Паллиативті көмекті кімдер қажет етеді


Паллиативті көмекті дамытудағы қиындықтар және перспективалық шешімдер мен негізгі мәселелер



бет3/5
Дата12.03.2023
өлшемі35,81 Kb.
#171984
1   2   3   4   5
Байланысты:
плиа

Паллиативті көмекті дамытудағы қиындықтар және перспективалық шешімдер мен негізгі мәселелер
Қазақстанда бүгінде: 
1. опиоидтерге шектеулі қол жетімділік және жеткіліксіз емдеу.
2. оқытылған қызметкердің (медициналық емес мамандарды қоса алғанда) жетіспеушілігі . 
3. паллиативтік көмек көрсету хоспистерінің төсек-орындарының шектеулі саны және үйде көрсетілетін көмектер мен амбулаториялық көрсетілетін көмектердің даму деңгейінің төмендігі.
Біздің елде ауырсынуды басу үшін опиоидты анальгетиктердің болуы, бұл есірткі анальгетиктерінің қажеттілігін бағалаудың ескірген әдісін қолданудан туындайды.
Бүгінгі таңда ауырсынуды басу үшін қолданылатын есірткілі анальгетиктер ескірген әдіс болып табылатындықтан, қазіргі кезде опилидты аналгетиктерді тенгізу қажеттігі туындап тұр. Қазақстан медициналық ғылыми мақсаттар үшін опиоидтарды тұтыну деңгейі төмен елдердің қатарына кіреді. Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетте елдің опиоидтарға квотасын ұлғайту қажет. 
Қазақстанда науқастар ауырсынуын басу үшін , тіркелген опиоидты анальгетиктерді қолдану әдістері
Морфин - 1 %иньекцияға арналған.
Тримепередин – 1 % , 2 % иньекцияға арналған.
Трамадол иньекцияға арналған ерітінді 100 мг /2 мл, 50 мг /5 проц, ішуге арналған ерітінді 100 мг /1 мл, тамшы 1000 мг/10 мл, үлбірлі қабықшасы бар таблетка 50 мг, таблеткалар үлбірлі қабықшасы бар 100 мг, 150 мг, 200 мг, капсула түрі 50 мг, тік ішекке салатын суппозиторий түрі 100мг. Осы науқастарға арналған дәрі дәрмекті мейірбикелер салады . Опиоидтің түрлері.
Фентанил –мг халықтың жан басына шаққанда 0,0110 мг, морфин экваленті мг халықтың жан басына шаққанда -0,9185.
Морфин мг халықтың жан басына шаққанда 0,2479 мг, морфин экваленті мг халықтың жан басына шаққанда -0,2479.
Тағы басқа түрлері бар –гидроморфин, петидин, метадон.
Дәрілік заттардың ұлттық тізіміндегі күшті анальгетиктер тізімі тиімді емдеуді шектеуде көптеген қиындықтар болады. Қатты ауыруды жеңілдету үшін ДСҰ ұсынған нысандар Қазақстанда қол жетімді, қол жетімді дәрі-дәрмектердің тізімі негізінен әлсіреген науқастардың азабын жеңілдетуге көмегі тиеді.
2015 жылы кем дегенде екі шетелдік фармакологиялық компания опиоидтардың кестелік формаларын тіркеу процесін бастады, бірақ жергілікті өндірушілер арзан морфин таблеткаларын өндіруді бастауға қолдау көрсетті, бұл бақылау органдарының көптеген тексерулерінің қауіптілігін тежейді. Қазақстанда опиоидты анальгетиктерді беру және кәдеге жарату нұсқамаларын сақтауды тасымалдауды лицензиялаудың тым қатаң рәсімдері қолданылады. Қазақстанда науқастарға тағайындалатын опиоидты анальгетиктерді тегін алуға болады, алайда дәріханалар мен денсаулық сақтау ұйымдарында, аз ғана бөлігі лицензиясы бар орталықтар мұндай қызметті қолдауға дайын. 
Опиоидтерді тағайындауға уәкілетті медициналық мамандардың тізімі шектеулі. Онкологиялық науқастардың ауырсынуын тиісті түрде жеңілдету үшін қолданатын препаратты шығаруға шектеу беріліп, қадағалау жасалады, әлеуметтік нысандар бас дәрігердің қолы қойылған және қолданылған ампулаларды кейін тапсыру талап етіледі. Шалғай аймақтардағы науқастар үшін опиоидты анальгетиктерді алу үлкен қиындық туғызады. Есірткі опиоидтарын жоюдың негізгі, ережелері мен ескірген әдістерін алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені негізге ала отырып, қайта қарау қажет [34].
Дамыған елдерде және табысы төмен елдерде морфиннің орташа дозасы бір науқасқа күніне/60-75 мг құраса, қазақстанда орташа тәуліктік доза 30-40 мг аспайды. Бұл проблема опиоидты препараттарды қабылдау және тәжірибешілер арасында ауырсынуды жеңілдету туралы білімнің жетіспейтіндігін көрсетеді.
Опиоидты препараттардан қорқу дәрігерлер арасында кең таралған, олар көбінесе тәуелділік пен төзімділік арасындағы айырмашылықты елемейді және ауырсынуды жеңілдетуде тиімсіз төмен әсері бар дәрілерді тағайындауға бейім. Опиоидты емес анальгетиктерде ауырсынудың сақталуында әлсіз опиоидтарды қолдануға болады. Оларды антидепрессанттар (амитриптилин), транквилизаторлармен (феназепам) қолдануға болады. Созылмалы ауырсынулармен, ұйқысыздық бар науқастарға алдын ала феназепамды изотоникалық натрий хлор ерітіндісімен 10 рет араластырып, тамыр ішіне баяу құяды. Жеңіл опиоид ретінде трамадол тағайындайды. Ауыз арқылы, тамыр ішіне, бұлшық ет ішіне, тік ішекке енгізуде тиімді болып келеді. Шығару формасы: 50г капсула, 50г/1,0л ерітінді, 10г тік ішек суппозиторий, ұзақ әсерлі дәрілер 100, 150, 200г. Назар аудару.Ұсақ әсерлі препараттың мөлшері өте жоғары болып, қабығының ерекшелігіне қарай, олар ұзақ уақыт шығады. Мұндай дәріні үгітпей, мөлшерден тыс болдырмау үшін, дәріні тұтас жұту керек. Тәулігіне 1-2 рет қабылдайды.
Тәуліктік жоғары мөлшері: 
Трамадол 50 мг 8 рет, амитриптилин 50 мг 4 рет немесе 2 проц ерітіндіні 2 мл, бұлшық етке болмаса тамыфрға құюға болады, феназепам 10 мг қолданады. Қатты ауырсыну болған кезде ғана морфинді қолдануға береді. Тері арқылы дәрі дәрмектерді теріге енуіне тиімді, кейде дәріні құюдың жалғыз жолы болып табылады. Трансдерманальдық терапиялық жүйе, дәрі дәрмек препараты және ауырсынуды басатын пластырь болып табылады. ТТЖ жетістіктері, инвазиялық емес енгізу жолы, мөлшер тәртібінің ыңғайы, қанға препараттың үнемі құрамын қамтамасыз ету, есірткі қауіпсіздігімен қамтамасыз ету, препараттың бауырда сүзілмеуі, дәрілер зардабынан құсу, медициналық қызметкерлер ауыртпашылықтарын азайту. Ауырсынуды басатын Дюрогезик деген бес бұрышты, мөлдір төрт қабаттан тұратын пластырь бар, мембрана мен фентанил резервуармен бекітілген, фентанилді жіберген кезде жылдамдықты бақылауы, қолданылғанда алып тастайтын силикон қорғаныш беті бар. Бұл пластырьдің жетілген түрі матрикс 2007 жылы тіркелген. Онда бақылаушы мембрана мен фентанилді резервуарға қосып, оның қауіпсіздігін жоғарылатады, сонымен бірге білінбейтін икемді болады. Дюрогезик мөлшердің үш нұсқауымен берілген: 25, 50, 75 мкг/с, Дюрогезик МАТРИКС тің бес нұсқасы бар: 12, 5, 25,100 мкг/с.
ТТЖ арқылы бекітілген пластырь Фентавераны 50мкг/сағ қорабынан алып, теріні спиртпен сүртіп, құрғатып терінің қызармаған және шаштары жоқ жеріне жабыстыру қажет. Жабыстырған соң фентанил әсері қан құрамында біртіндеп жоғарылайды, жиырма төрт сағат өткеннен кейін жоғары шетіне жетеді, жабысып тұру уақыты 72 сағат. Уақыты 72 сағаттан соң ескісі алынып, орынына жаңасын жапсырамыз. Жабыстырғанда орынын ауыстырып тұрған жөн . Қатты опиоидты қабылдамаған науқастардың фентанил салу алғашқы мөлшері – 25 ,12,5 мкг/с Оның тиімділігін 24 сағаттан соң анықтаймыз, бұл уақыт ішінде алдыңғы ауырсынуды басатын дәрінің әсері төмендей бастайды. Егерде салынған дәрі ауырсынуды баспаса, онда көп мөлшермен фентанил бар пластырьді 72 сағатан кейін жапсырамыз. Дюрогезик пластырін пайдаланған кезде, әр түрлі шағымдар болады, мысалы 5-10 күн аралығында жүрек айнуы, құсуы, гормональді өзгерістер болады, іш қатуы, терісінде пластырь жапсырған жерлерінде қызарулар болады. Қызарып кеткеннің өзінде фенистил деген гель бар, соны жағып емдеу керек. Европалық онкологиялық клиникаларында морфин мен фентанилді бір реттік мөлшермен қарастырылмаған, жоғары мөлшеде қолдану үшін науқастың денсаулығының көтеруіне қарай анықтап береді [28].
Көптеген мәселелер 2015 жылы Астанада өткен "Паллиативтік көмек - өмірдің жаңа сапасы" конференциясында және "Қолжетімді опиоидтер - әркімнің құқығы" дөңгелек үстелінде талқыланды, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігін, ішкі істер министрлігін, есірткі бизнесіне қарсы күрес қызметкерлері және есірткі айналымын бақылау жасайтын комитет өкілдерін, парламент мүшелерін, халықаралық сарапшыларды, онколог дәрігерлерді жинады. Опиоидтарға қол жеткізудегі кедергілерді жою оның жолдарын табу және қазақстандағы науқастардың ауырсынуын тиісінше жеңілдету мақсатында жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Барлық қатысушылар қол қойған, дөңгелек үстел шешімі нормативтік актілерге көптеген өзгерістер енгізуді ұсынды және жақында опиоидтар туралы жаңа әкімшілік бұйрық шығарады деп күтілуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет