Сабақ жоспары Тақырыбы: "Тіл мен жазу, ежелгі жазба ескерткіштері" Түрі: Жаңа сабақ



Дата21.07.2017
өлшемі61,04 Kb.
түріСабақ
"Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

Тимофеев орта мектебі" ММ



(10 сыныпқа арналған)

Тақырыбы: "Тіл мен жазу, ежелгі жазба ескерткіштері"


Мұғалім: Альмуханов А.К.

Тимофеев селосы 2015-2016 оқу жылы

10 сынып Қазақстан тарихы Сабақ жоспары



Тақырыбы: "Тіл мен жазу, ежелгі жазба ескерткіштері"

Түрі: Жаңа сабақ

Көрнекіліктер: Карта, таратпа материалдар

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу, реттеу, сабаққа көңілдерін ауытқу, жаңа сабақ тақырыбын хабарлау, үй тапсырмасын тексеру, жаңа тақырып бойынша жұмыс жасау, сабақты қорытындылау, бағалау, үйге тапсырма беру

Үй тапсырмасын тексеру: "Қазақстан аумағындағы ислам дінінің таралуы"

1-тапсырма: Сызбаны толтырыңдар




Қандай оқиғалар болды?

Исламдану үрдісі 8-9 ғғ жүрді
Қазақстан аумағындағы ислам діні


8ғ. Қарлұқтар ислам дінін қабылдады

10 ғ. ең алғашқылар болып қараханидтер ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады

Христиан церковтер мешіттерге айналды

ІХ-Х ғғ. 2-ші жартысынан бастап мұсылмандық жерлеу салттары үстем етті

2-тапсырма: Бос торларды толтырыңдар




Ислам дінінің келуіне байланысты дүниетанымда болған өзгерістер






Мұсылмандық этика, мәдениеттің таралуы




Мұсылмандықтың жергілікті халықтың әдет-ғұрпына икемделіп, сіңісуі


Жаңа тақырып мазмұны:

Мемлекеттердің дамуымен, экономиканың өркендеуіменен жазу өнерінің маңызы да жоғарлады. Түріктерде жазу өнерінің болғандығы туралы алғаш болып Византия тарихшысы Менандр Протектор дәлелдеген. Өзінің жазбаларында ол Император І Юстинианның түрік елшісі Манияхты қабылдағанын атап кетеді.

VІғ. 2-ші жартысынан түріктерде жазудың болғандығын қытай деректерінен де кездестіруге болады.

Солтүстік Монғолияның Орхон, Толы, Селенгі өзендері бойынан ежелгі түрік жазбалары бар Білге-қаған, Күл-Тегін, Тоныкөк ескерткіштері табылған.

Ағаш таяқшаға ойылған руникалық жұмбақ жазбалары бар ежелгі түрік ескерткіштері 1932 ж. Жамбыл облысындағы Талас алқабынан да табылған. С.Е. Малов, А.Е.Щербак, Х.Н.Оркун таяқшалардағы жазуды түркі руникалық таңбаларымен ұқсастығын көрсетіп, көне түркі тілінде оқып көрді.

Есік жазба ескерткіші- сақ дәуірінен қалған жазба ескерткіш (бзд 4-5 ғғ.) Жұмбақ жазуы бар күміс тостаған табылған. Оның сырт жағында 26 руна тәріздес таңбалар ойылып жазылған.

Могоилян жазба ескерткіші- 7ғ. соңында Орхон өз бойында табылған көне түркі ескерткіші. Ескерткіш Құтлуғ қағанның баласы Могоиляннға арналған. Мәтінін жазған Иолығ тегін. Жызуда Могоилянның, Күлтегіннің, Тоныкөктің жорықтары баяндалған.

Мойынчур (Ұйғыр мем. ханы)ескерткіші- Орхон-Енесей көне жазуымен 759ж жазылған.1909 ж неміс ғалымы Г.И.Рамстедт тапқан.

Қазақстанда VІ-Х ғғ. түрік жазбасымен қатар соғды, сирия және ұйғыр алфавиттері де қолданылды.

Алғаш болып түрік жазбалары бар ескерткіштерді Енесей бойынан ХVІІІ ғ. 20 жж. ғалымдар Д.Миссершмидт пен Ф.Страленбергтер тапты. Скандинавия жазбасына ұқсағандықтан руна жазбасы деп атады.

Алғаш болып түрік жазбалары бар ескерткіштерді 1889 ж. Н.М.Ядринцев Орхон өз. бойынан тапты.

Академика В.В.Радлов 1894 жылдың қаңтарында көне түркі тілінді жазылған Күлтегін ескерткішіндегі руникалық жазудың тұңғыш аудармасын берді.

Руна жазуын алғаш зерттеген Дат ғалымы Вильгелм Томсен 1893 ж.



3-тапсырма: Тірек сызба бойынша талдау жасандар

Тайпалар туралы жазба деректер



Деректер тізімі

Көне парсы деректері


Авторы

Еңбегі

Мазмұны

Заратуштра б.з.д. ІХ ғ.

«Кәрі түйеші»

Ахура Мазда құдайына арналған Авеста кітабы

Көшпелі тайпалар: турлар, сайрим, дахтар туралы, Күн Құдайына табынады


Деректер тізімі

көне грек деректері

Авторы

Еңбегі

Мазмұны

Кіші Азиядағы Галикарнас қаласынан шыққан Геродот б.з.д. 5 ғ.

Геродот

Сақтар- Азиялы скифтер, сарматтар, массагеттер, аргиппейлер, исседондар

Географ әрі тарихшы Страбон б.з.д. 64-23 жж.

География

Каспийдің шығысына қарай тұратын массагеттер, сақтар және скифтер туралы мәліметтер



Авторы

Еңбегі

Мазмұны

Император У-Ди жіберген Қытай елшісі Чжан Цянь

Батыс өңір

Батыстағы сақ, үйсін, ғұн тайпалы туралы

Бань Гу б.з.д. 1 ғ.

Ежелгі Хань тарихы,

Батыс өлке туралы



Үйсін, қаңлы, сюнну, давань иеліктері туралы, үйсін билеушісі-гуньмо, астанасы-Чигучен туралы мәліметтер

Император У-Дидің басты жылнамашысы Сыма Цань б.з.д. 146-86

Тарихи жазбалар

Сюнну туралы хикая,

Давань туралы хикая


Ғұндар туралы, Скифтер туралы



Деректер тізімі

Қытай жазбалары



Деректер тізімі

Қытай деректерін зерттеген орыс ғалымдарының мәліметтері

Авторы

Еңбегі

Мазмұны

И.Я.Бичурин

В.С.Таскин,

Н.В.Кюнер

Л.Н.Гумелев



Орталық Азияны мекендеген ежелгі дәуірде мекендеген халықтар туралы

Орталық Азияны мекендеген ежелгі дәуірде мекендеген халықтар туралы мәліметтер келтірді


Сабақтың соңы:

  • Қорытындылау, бағалау, үйге тапсырма беру.

Каталог: uploads -> doc -> 0716
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0716 -> Өмірбаянымен, шығармашылығымен танысу. «О,Ақтан жас, Ақтан жас!»
0716 -> Қазақстан – менің Отаным


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу