Сабақ атауы Диктант «Шытырманда»



Дата28.06.2017
өлшемі38,94 Kb.
түріСабақ

Күні:

11-сынып Қазақ тілі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жабагиева Еркежанның қысқа мерзімді жоспары

Сабақ атауы

Диктант « Шытырманда  »

Жалпы мақсаттар

Өтілген тақырып бойынша сауаттылығын бағалау.

Алған білімдерін өз бетінше пайдалана алуға үйрету.



Оқыту нәтижелері

Оқушылар өз белсенділігін көрсетуге тырысады;

теориялық білімдерін практикада тиімді пайдалануға үйренеді; ситуациядан шығу жолдарын бірлесе ойланады, күнделікті өмірде қимас адамдар болатынын біледі, сөйлемге жүйелі талдау жасауға ұмтылады.



Негізгі идеялар

Диктант- сауаттылықты тексеру жұмысы, оқушылар жұмыстарының қалай бағаланатын біледі.

Мәтіннің жазылу стиліне назар аударту, Ахмет Байтұрсынов мақалалары жайлы мәлімет білгізу, жазушы стиліне жалпылама талдау жасау.



Дереккөздер, сілтемелер

«Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы»

Алматы «Жеті Жарғы» 2003 жыл

Қызығушылығын ояту

Еркін әңгімелесу.

Абай кім?

Абайдың аудармалары туралы?

Ұлы Абайдың қандай өлеңдерін білесің?



Өтілген ережелер бойынша сұрақтар, диктант мақсатымен таныстыру, бағалау критерийлерін бірігіп жасау.

Мәтінге кіріспе сұрақтар беру.



Мағынаны тану


Шытырманда 
Қарашоқыны бөктерлеп, Аймаңдай аттың жол жорғасымен жүріп отырып, Абай: 
- Шыңғыстың бөктері тегіс көктепті-ау!-деп айналаға көз жіберіп келе жатты. 
Аласа, ал күрең бетеге даланы да, бөктер, беткейді де тегіс көгертіп, жасарта бастаған. Бірақ аспан ашық емес. 
- Жалғыз-ақ осы бір суық жел мен бұлт айықпайды екен!-деді. 
Екі-үш күннен бері бұл өңірде күн бұлыңғыр болған. Және қыстың соңғы салқын тынысы сияқтанып бір суық жел білінуші еді. 
Е, сәуір жаңа туды ғой. Сәуірдің басы осылай бұлтты суық болатын әдеті ғой!-деп, Қарабас қыстыгүні қар болатынын айтқандай, мерзім айтты. 
- Неге? Сәуір қыстың айы емес! Жаздың айы емес пе? Жылда бүйтеді деймісің? 
- Жылда сүйтеді. Сәуірді осы жұлдыөша не дейді? 
- Апрель дейді. 
- Ендеше сол апрелің осы. «Сәуір болмай, тәуір болмас» деп, бұрынғылар текке айтпаған. Сәуірдің басындағы суық бітпей, жаз шықпайды дегені,-деп, Қарабас Абайға ай-айдың мәнін айта бастады. 
Бұл жөнінде Қарабас атшабарда Абай сезбей жүрген көп білім бар екен. Сәуір-бұл айдың арапша аты. Қазақша-мамыр. Одан соң маусым... Абай қазақша ай атының бәрін сұрап, қайта-қайта қайырып жаттап алды. 
Бірақ сәуір турасындағы жаңағы сөзді алғаш есіткені осы еді. Жазға салымның ең жайсыз кезін әнеугүні әжесі «отамалы» деп атап еді. 
- Осы «отамалы» немене? Не деген сөз еді?- деп, Абай соны сұрады. 
- Отамалы көкек айының он бірінде кіріп, он жетісінде шығады. Желсіз, борансыз өтпейді. Қыстың ең соңғы зәрі 
сонда. Отамалы деп атанғаны бір байдың Отамалы деген қойшысы болған екен. Сол бақыр күн қайырады екен-ау! Көкектің суығы басталған уақытта, әлгі қойды жайылысқа шығармайық, боран болады. Қойдың қыстан титықтап шыққан кезі малыңнан айырыласың десе, байы бір діні қатты кәпір екен. Сен тығыршылық қып алдап отырсың деп, Отамалыны сабап-сабап қойды жайылысқа шығартады. Сол күні, құдай көрсетпесін, бір қатты боран басталып, тақ үш күн, үш түн соғысып, бар қой ығып кетіп қырылыпты да, қойдан қалмаймын деп, Отамалы бақыр да, үсіп өліпті. Көкектің суығы- «отамалы» атанғаны содан дейді. Әжең соны біледі ғой,-деді Қарабас. 
(М.Әуезов. "Абай жолы"романынан үзінді, 303 сөз)


Қосымша тапсырмалар:

Сен тығыршылық қып алдап отырсың деп, Отамалыны сабап-сабап қойды жайылысқа шығартады. Сол күні, құдай көрсетпесін, бір қатты боран басталып, тақ үш күн, үш түн соғысып, бар қой ығып кетіп қырылыпты да, қойдан қалмаймын деп, Отамалы бақыр да, үсіп өліпті. Көкектің суығы- «отамалы» атанғаны содан дейді. Әжең соны біледі ғой,-деді Қарабас. . 

Сөз құрамына, сөйлем мүшесіне талдау.

Ой толғаныс

Қайталап оқу, тексеру, тыныс белгілерін қою.

«Әдебиет танытқыш» кітабынан 10 сөйлемге синтаксистік талдау.



Бағалау

Суммативті бағалау

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу