Жұмбақ боп қалшы Адамды тұрар адам қып



Дата15.12.2021
өлшемі59,2 Kb.
#101525
Байланысты:
Әке мені кешір


Жұмбақ боп қалшы..

Адамды тұрар адам қып,

Ақжүректілік пен адалдық

Әке мені кешір....

Қоңыр күз. Тұла бойды тоңдырып қана қоймай, жүрекке көңілге мұң сыйлағандай. Дала суық әрі қараңғы, теңіз жағасы мүлдем өзгеше. Таңғы 7:00 шамасы. Ақтау қаласында дәл осындай ауа райды күтпеген Асылбек, сан алуан ойға шомылып, мектепке жол тартты. Асылбек 11 сынып оқушысы, сымбатты, қас қабағы қалың, бойы ұзын, нағыз ер азаматқа тән келбетті жігіт. Асылбектің ойы сан түрлі нәрсені бір ойлады. Біресе болашағына көз салса, арасында өткені өкініші өзегін өртеп барады. Тағдыры басқаларға қарағанда өзгеше, өмірдің тәтті жағын емес, керісінше, қиындықтар соңынан ілесіп келе жатырғандай. Бұл жәй ғана, Асылбектің ойы. Теңіздің толқыны мен және сол табиғаттың үнсіздігін естіп, жаяу келе жатқан болатын, Асылбектің, ойын бір нәрсе бұзбасқа болмады. Құдды Асылбекпен жарысып, бір нәрсе ілесіп келе жатқандай. Асылбек қорыққандығын білдіртпеуге барынша тырысқанымен, аяғының дірілдегінін байқамау мүмкін емес. Артына қарауғада батылы жетпей, байқамаған кейіпте жүре берді. Жоқ, бұл дыбыс бара-бара күрт асып, жақындап келе жатыр. Асылбектің қорқып сасып қалса, жіберіп қоятыны бар еді. Өте күлкілі естілетін шығар, бірақ, бұл Асылбектің жасырып жүрген ең басты құпиясы. Ішінен бұл әдетіне қатты ұялатын. Бар күшін жинап, артқа бұрылуға бел буды. Іштей “бір, екі, үш’ деп жәймен кері айналды. Жоқ, тек бұл емес, қалай білмегенмін сен екеніңді деп, күліп жіберді. Бұл Асылбектің досы Олжас екен. Орташа бойлы, ірі денелі сүйкімді келген жігіт.

-Ей, Қорқақ ! Бұның болмады, өз көлеңкеңнен қорыққандай болдыңғой, деп бір мысқылмен күліп жіберді.

- Жо-жоқ, мен қорықпадым. Білгендімін сен екеніңді.. Оны қойшы, сабаққа дайынсың ба ? деп тақырыпты өзгертіп жіберді де, іштей өзіне риза болмады. Көрінгеннің бәрінен қорқатын болғанмынба? Өз-өзімді қолға алмасам болмайды деген секілденіп, өзіне шабыт беріп қойды. Олжаспен әңгімелескеннен бәлкім, тым ұзақ көрінген жол қысқарып, ауа-райы да жылынғандай көрінді. Олжас Асылбекке қарағанда, суыққа шыдамайтын секілді. Күз болса да, қыс түскендей оранып алғаны6 Олжасты аса қызықтырмады. Олжастың әзілдеріне қарағанда, көздерінің жылт-жылт еткені күлкілі көрінетін. Осылай әзілдері жарасқан, екі дос мектепке келіп жетті.

Сиқырлы сезім

Сықырлап мектеп есігі ашылды. Сыртта тұрған күзетші ағаймен амандасып, ішке жүгірді. Осы күзетші ағай жайдарлы жан, қашан көрсеңде жүзінен күлкісі кетпейді. Неге екенін белгісіз, осы ағайды Олжас онша 0атты ұната бермейтін. Қоңырау соғуына аз қалды. “Қәне, кім бірінші?” деген Олжастың дауысынан, Асылбекте ойын қуған баладай жүгіре жөнелді. Не дегенмен Олжас алға шығып кетті. Қазір география сабағы болатын. Бұл Асылбектің сүйікті пәні. Жоқ, географияны сүйіп оқығандықтан емес, сол пәннен беретін Анар Саматқызына деген ыстық сезімі болатынды. Бұл сезім тек Асылбектің өзіне мәлім. Кабинеттің есігі ашылды, Асылбек бір орында қадалды да қалды. Асылбектің алдында ботадай мөлдір әрі мейірімді көздерімен 0ара5ан6 кіршіксіз ару тұрғандай көрінді. Шынында, Асылбек үшін одан асқан ару жоқ еді. Ұзын шаштарын құдды самал жел тарап шыққандай, бойы ұзын байсалды бойжеткен еді.


  • “Балалар, неге тұрып қалыңдар? Қәнекей, тезірек кіріңдер, қазір сабақ басталады”

Жоқ, бұл сөздерді Асылбек естіпте тұрған жоқ. Себебі, ішкі сезімінің бәрін көбелектер жаулап алғанды.

  • “Ей, тормоз! Неге тұрып қалдың? ” деп Олжас иығынан бір сілтемегенде, кім білсін.. Асылбек бұл көріністі тамашалап тұра берер ме еді?..

Қоңырау соғылды. У шу болып жатқан сынып, су сепкендей тыныштала қойды. Асылбек әлі де үн қатпады. Өйткені, сезімнің етегінде жүргенді.

  • Асылбек, Асылбек? Сұрағыма жауап бер?

  • Иә, Анара Саматқызы менде одан әрі жасыра алмаймын, Мен..

  • Асылбек, не санырақтап кеттің? Қазақстанның жасырған қазба байлықтары туралы білесің бе? Білесің бе, білмейсің бе? Білмесең отыр! Осы сәтте, Бауыржанда жағаласып сөйлеп қалмасы болды ма:

  • Төрт көз! Көздерің көп қой, кітаптан оқып жібермедің бе?

Сынып ду күліп жіберді. Бірінен бірі “соны айтам ” деп қоя берді. Сол кезде, Асылбекте есін жиғандай, ішінен “есіңді жина, саспа” деп қанат өзіне беріп қойды. Асылбектің байқауынша, Олжас мойнындағы шарфын әлі шешпеген.

  • Қалай отырсың? Олжас шешсеңші мойныңдағыны деп айтып үлгермейінше, Асылбектің қолын итеріп жіберді. Олжастың дәл мұндай қылығын алғаш рет көрді. Бірақ, Асылбекті Олжастың ерсі іс-әрекеті емес, мойнындағы қызыл дақ қызықтырды. Олжаста өз қылығынан ұялғандай:

  • Шешкім келмесе, ол өз еркім! Асылбек болды ойыныңды доғаршы болды.

Асылбектің қызыл дақ туралы сұрауға батылы жетпеді. Бірақ, сабақтың соңына дейін, Асылбекке қызыл дақ маза бермеді. Дәл мойнындағы ұзын құдды әдейіленіп сызылған қызыл сызық. Өзін қоярға жер таба алмай:

- Мүмкін қан емес пе? Деп те ойлады. Мүмкін, біздің жасөспірімдердің сәндігі шығар. Қой, дәл сондай секілді сән болса, мен білетін едім ғой.. деп өз ойымен өзі арпалысты. Бірақ, Олжасқа қарасаң, өміріне мәз. Біртүрлі кезеңде жүр деп айта алмайсың. Оны қойшы, сабақ қазір 5минуттан соң бітеді. Мен әлі, Анар Саматқызының нөмерін алып үлгермедім.

Сабақ бітті. Өзін қоярға жер таппай, аяқ қолы дірілдеп Анар Саматқызының қасына жақындады. Үстінен мұздай су құйғандай, тер тамшылап ақты да кетті. Көзі бақырайып, ойындағы сөздері сан жақа шашырап кетті.

- Анар Саматқызы, ке-кешірерсіз

- Иә, Асылбек айта бер. Қандай сұрағың бар?

- Ма, маған.. сіз..

- Иә, айта ғой мен?

- Маған сіздің сабақ жүргізгеніңіз ұнайды. (ішінен өз- өзіне “Ей, тормоз’ ) деді де қойды.

- Сіздерге ұнаса қуаныштымын!

- Жақсы, сау болыңыз!

Күтпеген өзгеріс

Мектепте ешкім жоқ, Асылбек үйіне қайтуға қамдалып жатыр:

-“Олжас қайда кетті? Бәрі тарап кетіпті, тек мектепте күзетші ағай қалыпты” Расында, мектепте ешкім қалмапты. Қараңғы болғаны соншалық, фонарик пен жүруге тура келеді. Бір жағынан қорқынышты, Асылбек саспауы қажет. Егер қорқынышқа салынып, қорқатын болса ескі әдетіне салынуы мүмкін. Осыны білген Асылбек, барынша тырысып өзін ұстауға тырысты. Астыңғы баспалдақтан төмен түсіп, сыртқа қарай беттелді. Кенет:

- Ей, балам не істеп жүрсің? Деген күзетші ағайдың дыбысы шығады.

- Ау, аға ? Үйге бара жатырмын, осы жанымда жүрген досым Олжасты көрмедіңіз бе? Сәл қобалжыған дауыспен:

- Ә,әә ол ма?.. Біраз, болды шығып кеткеніне. Иә, иә кетті ғой деймін.

- Жақсы, рақмет аға! Сау болыңыз !

- Үйге тезірек асыққаның жөн болар. Неде болса, қараңы ғой. Әйтпесе, біреу алып кетіп жүрер, деді де күліп жіберді...

- Иә, аға рақмет!

Асылбек жол бойы шексіз ойға шомылумен келді. Әдетте, қараңғыдан қорқып, дір-дір етіп әрең баратын. Бұл жолы Анар апайын ойлаумен емес, Олжастың мойынындағы қызыл дақты ойлаумен келді. Барынша жаман ойламауға тырысып, тек жақсылыққа жорығандай болды. Әне, міне дегенше, үйге келіп жетті. Үйдің алды, домофонның есігін ешкім ашар емес. Ішінен:

- Әкем, тағы да ішпесе екен, өйй ішкен шығар, ішпесе бірден алатын еді ғой..

1 інші этажда тұратындықтан, шырылдап жатырған қоңырау, Асылбектің өзіне естіліп жатырған болатын.

- Болды, хабарласпай тоқтатайын, бәлкім, Анам ұйықтап жатырған шығар. Енді, қандай мейірімді жан есікті ашады екен? Деп ойлаумен болды. Араға 5 минут салмай, көрші Әжей, Светлана ханым есікті ашты. Ішінен қатты қуанған Асылбек, сыртқа білдірмеді.

- Сәлеметсіз бе! Қалыңыз- қалай ?

- Амансың ба? Айналайын, үйде Әкең тағы да ішіп келді. Көршілеріміздің бәріне маза бермеді. Анаң сырқат білесің, қарайлап дәрісін бер. Әкеңді жөнге салып, ашуын бас.

Осы сөздерден кейін Асылбектің оттай жанған көздері сөнді де қалды. Тіпті, Әжейдің есік ашқанына ызалы болғандай болды. Үйге қайтуға деген құлшынысы да күрт түсіп кетті. Оны білдірмеген кейіпте:

- Иә, рақмет! Аман болыңыз! Деді де, ішке қарай жол тартты. Баспалдақтардан асығыс емес, жәймен қадам жасап, қуанышты сәттерін еске алып келе жатты. Әкесінің ішімдік ішпейтін сәттерін еске түсіріп, анасының жүзіндегі күлкісін еске түсіріп бір тұла тебіреніп кетті. Расында, Әкесі ішпегенде, анасы төсек тартып ауырып қалмайтын ба еді..

Үйге де келіп жетті. Есіктің сыртында бірер минут тұрды да, есіктің тұтқасын ұстап ішінен “бәрі жақсы болады’ деп үйіне бет алды. Әттең, оны бұрынғыдай бауырсақтың иісі, Анасы да алдынан жайдарлы мәз болып шықпайды. Әкесі де арғы бөлмеде бұрынғыдай “Кел балам, футбол ойнайық” деп те айтпады. Бәрі керісінше, әдеттегідей, арғы бөлмеде ішімдікке салынып әкесі отыр. Ал, анасы төсек тартып жәй ғана бар дауысымен:

- Балам келдің бе? Балам ренжімейтін шығарсың, кешегідей жұмыртқа дайындадым. Уәде беремін, ертең сүйікті тамағыңды дайындап беремін.

- Жоқ, Анашым, бәрі ойдағыдай. Бұл да жарайды..

Шынында, “ертең дайындап беремін” дегеніне бір жылдың шамасындай болып қалған. Кенет, Асылбектің жүрегі дір ете қалды. Өйткені, арғы бөлмеден:

-Әй, Сүмелек! Ақша барма? Берші қәне?!

- Әке, ақша жоқ. Кешкі ас жедіңіз бе?

- Ейй, сендерден қайыр болмады ау! Аналарың екеуің маған не бердіңдер?

Асылбек жауап ретінде, ештеңе айтпады. Себебі, сөз қайтарып қарсылық білдірсе, соңы не болатынын анық білген. Үстел үстіндегі тамағын алмақшы болып жатқан сәтте, әкесінің қалтасындағы пышаққа қолы түседі. Жәй ғана пышақ емес, қан қан болып жатырған пышақ. Еш ойланбастан:

- Әке, бұл не? Сізге бірдеңе болды ма пышақ неге қанталап жатыр?

- Иттің ғана баласы, не деп тұрсың маған? Көріп тұрғандай пышақ! Шаруаң қанша?

Асылбек тағы да үндемеді. Бұл үйде әрі қарай отыра алмайтындығын түсініп, сыртқа серуендеуге шықты. Сыртына жеңіл киініп жатырғанын сезгендей анасы:



  • Балам, жылы киіндің бе? Күн қазір салқын, өзіңе қарайлап жүр жарығым!

  • Иә, Анашым! Уайымдамаңыз .

Есіктің құлпын жәймен ашып, сыртқа шықты. Подьезде көршісі Дастанды кездестіреді. Аралары біршама жас, туған ағасындай іспеттес. Көңіліндегі бар мұңын, осы жанға айтатын.

- Сәлем, қалайсың?

- Сәлем, жақсымын. Қайда бара жатырсың?

- Әдеттегідей, жұмысқа бет алдым.

- Осы із кесуші болған қиын шығар иә?

- Айтпа, күдікті нәрсені біз бірден байқап, барынша білуге тырысамыз.

Әкесімен және Олжас пен болған оқиғаны айтуға батылы жетпеді.

- Не болды? Көп ойланып кеттің ғой? Бір нәрсе болып қалдыма?

- Әкемнің қалтасынан пышақты көрдім.

- Онда тұрған не бар? Жәй ғана пышақ қой.

- Жоқ, жәй ғана пышақ емес, Қан қан болып жатырды. Біреуді жарақаттады ма деп қорқамын..

- Сен не деп тұрсың? Неге маған бірден айтпадың а ? Бүгіннен бастап, маған көмектесетін боласың. Бұл істің мән жайын анықтау қажетпіз. Әкең ішімдікке салынып, қызу қанды адам болғандықтан тіке барып сұрай алмаймыз. Уақыт қажет.

Асылбек жауапқа тек басын изеді. Өйткені, туған әкесі болғандықтан қастандыққа қимайтын. Бірақ, Олжас туралы айтпады. Іште жасырып қалуды жөн санады. Дастан мен қоштасып, сыртқа шығуға жол тартты. Бірде, телефон шырылдайды:


  • Алло? Бұл кім екен?

  • Амансың ба? Мен Олжастың Анасымын. Олжас жаныңда ма? Жаныңда болса, үйге тез қайтшы деп ескертші.

Асылбек үнсіз қалды. Анасын уайымға салдырмайын деп:

  • Иә, қасымда. Жақсы жеткіземін сау болыңыз!

Тұтқа қойылды. Асылбектің көкейіне тағы да сұрақ келді. “Қайда жүр екен?’ Күзетші ағай, үйіне кетті деп еді ғой. Жоқ бұл болмайды. Мен шығып іздеп келейін, мүмкін, осы жақын маңда жүрген шығар.

Табамын деген ниетпен сыртқа жүгіріп шықты. Бірге серуендеген саябақтарын іздеді. Бірге футбол ойнаған алаңды да қарады мүлдем жоқ. Кенет, екеуінің құпия жері есіне түсіп, сол жақа қарай жол салды. Жолдың ұзақтығына қарамастан, барынша жүгіріп тез табуға тырысты. Әкесіне үұсайтын бір жанды көріп қалды. Қасына жақындаса, Әкесі екен..



  • Әке? Сіз мұнда не істеп жүрсіз?

Баласының дауысы естіп, әкесінің тұла бойы бір дір ете қалды. Әкесінің қолында тағы да пышақ. Бұл жолы тек пышақ қанталап жатырған жоқ, Әкесінің үстіндегі ала киімдері қызыл түске боялғандай.

- Әке! Не болып жатыр? Бұл не?

Түсініксіз кейіпке түскен түрімен:

- Балам, сен бұл жерде не істеп жүрсің? Көршінің тауығы жоғалып кеткен көрінеді. Соны қонақтың құрметіне, асқалы жатыр. Ей меен, сойдым сол тауықты.. ХЕ хе деп күліп жіберді.

Ештеңеге түсінбеседе, артық сұрақ қоюға қысылған Асылбек ішінен: “Көрші? Қайдағы тауық, бірақ айналада ешкім жоққой ” Қазір артық сұрақ қойса, әкесінің ызалатынын білгендіктен үнсіз қалды.

Ей балам, қанды көріп қорқып, жіберіп қойып жүрерсің. Үйге тез бар! Деп күліп жіберді. Әкесінің есі жоқ адамдай мәз болып, күліп тұрғанына күдікпен қарады. Жоқ, Асылбектің ең басты проблемасы бұл емес. Олжас емеспе еді? Анасы да қоңырау шалып жатыр, хабарласуына қарағанына үйіне әлі бармағаны белгілі. Асылбектің ойында, енді басты сары уайым осы болды. Осы, ойын Дастан бөліп жібермесе болды.



  • Алло? Асылбек не жаңалық?

  • Сәлем! Білмеймін басым айналып кетті. Әкем, көрші садақа бердім дей ме, білмеймін тіпті.. Үсті басы қан қан, ештеңе түсінер емеспін.

  • Алло, Асылбек ештеңе сұрама өзім барамын. Қазір күт!

Дастан жолда келе жатыр. Барлық мойнындағы істерді тастап, дереу осы істі қолға алды. Уақыт тым аз. Көп ұзамай айтқан жеріне де келіп жетті.

  • Не болды! Енді бәрін ештеңе жасырмай түсіндір.

  • Әкемді түсінбедім. Ас үйде қалтасынан пышақ көрдім, енді жаңа көргенімде, үсті басы ала -дүлей, қан қан! Есі ауысқан адамдай, күліп тұра қалды.

Осы сәтте Асылбектің телефонына Олжастың анасы хабарласты.

- Балам, Олжасты таптың ба? Бір жөніңді айтып отырсаңшы!

Түсінбеген кейіпте Дастан:

- Бұл кім? Неге маған айтпадың? Деп телефон тұтқасын бірден өзіне алды.

- Алло, Сәлеметсіз бе? Балаңыз жоғалып кетіп пе еді?

- Иә, бұл кім екен?

- Қорықпаңыз, мен із кесуші әрі тергеушімін Дастан, тікелей полиция қызметкерлерімен байланыстамын. Маған сеніңіз!

- Балам, амансыңба! Олжасым жарты тәуліктен асып бара жатыр, хабарсыз кетті. Мектептен үйге қарай беттелуі қажет еді.

- Иә, бәрі түсінікті рақмет! Жақын арада жақсы жаңалықпен қуантамын деген ойдамын!

- Ейййй, Асылбек! Неге маған айтпадың? Әлде өзім табамын деп ойладың ба? Болашақ заңгерсің білемін бірақ, бұл мүлдем басқа нәрсе.

- Иә, Анасын уайымға салдырғым келмеді. Қасымда деп өтірік айтуға мәжбүр болдым.

- Өй, бала.. ісің сенің шала... деп тұңғиық ойға батты. Осы жер сендердің құпия жерлерің ия?

Иә, дегенінше болған жоқ. Кенет, арғы жақтан бір әйелдің жан дауысымен айқайлағаны естілді. Тіпті соның дауысынан, тұла бойымыз тітіркендей көрінді. Ештеңе ойланбастан, Асылбек және Дастан бар жылдамдықтарын қосып жүгіріп барды. Дауыс подьезден шықты. Подьездге кірсе өте сасық иіс шығып тұр. 1 этаждық үй болғандықтан, ешкім тұрмаған. Асылбек іштей бір нәрсені сезгендей, Дастанның қолынан қысып ұстап алды. Айнала қараңғы, жәймен төмен түсіп келе жатыр. Кенет, Асылбектің аяғы бір нәрсеге шалынуы барма! Жүрегі сыртқа шығып кетердей, төмен қараса..

Жоқ! Жоқ!! Тек бұл емес! Көзі аспанға қарап, әйнек болып сызылған Олжастың бетін көреді. Олжастың мойны бір құлағынан, екінші құлағына дейін бауыздалған. Бір қарағанда ауызынан қан ағып жатырған Олжас, Асылбекке күліп қарап тұрғандай. Оны көрген Асылбек есі шығып айхайлап, еңіреп, дірілдеп кетті. Дастан, бұл нәрсеге қатты таң қалмады. Өйткені, оның жұмысының өзі осыдан тұратын. Асылбек сасқаннан жіберіп қойды. Ол ісіне ұялып тұрмағанды, себебі, досын осындай кейіпте көрем деп ойламаған. Асылбектің қасына үлкендер келіп, сабырға шақырды. Дастан, бұл мәселені тез шешуге кірісіп кетті. Асылбектің әкесінің айтқандарына дәлел іздей бастады. Сол маңдағы көршілердің бәрінен, тауық жайлы сұрады. Өкінішке орай, ешкім ештеңе де соймаған. Біріншіден, әкесі ішімдікке бой алдырғалы ешқандай көршімен сөйлеспейтін. Екіншіден, ешкім тауық соймаса, әкесінің үстіндегі не қан? Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері өлікті зерттеп, Олжастың өлер алдында зорланғанын айтты. Бұл жағдай туралы анасына айтқысы келмеді, бірақ, әттең, тоқтаусыз хабарласып жатыр. Дастан, істі соңына дейін апарып, кейін жеткіземін деп шешті. Сол жердегі тұрғындардың бәрінен ақпарат іздеді. Артық дыбыс естімедіңіздерма? Көршілеріңізге ұқсамайтын, бөтен адамды байқадыңыздарма?

Бәрінің берген жауабы бір. Дастан көп созбай, әкесін қолға алды.


  • Қайырлы кеш! Ержан Тимуров сіз Олжас Ғабитовтың ісі бойынша, соған қатысты қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде бізбен жүруіңізді өтінемін! Артық іс әрекет көрсеткен жағдайда, күш қолдануға тура келеді.

Әкесі ештеңе түсінер емес. Немесе өтірік сондай кейіпте тұрма? Бұл әзірше белгісіз. Үн түнсіз көлікке отырып, бөлімешеге жол тартты.

Түнгі 23:06. Іс әлі, қаралу үстінде.

- Сонымен, Ержан мырза! Бүгін өзіңізбен бірге болған пышаққа не айтасыз?

- А? Сендер қайдан білесіңдер?

- Балаңыздың арқасында, ол бізге ақпарат берді.

- Балам? Асылбекпе?

- Иә, оның бізге көмегі тиді. Пышағыңыз өзіңізді қорғау үшін болса, онда неге қызыл түске қанға бояулы болды?

- Айтпаса болмайын деп тұр. Ешкім білмесе екен, деп едім. Мен өмірден шаршағандықтан, іштей мұңға батып жүрмін. Сол себепті, өз өзімді өлімге итермеледім. Міне, сенбесеңіздер, ішімді қарап көріңіздер кескен болатынмын!

- Сіз не деп тұрсыз? Өлімі нес? Кімді ақымақ санап отырсыз? Біз қазір, сараптама істейін десек, пышақта қанның іздері жоқ. Сол себепті бұл мүмкін емес! Ал, жаңа ғана болған оқиғаға не айтасыз? Уақыт жоқ! Тез жауап беріңіз! Мойындасаңыз жазаңыз жеңілденеді, ойланыңыз!

- О, Тәңірім не айтып тұр мыналар? Қайдағы жаза? Мен мойындаймын тауық садақа жайлы не өтірік айттым..

- О, тамаша! Басынан кінәлі екееніңізді осылай мойындамадыңыз ба?

- Жоқ, мен кінәлімін деген жоқпын! Үйде біраз жылдар бойы ет жоқ. Қазақпыз ғой, ет болмаса қиынға соғады. Сол себепті, көршінің мысығын алып сойған едім. Осы қылығымды балама айтуға қатты ұялдым. Жедім, иә, мысықтың етін жедім! Ет ұрлап, ұрлық жасауға батылым жетпеді.

- Дастан күліп жіберді. Ержан мырза, бала емеспіз ғой, кімге ертегі айтқалы жатырсыз?

- Жоқ, рас айтамын. Не істеймін өлтіріп жазықсыз баланы? Ол тіпті баламның досы!

- Ержан Мырза! Сіз тек өлтіріп қана қоймай, зорлап тастағансыз! Яғни, бір оқпен екі қоянды атқанмен тең. Балаңыз үшін мойындаңыз, егер қиындық туғызбай мойындайтын болсаңыз, бұл қылмыс жаңалық беттеріне шықпайды! Өз арамызда қалады.

- Істемеген нәрсені мен қалай мойындаймын! Балам қайда? Асылбегім қайда? Ол бәрін дұрыс түсінбедә! Қателескен! Сенбесеңіздер, сол маңдағы көршілерден сұрап көріңіз, кімнің мысығы жоғалған екен?

- Рас болса, мысық ұрлағаныңыз үшін жазалануға дайын болып тұрғансыз ғой, деп күліп жіберді. Ержан, мырза, мен сізді білемін, өте жақсы едіңіз, енді ішімдікке салынып, ақылға сыймайтын іс-әрекеттеріңізден кейін күдіктенуге тура келеді. Асылбек, психологиялық тараптан қатты соққы алғандықтан, психологтардың жанында. Ол да сізді өлтірді деп ойлайды. Тіпті, баласының өзінен көретінене қатты қынжылды.

Дастан дереу, әріптестеріне қоңырау шалып, көршілерінен мысық туралы білуді тапсырды. Көп ұзамай, Ержан мырзаның айтқаныны рас екені анықталды. Бірақ, оны босата алмаймыз. Нағыз қылмыскер табылмағанша, абақтыда отырады. Сыртқы есік ашылып, Үсті-басы малмандай су-су Асылбек кіріп келді. Көңіл-күйі жоқ. Әрине, әкесі абақтыда отырса, кімнің кімнің көңіл-күйі болсын. Әкесіне басын бұрыпта қарамай, қасымызға келіп жайғасты.

- Әкең, абақтыда отыра тұрады. Қылмыскерді табу қажетпіз, егер қылмыскер табылмаса, барлық кінә айып, әкеңе келіп тіреліп тұр.

Бұл сөздерді есту Асылбек үшін ауыр болып тиген, ең қатты соққы еді. Дастан Асылбектен Олжас туралы сұрай бастады.

- Олжас, әзілдері күлкілі болмаса да, барынша күлдіртуге тырысады. Ақкөңіл жақсы дос.

- Одан қандай теріс әрекеттер байқадың?

- Ол жайдарлы жан. Ешкімге өкпесі жоқ. Жақсы жігіт. Жо жоқ тоқта, ол біздің мектеп күзетшісін аса қатты ұната бермейтін. Неге дейсіздер ме? Менде бұл сұраққа ойланып көрмеппін.

- Асылбек, егер бұл істі тез шешпейтін болсақ, Әкең кәмелет жасқа толмаған жасөспірімді өлтіру онымен қоса зорлау мақсатында бас бостандығынан айырылады.

Мүмкін емес

Олжастың Анасы хабарласып жатыр. Шындықты жеткізді. Осыны естігеннен кейін ауруханаға түсті. Мектепке шұғыл түрде келіп жетті. Сарапшы мамандармен Күзетші мен жолығуға бағытталды. Күзетші мырза орнында жоқ. Екінші этаэждан төмен түсіп келе жатыр екен. Қолында ара болды. Бізді көріп араны лақтырып жіберді.

- Ооо, не деген сымбатты жігіттер жиналып қалыпты.

- Мақсат Тамасов, әзілдеріңізді жылжытып қойыңыз. Біз полиция басқармасынан келіп тұрмыз. Есімім, Дастан Рахымов, қасымдағы көмекшім Руслан Сапаров. Ал, бұл Асылбекті өзіңі таитын шығарсыз.

- Иә танимын, ал, сендерді маған, қай желдің басы бұрып алып келді.?

- Бұл жерде бет перде тағудың қажеті жоқ. Не үшін келгенімізді бізден жақсы кедіп тұрсыз. Олжастың ісі бойынша жол бұрып келдік.

- Менің Олжастайыма не болды?

Осы сөз Асылбектің ызасына тиіп:



  • Не деп тұрсыз? Менің дегеніңіз не? Мен бұрын қалай байқамағанмын, сізге Олжастың өкпесі бар болптын. Мектептен шығып бара жатырғанда маған сіз “Үйіңе тез бар, біреу алып кетер” деген болатынсыз. Олжасты үйіне кетті деген болатынсыз. Осы сәтте, таңырқаған Дастан:

  • Күте тұр, үйіне кетті деді ма? Бірақ видео бақылау бойынша, Олжас мектептен шықпаған. Тоқта! Стоп! Мақсат тұтқында! Міне, қылмыскер.

  • Жігіттер ау, мен емеспін деймін. Мойындаймын, балалар тәтті келеді. Құдды, магнит секілді өздеріне баурап алатындары бар.

  • Бұл не не саңырақтап тұр? Есің дұрыс па? Балаларға көзі түсіп жүрген, аш адамның сөздері ғой мынау!

  • Иә, Дастан мен сенімен келісемін. Педофил секілді.. Қазір мен шкаф ты қарайын.

  • Не бар екен?

  • Күте тұр, так бұл не? Сүлгі бар, қанға шайылған сияқты.

  • О, дөп түстің жарайсың?! Зерттеп, сарапшылардан өткізу қажетпіз. Ертенге дейін Жедел!

Асылбек тағы да үнсіз қалды. Шынында, бұл жерде Асылбектің көмегінсіз ештеңе жүзеге аспайтын еді. Жарады... Кенет, Дастанның ұялы телефоны шырылдады.

- Алло?! Айта бер

-Біз қылмыскерден айырылдық. Ол өз өзіне қол жұмсады.

- Не! НЕ! Не деп тұрсың! Біз қазір барамыз.

Асылбекке ештеңе айтпай, бөлімшеге жол тартты. Жол бойы Асылбек, не болды деп сұраумен келді. Бөлімшеге келіп жетті. Ержан мырза өзіне қол жұмсағаны белгілі болды. Сонымен өзімен бірге, хат қалдырған. Асылбектің көздері қанталап кетті. Жазған хатын Асылбекке табыстады. Асылбек арғы бөлмеге кетіп, ашып оқыды:

Балам, бауыр етім Асылбегім! Анаң екеуің жүрегімнің бөлшегісіндер. Ішіп шегіп кетсемде үйден қумай, ауыр сөз айтпай жанымда болдыңдар. Сен де мені кінәлі деп ойлағаныңда қатты қынжылдым. Мүмкін, мен өзімді сондай адам қылып көрсетіп қойға шығармын. Балам ау, тамырым менің! Батырым менің! Ақымақ әкеңді кешір.. Сендерге пана бола алмады. Анаң қандай сабырлы жан деймін. Екеулерің менің періштемсіңдер! Қос қанаттарым бар менің. Олжас баламның өліміне қатысым жоқ. Естігенде таң қалдым. Жүрегім сыртқа шығып кетердей болды.Сорлы әкеңді соңғы рет, кешіріп қой. Бар байлығым сендер екенін түсінбедім. Бар тілегім, бекен болып, Анаңа қарайла! Жалғыз тастама! бауыр етім, жалғыз құлыным! Мен сенімен мақтанамын! Махаббатпен Әкең..

Осы сәтте, бөлімшедегінің бәрі жылап жіберді. Асылбек көзіне жас алып, ештеңе айтпастан, қол аяқтары дірілдеп үйіне қайтты. Көп ұзамай, сүлгідегі қан Олжастың қаны екені белгілі болды.. Дастан өзін қоярға жер таппады. Не айтарын білмей:

-Қылмыскерді абақтыға тастаңдар, Ал Олжастың анасына ертен өзім кіріп шығамын. Асылбектің отбасына ақшалай қаржы көмек дайындаңдар. Не болса да, жақсы іс атқардыңдар жарадыңдар..

Осылай, Қылмыскер мәңгілік бас бостандығынан айырылып, Олжастың анасы мен Асылбектің бірге тұруды шешті. Яғни, қазіргі таңда бір отбасы. Асылбек, өзі қалаған жоғары оқу орнына түсті. Өкініш өзегін өртеп бара жатырса да, аналары үшін жеңілмеу үшін жанын салып келеді.

Сайынова Нұрдана



\

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет