1. Баланың кеңістікте бағдарлай алу даму кезеңдері қандай?




I кезең

Балалар барлық бағыттарға бұрылады, дене бағытын, басын, қолдарын, осы қимылдарын көзқарасымен бақылай отырып тиісті жағдайға өзгертеді. Бұл кезеңде сөз шешуші рөл атқармайды

II кезең

Балалар кеңістік бағыттарды қабылдау процесінде көрсетілгендей, баланың кеңістіктегі көзқарас жағдайына қарап бағаланған сөздік белгілер арқылы түсінік бағыттары мен сипаты белгіленген

III кезең

Баланың кеңістік туралы неғұрлым жинақталған ойлар қалыптастыруы өзіне ғана емес, басқа тұлғаларға және заттарға қатысты бағыттарды анықтауы қамтамасыз етеді




  1. Кеңістікте бағдарлауды дамытуға арналған ойындарды іріктеп алып, ойындардың әдістемелік куәлігін жасаңыз.

Кеңістікті бағдарлау ойындары.«Есімін тап». Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Біріншісі бөлмеде қалып, екіншісі шығады. Одан кейін ойыншы шыққан ойыншылардың есімдерінің ішінен бір есімді таңдайды. Шыққан команданың ойыншыларын бір - бірден ішке шақырады. Келген ойыншы өзін таңдаған ойыншыны сезіп, табуы керек.

«Инені тап».Ойыншының біреуі сыртқа шығады. Қалған ойыншылар инені тығады. Шыққан ойыншы ішке кіріп, ойыншыларды аралап, инені табуы керек.

«Кім күшті?». Екі ойыншы бір - біріне арқасымен тұрады, тұйық жіппен байланған жіптің түйіншегі екі ойыншының  ортасында орналасады. Екеуі бір уақытта өз жағына қарай бір - бірін тартады.

«Өз орныңды тап».Бұл ойынның тағы бір аты - «Үшіншісі артық» деп те аталады. Ойыншылар жұптасып, екеуден бір - біріне арқасымен дөңгелек  құрып тұрады. Ойынды бастаушы және жұбы жоқ ойыншы бастайды. «Артық» ойыншы қашып, бастаушы оны қуады. Міндеті - қашушы кез - келген жұптың алдына барып тұра қалады. Осы жұптағы үшінші ойыншы «артық» болады.

«Кім кетті?».Жүргізушіні таңдап қалғандары дөңгелене тұрады. Жүргізуші мына командаларды орындайды: жүру, секіру, жүгіру сияқты, ал басқалары қайталайды. Одан кейін екі ойыншыға барып, оларға дөңгелекті айналып шығып, жүргізушінің орнына баруды тапсырады.

«Жұбыңды тап»Балалар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ әр түрлі атрибудтарды бастарына киеді, екінші топ олардың балаларының атрибудтарын киеді. Бір - біріне арқаларымен тұрып, шынтақтарымен айқасып тұрады. Бұйрық бойынша бір - бірін жоғары, еденнен аяқтарын көтереді. Өз қарсыластарын көтерген топ жеңеді.

  1. Балабақшада кеңістікте бағдарлау қандай білім беру салаларында және қандай ҰОҚ жүзеге асырылады?

Кеңістікті бағдарлау денсаулық және коммуникация білім беру салаларында, дене шынықтыру және қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру ҰОҚ-де жүзеге асырылады

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет