Онкологиялық паллиативтік науқастарға үй жағдайында жәрдем ұйымдастыру, күту Қазіргі кезде паллиативтік көмектің 80% үйде көрсетіледі . Онкологиялық аурулар көп болғандықтан, кез келген медициналық қызметкер науқастың күтімін білуі қажет. Медициналық қызметкерлердің мақсаты – науқастың өмірін ұзартуға септігін тигізу.
Мейірбикелердің негізгі міндеттеріне мыналар жатады.
Науқастың жағдайын бақылауды қолға алу.
Науқастың жағдайы қалыпты болса, үйіне жіберіп ,жағдайын мобильдік топ арқылы біліп отыру.
Емдеу кезінде жағдайын қадағалап , дәрігерге ақпарат беріп отыру
Қатты ауырсыну кезінде, алдын ала дәрі –дәрмегін салып отыру. Тиімді тамақтануын қадағалау және су ішуін қадағалау. Қатерлі ісікпен ауыратын науқастар тамақты аз ішеді, сондықтан науқасты тмақтандырар алдында, науқастың ыңғайына қарау керек. Ешқашан науқасты күштеп тамақтандырмау керек. Тамақтандыру алдында бөлмені желдетіп алған дұрыс, бөлмеде артық иіс болмау керек. Тамақты науқастың қалауы бойынша аздан беріп отыру, ас ішкен сайын аздап су беріп отыру қажет. Тамақ іше алмаса, калориясы көп шырын, көкөністер, жидек түрлерін ұсынуға болады. Тамақтанған сайын дымқыл сүлгімен ауызын сүртіп отыру керек. Жатып қалған науқастарға алдын ала көмек шараларын жүргізу.
Науқасқа қолайлы ыңғайлы жағдай жасау. Көмек көрсете отырып, науқастың туыстарымен жақындасып, қиындық кезде оларға да психологиялық көмек көрсетіп отыру. Науқас өлімнен қорықпайды, ол қиналып ұзақ жатудан, ауырсынудың азабынан қорқады. Өлейін деп жатқан науқасқа жақсы білімді көмек көрстуден басқа, сыйластық, түсіністік, шындық қажет. Қиын жағдайда науқаспен оның туғандарымен сөйлесу қиын болады, мысалы науқас ауыруы асқынып жатыр,емге көнбейді, химия терапияны тоқтату керек деп айту, өлімге дайын болу керек деп айту, медицина қызметкеріне өте қиын. Науқастармен кездесетін әр түрлі факторлар болады, қорқыныш, эмоция көптігі, медицина қызметкерлеріндегі қорқыныш, науқаспен сөйлескенде сұраққа жауап таба алмай қалу, этика деонтология жағынан білімнің аздығы, өзін кінәлі санау, жұмысын дұрыс білмеуі сияқты. Онкологиялық ауру емделмейтін болғандықтан, жанұясына да үлкен салмақ қиындық тудырады, ол қиындықты бірлікпен жеңе алады.
Ауыр науқастарға күтім жасау үшін оның айналасына қолайлы жағдай жасау керек. Науқас пен оның туыстарымен сөйлесіп келісіп, жеке жарық бөлмеге жатқызу керек. Онкологиялық паллиативтік науқастар емнің соңғы сатысында өте ашушаң болады. Оның себептері түсінікті – өлім алдындағы қорқыныш пен өз ауруына ештеңе істей алмағандықтан болатын ауырсынуларға төтеп бере алмағандықтан . Науқас жатқан бөлімге көп адамдарды шақырмау, артық кісі кіргізбегені дұрыс. Отбасы мүшелеріне науқастың жағдайы туралы айтып , оларға сабырлық сақтап, көмек көрсетуін түсіндіру қажет.
Науқас жатқан бөлмені таза ұстауға тырысу қажет, күнделікті жинау, бөлмені желдетіп отырған дұрыс.
Төсек тартып жатқан науқасқа көп көңіл бөлу керек, күнделікті дене тазалығын тексеру қажет. Барлық медициналық көмекті науқаспен келісіп, жүргізу, егер науқас өз бетімен істей алса, өзі істеуіне қарсылық білдірмеу.
Ойылудың алдын алып болдырмау.Әр екі сағат сайын науқастың жатқан төсегін қарап, жатқан күйін ауыстыру қажет.Киімі мен төсек жайын бақылап отыру. Төсек орыны құрғақ және таза тегіс болуы керек. Жазда аптасына екі рет ауыстырып, қыста аптасына бір рет ауыстырса жарайды. Күн ыстық болған кезде ваннаға түсіруді ұмытпау. Дене күтімінде қызарған жерлері болса, қызарған жерлерге «Солкосерил» гелін жағып отыру.