Сабақ тақырыбы: Диктант Сабақтың мақсаты: оқушының есте сақтау қабілетін дамыту, ойлау қабілетін дамыту



Дата20.01.2020
өлшемі16,64 Kb.
#56172
түріСабақ
Байланысты:
11 сынып диктант



Күні: Қазақ тілі. 11 - сынып


Сабақ тақырыбы: Диктант

Сабақтың мақсаты: оқушының есте сақтау қабілетін дамыту, ойлау қабілетін дамыту.

Білімділік: мәтіннің мазмұнымен жұмыс.

Тәрбиелік: адамгершілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: диктантар жинағы.

Сабақ түpi: бақылау жұмысы

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақ

ІІІ. Үй жұмысы

Диктант.

«Сүйінші»

Жас нәрестенің, әсіресе ұл баланың өмірге келуі отбасы мүшелеріне, әке мен атасына, нағашы жұртына үлкен қуаныш әкелген. Әкесі мен атасы үй ішін асырау қамымен мал соңында немесе аңда жүргенде жас нәресте дүниеге келсе, қуанышты хабарды тез жеткізу үшін ат ерттеп мініп, түзде жүрген атаның немесе әкенің алдынан шығып, сүйінші сұрайтын болған.

Сүйіншіге хабаршы не сұраса, соны берген. Ол, біріншіден, арнайы ат терлетіп қуанышты хабар әкелушінің еңбегін бағалау болса, екіншіден, жақындықтың белгісі болып саналған. Тіпті үстіндегі киімін, сауыт-сайманын, астындағы атын да сүйінші сұраушыға сыйға тартқан мырзалар өмірде кездеседі. Мұндай салт-дәстүр көбінесе бала көрмей жүріп, ұл бала туғанда соның құрметіне жасалған. (96сөз)

Грамматикалық тапсырмалар

Төмендегі сөздерді тәуелдеу.

(Отбасы , қуаныш).



ІІІ. Үй тапсырмасы:ережелерді қайталау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет